Бүгінде әлем мұсылмандық дегенді толықтай түсіне бермейді.
Ислам өкілдері жылдар бойы ислам мен террордың бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын керағар ұғымдар екенін айтып келді, дегенмен кенет 11 қыркүйектегі жағдай орын алды. Артынша-ақ көптеген елдерде, соның ішінде Түркияда бомбалар жарыла бастады. Осыны ұйымдастырушылар өзіміздің арамыздан шыққандар. Мұндайда бірінші болып біздің көтерілуіміз керек емес пе еді?
Сіз өте дұрыс айтасыз. Бүгін әлемде адамдар мұсылмандық дегенді толықтай түсіне бермейді. Мұндайда мұсылмандар бір адым алға шығып: «Нағыз мұсылмандықта террорға орын жоқ!» деп айту керек болатын. Өйткені исламда адам өлтіру Аллаһқа қарсы шығу дегенге бір адым жақын. Адам өлтіруге сіздің құқығыңыз жоқ. Тіпті, соғыстың өзінде жазықсыз адамдарға қиянат жасауға болмайды. Ол үшін ешкімнің де пәтуа (шариғат бойынша муфтидің шешімі – ред.) беруге ешкімнің де жанкештілікке барып, өз-өзін өлтіруге құқығы жоқ. Қандай дінді ұстанбасын, ешкім өзіне бомба байлап, қорғансыз адамдардың арасында жаруға құқы жоқ. Тіптен барлық тепе-теңдік бұзылатын соғыстың өзінде де бұған рұқсат етілмейді. Онда балаларға және ғибадатханада құлшылық еткендерге қиянат жасауға тыйым салынады деп айтылған. Бұл ықылым заманда айтылып қана қойған жоқ. Пайғамбарымыздың айтқанын аса қадірлі Әбу Бәкір, ал оның айтқандарын Омар, ал қадірлі Омардың айтқандарын кейіннен Салахаддин Әйюби, Алпарслан, Кылычарслан тәрізді белгілі ел басқарған басшыларда қайталап айтқан. Фатих (Стамбулды алған сұлтан – ред.) та дәл соны айтқандықтан бей-берекетсіздік жайлаған Константинополь Стамбулға айналды. Яғни грек армянға, армян грекке қастандық жасамады. Мұсылмандар да оларға қарсы ешқандай жамандық әрекеттерге бармады. Патриархияда Стамбулды алғаннан кейін, Фатихтың үлкен портретін іліп қойды. Оны өз уақытында жазды. Ол сол заманның патриархын өзіне шақырып, оған кілт тапсырды. Бүгінде мұны аса құрметпен еске алады. Демек, барлық ой ағымдарына құрметпен қараған исламды біржақты түсінуге (бүгінгілердің түсінігі бойынша) болмайды.
Өкінішке орай, ислам әлемінде кейбір толық кемеліне келмеген, дайындықтары тым таяз дінді уағыздаушылар да бар екенін жасыруға болмайды. Мұсылмандық – әділдік діні, оны дұрыс тарату керек. Оның жолында қандай да бір жалған себептерді пайдаланып кетуге мүлдем тыйым салынады. Егер мақсат дұрыс болса, онда осы мақсатқа жету жолында пайдаланатын барлық мүмкіндіктер де дұрыс болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, адам өлтірген пенде жұмаққа кіре алмайды. Мұсылман: «Мен адам өлтіріп, жұмаққа кіре аламын»,-деп айта алмайды. Адам өлтіріп Аллаһтың разылығын ала алмайсыз, ал әрбір мұсылманның басты мақсаты Аллаһтың разылығына бөленіп, Оның ұлы есімін бүкіл әлемге паш ету.
Мүмкін олар: бұрын соғыс майдан алаңында болса, қазір айналаның бәрін соғыс жайлады деп түсінетін шығар. Сондықтан да мұны соғыс, жиһад ретінде қарастырар? Және осы жол арқылы оларға жұмақ есігі айқара ашылады деп ойлай ма?
Исламның ережелері белгілі. Соғысты да адамдар жариялай алмайды. Және қандай да бір топ пен ұйым да соғыс жариялай алмайды. Соғысты мемлекет жариялауы қажет. Мемлекет басшысы мен әскери қолбасшы бұйрық бермейінше, ешкімнің де соғысты бастауға құқығы жоқ. Керісінше жағдайда, әрбір жеке адам өзінің пайым-түсінігінің деңгейінде соғыс аша алады. Ол бас-аяғы үш-төрт қарақшыны жинап алып, майдан құрады. Ал және бір топтар өзіне басқа қарақшыларды тауып алады. Тіпті, саналы адамдардың өздері де өзара түсініспеушіліктің салдарынан соғыс ашуы ықтимал. Олар да бас көтеріп: «біреулерге соғыс жариялаймыз» дейді. Христиандарға төзімділік танытып түсіністікпен қараған жанды мұсылмандықты әлсіретуде деп айыптап, оған да соғыс жариялап, оны өлтіру керек дейді. Оларға жауап ретінде ол да соғыс жариялайды. Мемлекет жарияламайынша, соғысқа шығуға болмайды. Бұл оңай нәрсе емес. Егер әлдекім бұлай істесе, не құрметті оқымыстылар осыған жол берсе, бұл өте үлкен қателік. Өйткені бұл ислам негізіне қайшы келеді.
- жасалған.