Ғылым жайында
Нақты ғылымдар күпірлікке апарады, деп қорқып, оларды зерделемеу – балалық әрі балалықтан туатын шалалық. Оларды толығымен дінге, иманға қарсы, әрі ғылымдарды «сенімсіздікке жетелейтін себеп» деп санау – шарттылықтан аса алмау әрі қараңғылық.
Ғылым – бақытты болатындығымызға кепілдік беріп, бізді адамдықтың шыңына бастаса ғана пайдалы, ал адам баласына үрей туғызып, қорқынышты түстер көрсеткен ғылым мен технология – шынайы даму жолына кедергі келтіретін қараңғылық қана.
Ғасырымыздың басында ғылымды Құдайға балап, барын соның жолында құрбан еткен таяз ойлы бір топ материалистерге қарсы әлемдік деңгейде ойлайтын бір замана кемеңгері «Дінсіз ғылым – соқыр, ғылымсыз дін – ақсақ» деу арқылы бір ғасыр бойы үстемдік еткен үрейлі сандырақты бір тұқыртқан болатын. Ал енді ол бүгінгі күннің «соқырлары» мен «ақсақтарын» көрсе не айтар еді?!
Нақты ғылымдарды түкке тұрғысыз, іске алғысыз ету – надандық әрі әсіре фанатизм болса, дәл сондай бірбеткейлікпен ғылымнан өзгені мойындамау – барып тұрған әпербақандық. Асылында, әрбір жаңа құбылысты зерделеген сайын өзінің білетінінен білмейтінінің көп екенін және оның шексіздікке дейін созылып кете беретінін ұғынып, одан сабақ алған адам ғана дұрыс ойлай алады, әрі оның ғылыми пайымы жөн болып шығады.
Ғылым мен техника адамға қызмет ететін болғандықтан, одан жүрексіне қоярлық ешбір негіз жоқ. Ал қауіп ғылыми негізде әрекет етуде емес, қауіп – надандықта, санасыздықта әрі жауапкершіліктен қашуда.
- жасалған.