Белгілі ғалым Фетхуллаһ Гүленнің бұл кітабында ғаламдағы тылсым күштер, метафизикалық әлемнің аса өзекті бір саласын құрайтын рух мәселесі сөз болады. Еңбекте рухтың бар екені түрлі ғылым салаларының методологиясы, ғылыми тәжірибелер және көпшілік тарапынан расталған бұлтартпас оқиғалар арқылы дәлелденеді. Еңбекте рухтың діни түсіндірмесі, рухқа қатысты түрлі оқиғалар, рухтың суретін түсіру тәжірибелері (кирлианография), елес дене (дегажман), астралдық дене, психокинезия, радиостазия сынды метафизикалық тәжірибелер зерделенген.
Еңбек дін, метафизика, тылсым болмыстарға қатысты мәселелерге қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналады.