Ой-пікірге құрмет
Кез келген нәрсені сынап, бәріне қарсы шығу – қырып-жоюдың әрекеті. Егер де кісі бір нәрсені ұнатпаса, одан да жақсысын жасауға тырысуы керек. Өйткені қиратудан үйінділер, ал жасампаздықтан жақсы дүниелер туындайды.
Ашық ашу-ыза мен қатыгездіктен гөрі, жасырын дұшпандық пен сұмпайы өкпе-реніштен қорқу керек. Достар бетіңе қатты айтса да, әрқашан сенің артыңдағы қорғаушы періштең сияқты. Қас адам бетіңе өтірік күліп тұзақ құрады және өрмекші сияқты мейірімсіздігін торына түсірген кезде көрсетеді.
«Кейбіреулер болмашы сыздың өзінен түршігіп қалады» дейді біреулер. Оған жаным садақа. Ал құйып тұрған жаңбырдың астынан да құп-құрғақ боп шығатын жандарға не деуге болады...!»
Сөйлеушінің әрбір сөзін құрметтей біл. Тіпті өзіңнің пікіріңе сай келмеген ойларды бірден теріске шығаруға асықпа. Оның басқа бір жағдайға байланысты айтылғанын ойлап, сөзін ақырына дейін сабырмен тыңдай біл.
Тәжірибе – ақылдың ұстазы, ой-пікірдің де жол сілтеушісі.
- жасалған.