Сенделген көңіл
Кел, енді алданба сенделген көңілім,
Әйтпесе, жылайсың жақындап өлімің.
Міне, енді қиялды таптың сен пәруана,
Лапылдап жанарсың үрлеп тұр көрігің.
Күй кештің сарсаң боп, мен білген шоқтардан,
Жойылып кетуге жол бойы шақ қалған.
Дертің көп дәрменсіз, бейдауа бейбақсың,
Сырыңды айтшы бір, шын сөйлеп ақтарған.
Ғұмырың – балаусыз жанумен ериді,
Түсінбей ағайын түңіліп жериді.
Сағыныш меңдетті, қоштасу жиілеп,
Оянып қашан сен, тынысың кеңиді?
Қалауың тікен боп, рухыңды қанатты,
Кедергі күнәң көп кескендей қанатты.
Атқан таң алдыңнан, аңсатты өткенді,
Сен қалай төзесің тауыстың тағатты?
Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
- жасалған.