Әйел түсінігі және әйел құқығы
Сауал: Әйел құқығы туралы не ойлайсыз?
Жауап: Бұл өте ауқымды тақырып. Солай бола тұра бұл тақырып қай кезде де талқылауға ашық. Мен үшін бұл мәселе жайындағы пікірлерімді бір арнаға тоғыстырып, жинақтап айту қиынға соғуы мүмкін. Бір жағынан біз әйелдер мен еркектерді бөлмейміз. Ал басқа қырынан алсақ, олардың арасында физикалық әрі психологиялық айырмашылықтар бар. Менің ойымша, еркектер мен әйелдер бір медальдің екі бетіндей ақиқаттың екі жағы болуы керек. Еркектер әйелдерсіз, әйелдер еркектерсіз өмір сүре алмайды, себебі олар бірге жаратылған. Сондықтан да Адам (ғ.с.) өзінің екінші жартысымен қалған. Ер мен әйел қашанда бір-бірін толықтырады.
Құран, Құран ілімі және біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еркек пен әйелді бөліп жармайды. Меніңше, мұндағы шешімін таппаған жалғыз мәселе адамдар бұл мәселені талқылағанда, әрдайым шектен шығып кетеді де, нәтижесінде тепе-теңдік бұзылады.
Сауал: Әйелдер рөліне қатысты нақты мысал келтіре кетсеңіз?
Жауап: Исламға қатысы жоқ салт-дәстүрді «жұқтырып алмаған» шынайы мұсылман қоғамының аясында мұсылман әйелдері, күнделікті өмірдің толық құқықты мүшесі. Мәселен, исламның алғашқы кезінде Пайғамбарымыздың әйелі Айша (р.а.) әскер қолын басқарған. Сонымен қатар ол көпшіліктің сый-құрметіне бөленген дін ғалымы болған. Әйелдер де еркектермен қатар мешітте ғибадат жасады. Мешіттегі қартаң әйел халифқа дініміздің құқықтық мәселесінде өз пікірін алға тарта алатын. Тіпті, ХVІІІ ғасырдың османдық кезеңінде ағылшын елшісінің зайыбы мұсылман әйелдерінің отбасы мен қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, ерекше құрметпен еске алған.
- жасалған.