Біз жоғарыда рухтың жалпы сипаттамасын жасап, ерекшелігін қысқаша ғана шолумен түсіндірдік. Енді рухтың бар екенін дәлелдейтін жайттарға жалпылама талдау жасаймыз. Рухтың бар екенін айғақтайтын дәлелдердің барлығын бір ғана еңбекте қамту мүмкін емес, дегенмен осы бөлімде айтылған жайттардың өзі рухтың бар екеніне көз жеткізуге жеткілікті біршама мәлімет береді деген ойдамыз.