Рухтың фотосуретін түсіру
Метафизикалық болмыстардың бар екенін айғақтайтын дәлелдердің бірі – «рухтың фотосуретін түсіру». Бүгінгі таңда рухтың фотосуретін түсіру барынша дамыды. Тіпті рух құдды физикалық денелер сынды көрсетілетін болды. Мұның өзі метафизикалық болмыстарды жоққа шығаратындардың қаншалықты қателескенін тағы да бір рет түсіндіріп бергендей. Жоғарыда айтқан ойымызды айшықтай жеткізу барысында бұл мәселеге арнайы тоқталуды жөн көрдік. Осы саланың маманы ретінде Том Паттерсонның кейбір зерттеу нәтижелерін дәйек ретінде қолданамыз. Алайда негізгі мақсатымыз рухты суретке түсірудің әдіснамасын ұңғыл-шұңғылына дейін талдау емес, сондықтан бір-екі нақты мысал келтірумен шектелеміз.
Том Паттерсон «Жүз жыл бойы рухтың суретін түсірумен шұғылдану» атты еңбегінде мынаны баяндайды:
«Психология ғылымы рухтағы құбылыстардың нәтижесін көрсетеді және ғылымның жалпы қағидаларына қайшы келмейді. Жұлдыздармен безендірілген ғажайып аспан әлемін зерттеушілер астраномия ғылымын қалыптастырып, келе-келе бүгінгі биігіне жеткені анық. Тап осы секілді адамның санасы мен тәнінде көрініс табатын түрлі ауытқушылықтар мен аурулар негізінде медицинаның көптеген салалары қалыптасты. Осы құрылым секілді сатылай дамыған бағытпен адам рухында байқалған түрлі құбылыстар психология саласындағы зерттеулерге жол ашып, көптеген жұмбақтардың сыры ашылды.
Рухтың фотосуретін түсірумен шұғылдану негізінен тылсым тақырыпты танудың бір түрі болып саналады. Мұндай фотосуретке түскен адам да, түсірген адам да тылсым әлемді ұғуға деген қабілетін дамыта алады. 1862 жылы АҚШ-тың Бостон қаласындағы тас қашаушы Мумлер атты кісі досының фотосуреттерін түсірген болатын. Кейін негативке зер сала қарағанда өзі суретке түсірген досынан басқа да бейнелер бар екенін байқайды. Міне, осы оқиғадан кейін жалпы ғылыми ортада рухтың фотосуретін түсірумен шұғылдану» деген ұғым қалыптаса бастайды. Осындай фотосуретшілердің ең алғашқысы ретінде әрқашан Мумлер есімі еске оралады. Міне, сол кезден бүгінге дейін көптеген рух фотосуреттері түсіріліп келді.
Біздер (Т. Паттерсон), яғни спиритуалистер (рух ілімінің философиясымен шұғылданатындар) рухтың бар екеніне, рухтың өлгеннен кейін де өмір сүретініне кәміл сенеміз.
Ұзақ уақытқа созылған зерттеулер нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік: Рухтан шығатын радиациялық сәулелер фотосуреттің бетінде күн сәулесі мен басқа да сәулелердің түрлі пішіндер болып көрінгені тәрізді бұл да өзінше із қалдыра алады. Осы ойды дәлелдеуге жоғарыда сөз еткен айғақтарымыз жеткілікті және рухтың бар екеніне күмәнмен қарайтындардың пікірін жоққа шығаратындай негізде екенін сеніммен айта аламыз.
1839 жылы рухты фотосуретке түсіру ғылыми жаңалық ретінде ашылғалы бұл үрдістің жалғасып келе жатқаны расында да ойландыратын жайт. Күні бүгінге дейін жүздеген адам рухының фотосуреті түсірілді. Бұл суреттерді бізге көрінбейтін әлемді түсіндірушілер де, сол әлемді тануға, білуге ұмтылғандар да түсіре береді. Және де қолымызда осыған қатысты мыңнан астам құжаттар бар. Бұлардың қай-қайсысы да таңдай қақтырмай қоймайды. Рухтың бар екенін айғақтайтын бұл құбылысты рухтың өлгеннен кейін де өмір сүретініне деген сенімнен басқа ешбір теория түсіндіріп бере алмайды».
Бұдан ары қарай Том Паттерсон өзі зерттеп жүрген рухтардың фотосуреттеріне қатысты ойын былай жалғастырады: «Англиядағы Шэффильд елдімекенінен «Е» деген азамат 1961 жылдың бесінші маусымында маған хат жіберді. Конверттің ішінде бір фотосурет бар екен. Хатта былай делінген:
«Жаңадан жабдықтаған ас үйімнің фотосуретін түсіргім келді. Суретті түсірген кезде фотоаппараттағы обьективімнің бағыттауышы 8-ді көрсетіп тұрған еді. Кешқұрым фотоаппаратымды ыңғайлы тұсқа орналас- тырып, бос бөлмені түсіре бастадым. Мұнан соң суреттерімнің негативі мен лентасын суретшіге апарып бердім. Сізге жібергенім сол кезде түсірілген сурет. Байқағаныңыздай бос бөлме түсірілсе де, сурет бетінен әлдекімнің сұлбасы байқалады. Фотосуреттегі бейненің әйелім екеніне кәміл сенімдімін. Ол өлсе де рухының бізбен бірге екендігін сезетін секілді едім. Мына фотосуретте әйелімнің әдеттегідей орындыққа жайғасып, Давид атты ұлымыздың төрт жасында түскен суретіне қарап отыр. Осы уақытқа дейін рухтарға қатысты мәселелермен ешуақытта бас қатырған емеспін. Тіпті осындай жайларды ойлаған да емеспін».
Хат жазған «Е» мырза зейнетке шыққан полиция қызметкері еді. Ол кісінің әлі де жауапты бір қызмет атқарып жүргенін білдім. Оның жіберген фотосуреті рухтарға қатысты мәселе екендігінде дау жоқ. Мумлер мырзаның тәжірибесі де өзінен кейін рух фотосуретін түсіретін тылсымтанушылар секілді барлық сала мамандарының қырағы, әрі мұқият тексерулерінен өткен болатын. Осындай мұқият тексерулер нәтижесінде рухтың кейпі анық байқалатыны, бұл саламен шұғылданушылардың рухты фотосуретке түсіре алатындығына нақты көз жеткізілді. Бүгінде Вашингтондағы «Aquarian Foundation of Seattle» теле бағдарламасын көретін миллиондаған көрермен өлгеннен кейін өмірдің болатынын дәл осы әдіс-тәсіл арқылы күн са- йын көріп, тамашалауда.
Рухтың фотосуретін түсіру бір емес, мыңдаған адамның тікелей басынан өткерген оқиғаларымен расталғандықтан, мұны бір адамның атын шығару үшін ойлап тапқан айласы деп тұжыруға келмейді. Табиғатта адамдарға ұқсас өзге де метафизикалық болмыстардың бар екенін растайтын бұлтартпас дәлелдер мен айғақтарды естіп, тіпті көре тұра жоққа шығару ақылға сыймайды.
Рухтың фотосуретін түсіру үшін жүз жыл бұрын қызмет атқарған фотосалонға деген қажеттілік бүгін де еш өзгермегенін өз тәжірибеме сүйене отырып сеніммен айтпақпын. Тіпті рухтардың фото суретін түсірудің әдіс-тәсілі қазіргі заманғы дамыған фотосуретшілік өнерінде арта түсті».[1]
[1] Том Паттерсон, «Жүз жыл бойы рухтың суретін түсіру», 7-19 бб.
- жасалған.