Бүгінгі біздің халіміз
Жайлау шөлге айналып тозды дала,
Өріс қурап, өксіктен қозды нала.
Көңіліме мұң салар көрініс көп,
Күз, Жапырақ үзілді желі күштеп.
Құлшылықтан жаңылды пенде бүгін,
Құбыжықтар паш етті делбелігін.
Батыстанып аунала, басы айналды,
Киген киімі батысша, қас-айлалы.
Өскен ұрпақ тамырдан аулақтады,
Ақиқаттан алыстап аунап тағы...
Елді жайлап дінсіздік бейпіл өмір,
Калимадан тіл қалды, кейкі – көңіл.
Дәстүрінен безініп тас лақтырып,
Қалпақ киген халықты бастап бұрып...
Кімге айтасың осыны қойыңдар деп,
Қайта айналып өзіңді сойылдар кеп!
Ерткеніне ұйиды ергендері,
Осы болып алжасып өлген жері.
Ластық жайлап жүйені жініктірді,
Ағызады қоймалжың жылжып кірді.
Тоғай тозып, жайылым сәні кетті,
Жапырақ ұшып бақтардың мәні кетті.
Надандыққа жол ашық арқалаған,
Өр көкірек «жарқырап» қалталанған.
Нарт тарихқа зор зиян төніп келді,
Буындырды тырнақтар ерікті елді.
Хақ жолында күресу белең берді,
Жалау жансыз, елеусіз ел еңбегі.
Үрей сіңді рухтарға түн, таң сынақ,
Шытынаған шыныдан су тамшылап.
Ар-ұяттан жұрдай боп жұрт жаңылды,
Аяқ теріс, харамға мұрт малынды.
Шайтан билеп рухтарын, әмір етті,
Кеулеп тәнін тереңге дәнін екті.
Баста ой жоқ «Қош бол!» деп қожырады,
Өзге енеге түртінген қозылары.
Тамырынан ажырап ұлт келбеті,
Елтаңбаның айықпай бұлттан беті.
Адамзаттық дәстүрді қалыптасқан,
«Кертарпа» деп ат қойды алып қашқан.
Кітап біткен сөреде бұғып қалған,
Арасынан парақтың құрт тамған...
Еркін жүрген ерлерім ерігеді,
Рухсыздарға көшелер керіледі.
Хан сарайы, биік үй аударылып,
Риза болды кепеге тамға кіріп.
Қайда ғазиз жүректер кезіндегі?
Жүздегі ұят, от қайда көзіңдегі?
Гуілдеген жел соғып азалайды,
Ластықты қиямет тазалайды.
Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
- жасалған.