Дұшпандарының өзі оның шыншылдығын растаған
1. Қырық жасқа дейін өздері «Мухаммәдул-әмин» деп атап, қылдай қиянаты жоқтығын жақсы білетін, керек кезде қолындағысын аманат ретінде сеніп тапсыра алатын жанға дереу қас болып, өшігіп пайғамбарлығын мойындамауы – дұшпандарының шынайы бет-бейнесін ашып бергендей еді. Сонда бұл өздерін ақылды, мәдениетті, оқымысты деп санайтын олардың қырық жыл бойы алданып келгенін мойындағандары ма? Демек, қарсы шығуларының басқа себебі бар еді. Өйткені өзгерген пайғамбар емес, надандыққа салынып жарқыраған күнді көргілері келмей көздерін жұмған олардың өзі еді.
2. Дұшпандары оны «өтірікші» деп айыптап яки әкелген дінін жоққа шығара алмаған. Бар болғаны «сиқыршы, ақынсымақ, жын ұрған» деген сөздермен күстәналады. Оның таңғажайып мұғжизаларын көзбайлаушылыққа, «сиқырға» балаған.
3. Оның пайғамбарлығын мойындағысы келмеген кәпірлер: «Мұхаммедтің айтқандары дұрыс», – дей тұра, пайғамбарлықтың соған келгенін көре алмады. «Әбу Талибтің тас жетімегінен басқа адам құрып қап па? Бай-бақуатты біздер оған әлдеқайда лайық емес пе едік» – деп кеуде соққан олар әр нені айтып сылтау іздеді.
4. Оқу-жазудан хабарсыз Тұлға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккедегі небір мүшрік дүлділ шешендерді «Қане, кімді көмекке шақырсаңдар да Құранға ұқсас бір кітап, не оның бір сүресіне ұқсас сүре жасаңдаршы!» – деп, атой сала ашық айтысқа шақырғанда, өздеріне әлдеқайда жеңіл сөз сайысына дәрменсіздік танытып, қауіпті әрі шырғалаңы мол қылышпен күресуді таңдауы хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлығының тағы бір дәлелі.
5. Біреудің абыройын айрандай төгудің ең оңай жолдарының бірі – ол адамның кемістігі мен қателігін тауып, жер-жаһанға жаю. Алайда бұл мәселеде де мүшріктердің салы суға кетті. Өйткені оның кемшілігі мен қателігін таба алмай, мысы құрыды. Оның қателігін байқаса, аянып қалмас еді.
6. Оған қылыш жұмсап, қастандық жасаған нағыз қас дұшпандары уақыт өте келе ақыл-естерін жиып, оның адалдығын мойындады, қол астына кіріп, мұсылмандықты қабылдады. Міне, бұл да оның адалдығына, туралығына, кемеңгерлігіне және көркем мінезіне жеке-жеке дәлел. Сафуан, Әбу Суфиан, Амр ибн Ас, Халид, Икримә, Хинд пен Уахши, т.с.с. ең азулы дұшпандары, ең соңында, оның адалдығына көз жеткізіп, өмірлерінің соңына дейін осы ақиқат жолында қолдарынан келгенше қызмет етті.

- жасалған.