Түркі дүниесінің озық ойшылы, ақын-жазушы Фетхуллаһ Гүлен Анадолының киелі топырағынан шыққан аса көрнекті тұлға. Ол бүгінгі әлемнің тыныштығы мен бейбіт дамуы жолында тер төгіп отырған, заманымызға жарқыраған жаңа идеялар ұсына білген парасат иесі. Ф. Гүлен дінтанушы ғалым ғана емес, әдебиетші, әйгілі қаламгер. Осы күнге дейін алпысқа тарта кітаптардың авторы. «Баян» атты әдеби-философиялық шығармасы қазақ қаламгерлер қауымының арасында үлкен ықпал тудырып, қызығушылық танытқаны мәлім. Сонымен қатар, ақынның бірнеше өлең жинақтары бар екенін айта кету керек. Төменде солардың бірі «KIRIK MIZRAP» («Сынық тиек») деп аталатын кітабынан аударылған өлеңдерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.