Тұлға
Біз жеке тұлғаларға алаңдап, олардың дамуы не басқа адамдарды шабыттандыруынан қорықпауымыз керек. Өйткені Құран әрбір жеке тұлғаны өзге түрлермен салыстыра отырып, жеке түр ретінде қарастырады. Бұл жерде ең маңыздысы оларға нәр беретін ой-пікірлердің қайдан бастау алғандығы болып табылады. Жеке тұлғада белгілі бір дәрежеде дүниеге деген көзқарас қалыптасқанда, ол қоғаммен етене араласып өмір сүру қажеттілігін түсінеді. Тұлғаның дамуы оның өзгелермен бірге болу мұқтаждығын сезіндіреді. Сөйтіп тұлға жалғыз қалуды қаламайды, әрі қоғамның өзге мүшелеріне зиянын тигізбеу керектігін терең түйсінеді.
Кімде-кім аталған жолмен тәрбиеленіп, өзінің құқығы мен еркіндігі арқылы өзгелерге зиянын тигізбеуге тырысса және өзгелердің мәселесін өзінікінен жоғары қоя білсе, онда оның жеке дара дамып жетілуіне негіз бар деген сөз. Әйтпесе, айыптау мен бетке басушылық, қысымшылдық пен қор көрушілік, жауыздық пен оның құрбандары секілді жайттарға әрдайым жол берілетін болады.
- жасалған.