Жындар да иманға келіп, құлшылық жасауға міндетті

Жындар – материалдық әлемде өмір сүретін көзге көрінбейтін саналы рух иелері. Дене тұрғысынан адамдар мен періштелерден, саналылық тұрғысынан өсімдік пен жануарлардан бөлекше жаратылған. Иман мен ғибадат жасауға міндетті, сондықтан, олар да «мұсылман-кәпір» болып бөлінеді.

Адамдар арасында мұсылмандардың жеңуі немесе жеңілуі жындар арасында да дәл сондай әсерін тигізеді. Яғни, мұсылмандардың жеңіске жетуі мұсылман жындардың жеңгені болып саналса, жеңіліс табулары мұсылман жындардың жеңілгендігі болып есептеледі. Олар бір-бірімен үйленеді әрі көбейеді. Сондай-ақ Имам Шиблидің айтуынша, жындар мың жылға жуық өмір сүреді[1].


[1] Имам Шибли Нумани (1857-1914) – Үндістандық танымал ислам ғұламасы. 

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.