Дүние

Фетхуллаһ Гүлен: Дүние

Біз келмедік тұрақтауғажер бетін,
Керуенбіз кептіретін жел бетін.
Көр-соқырлар көре алмайды бұл жайды,
Жаман қалсын, жақсылықтар төрлесін.

Саудагердей алыс-беріс жасаған,
Бағбан сынды бас көтермей тасадан.
Әуреленіп, күтіп-баптап жемісін,
Өтсек дейміз қыл көпірден бас аман.

Біз келмедік айтыс, талас, тартысқа,
Батып түнге жоғалуға әр тұсқа.
Біз келмедік дүниеқұмар болуға,
Әбілхаят суын ішсек, шалқытса...

Кәхф сахаба ұйықтайды үңгірде,
Құт-қуыста Ұлы Сөзді білдірген.
Тірі өліп, жетпей тұрып қабірге,
Келдік азап тарту үшін бір-бірден.

Қанша жандар түсті тұзақ-торына,
Ғашық болып мал-дүниенің жолына.
Түсінеді маңдайына тигенде,
Біздің міндет соқа салу, соныға.
1984 жыл.

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.