Сүннет жолы – үмбет жолы
Ислам дінінің негізін Құран мен сүннет құрайды десек, еңбекте «сүннет» сөзіне анықтама беруден бастап, сүннеттің түрлері, сүннеттің Құран мен хадистердегі орны, сүннетті ұстануда сахабалардың көрсеткен мұқияттылығы, жұмсаған қажыр-қайраты, риуаяттардағы қырағылық, хадистердің қалай сақталғаны, бүгінгі күнге қалай жеткені, хадистердегі ғылыми шындық, «мәуду» хадистерге талдама т.б. осы саладағы өзекті тақырыптар сөз болады.
Ғылыми негізде түсіндірілетін еңбек хадис саласына қызығатын барша оқырман қауымға арналған.