Гуманизм
Сауал: Исламның гуманизмге деген көзқарасы қандай?
Жауап: Сүйіспеншілік – бүгінгі таңда ең көп талқыланатын әрі ең қажетті жайттардың бірі. Шындығында сүйіспеншілік – дініміздің өміршең раушан гүлі іспетті жүрегімізде мәңгілік патшалығын құрады. Сүйіспеншілік жүрек болмысындағы ең құпия әрі таңғажайып әуен. Жанұядағы, қоғамдағы, елдегі адамдардың арасында дәнекер болатын ең берік байланыс та сүйіспеншілік болып табылады. Аса Мейірімді Аллаһтың бүкіләлемдік тұрмысқа деген сүйіспеншілігін дүниенің кез-келген бөлшегіне көрсетіп жатқан рақымды көмегінен көруге болады.
Негізінде сүйіспеншілік – біздің болмысымыздың ең басты мәселесі. Бүкіләлемдік ұлы хордың мүшелері болып табылатын әрбір адам Аллаһтың сүйіспеншілік әнінен алған ерекше жандауа әуенімен өмір сүреді. Алайда ғалам мен адамзат және Аллаһтың жаратылыстарының арасындағы сүйіспеншілік алмасуы бейсаналы түрде жүзеге асады, себебі иләһи ерік, өзіндік еркі жоқтарға үстемдік етеді. Аталған көзқарас бойынша, адамдар саналы түрде осы сүйіспеншілік симфониясына қатысады және бұл сезімдерін өздерінің шынайы болмыстарымен дамытып, оны паш ету үшін нағыз адамдық жолды іздейді. Демек, адам өзіндегі сүйіспеншілікті көрсетіп, маңайындағыларға шынайы көмек пен демеу көрсетуге міндетті. Сонымен қатар, олар адам жанының бір кішкентай ғана бөлігіне айналған жалпы үйлесімділік пен тіршіліктің бұлжымас заңы болып табылатын сүйіспеншілікті қорғаулары керек.
Исламның бесаспап қағидаларының аясындағы сүйіспеншілік идеясының өз үйлесімі бар. Қысым көрсетушілер мен қиянатшылдар сүйіспеншіліктен айрылған пенделер болғандықтан сүйіспеншілік пен мейірімділік қиянатшылдарды одан сайын ызаландырып, басқалардың құқығын бұзуға мәжбүрлейді. Сол себепті, бүкіләлемдік сүйіспеншілікке қауіп төндірушілерге мейірімділік көрсетуге болмайды. Залымдарға жасалған мейірімділік – жәбір көріп жапа шеккендерге көрсетілген ең қатыгез іс-әрекет болуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Мейлі ол қанаушы немесе соның құрбаны болса да, өзіңнің бауырыңа көмектес. Зәлімге егер ол өзгелерге қысым көрсетуін доғарғанда ғана, көмектесе аласыз». Демек, әділетсіз қылықтарынан тыйылған жағдайда ғана қиянатшылдарға рақымдылық танытуға болады.
- жасалған.