Пайғамбарлық келгеннен кейінгі өмірі де оның пайғамбарлығы мен адалдығын дәлелдейді
1. Ұлы мақсаттар мен асқақ ойлар жан дүниесін жегідей жеп тыным бермеген адам ертелі-кеш өз ой-пікірін сыртқа шығарады әрі өзін қолдайтын жақтастар іздейді. Күнделікті өмірде қарапайым адамдардың өзі біреуден бірдеңе естісе немесе құлағы шалып қалса я болмаса өзінің сырын ішіне сыйдыра алмай таныстарына да, бейтаныстарға да айтқанша көңілі көншімейді. Сондай-ақ кез келген адам өз ой-мақсатын жалындап жанып тұрған жастық шағында жалпақ жұртқа жаюға тырысады. Сан мыңдаған жастардың жаңсақ ой-пікірдің жетегіне еріп, оны былайғы елге тарату үшін қолдарына плакаттар ұстап, митингілер мен қанды ереуілдерге шыққанын дүние жүзі тарихынан көруге болады.
Алайда Пайғамбарлар Сұлтаны (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің Аллаһтың Елшісі екенін халыққа айтып түсіндіруді қырық жасында бастады. Себебі ол иләһи бұйрықпен жүріп, өзіне әмір етілгенді ғана орындаған болатын.
2. Түрлі жетістік, жеңіс, байлық пен лауазымға ие болған адамның өзінің әу бастағы қарапайым қалпын сақтап қалуы үлкен адамгершілік пен адалдықтан туады. Міне, оның пайғамбарлықтан бұрынғы және кейінгі күн көзіндей жарық нұрлы өмірі! Ең үлкен жеңістерге қол жеткізгеннен кейін де көзқарас-ұстанымының өзгермеуі, байлықтан басы айналмауы, қызметін бастаған кездегідей тәмамдауы – бәрі де оның пайғамбарлығының дәлелі.
- жасалған.