Періштелер мен жындардың қозғалыстары уақыт пен кеңістікке бағынбайды

Мына өткінші дүниенің көптеген ұғымдарына салыстырмалы түрде ғана анықтама бере аламыз. Мысалы, күш-қуат, тілдесу түрлері, ауырлық, уақыт пен жылдамдық ұғымдарын соған жатқызамыз. Мұны былайша түсіндіруге болады: бір пішіндегі жұмыртқа мен ағаштың,  тас пен темірдің, резінкенің арасындағы ауырлық мөлшері біркелкі емес. Сол секілді заттардың өздеріне тән қозғалысы мен жерге түсу жылдамдығы бар. Мәселен, дауыстың белгілі бір жылдамдығы бар. Ал жарық жылдамдығы материялық жылдамдықтың бәрінен озық. Тартылыс күшінің әсерімен жерге жақындаған сайын заттың жылдамдығы арта түседі. Яғни, бір секундта 5 метр түссе, екінші секундта сол секундтың екі есе көбейтіндісі мен бірінші секундта түскен қашықтықты көбейткенмен тең қашықтыққа жетеді. Сонда екінші секундтағы жеткен қашықтығы 4х5 болады. Үшінші секундта 9х5, төртіншіде 16х5, ал бесіншіде 25х5=125 метрге дейін барады. Сөйтіп, жылдамдық артып, белгілі бір мөлшерге жеткенде, уақыт тоқтай бастайды. Соңында, сәуле жылдамдығына жеткен дене заттық қасиетін жоғалтып, материядан тыс кейіпке ие болады.

Заттық денелердің өзінде осындай қасиет болса, онда рухты, періште мен жындарды көрмеуіміз – табиғи нәрсе.

Эйнштейн мен Лоренц материялық дененің жылдамдық шегін нақты физикалық заңдылық түрінде 300 000 км\секунд деп анықтаған. Материалистер осыған сүйене отырып: «Жаратылыс әлемі шектеу-лі, сондықтан жаратылыс әлемінің арғы жағында да материя бар», – деген қорытынды жасағылары келсе де, зерттеу жұмыстары материяға тән осы шегараның одан да асып түсетінін көрсетіп отыр. Ғалымдар масса[1] ұғымынан тысқары, яғни ешбір салмағы жоқ сәулелердің бар болу мүмкіндігін математикалық тұрғыдан дәлелдеп, оларды «такион» және «сирнкофф сәулелері» деп атады. Жылдамдық шегінен асқан соң дене өзінің қасиетінен айырылады. Ал жылдамдық азайған сайын дене қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп, салмақ пайда болып біртіндеп көріне бастайды.

Материялық денеге қатысты жасалған әлгіндей анықтамалардан соң періште, рух, жындардың жылдамдық пен қашықтықты ешбір қиындықсыз еңсеру мәселесін түсіну едәуір жеңілдейді. Демек, осы материалдық әлемде де кей жағдайларда уақыт пен кеңістік ұғымдары қолданыстан шығады.


[1] Материяның инерциялық қасиетін анықтайтын шама (ауд.).

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.