Бүгінде шын мәнісіндегі ислам әлемі жоқ
Егер бұл ислам рухына қайшы болса, ислам әлемінде осындай жағдайлар неліктен орын алады?
Меніңше, бүгінгі күні шын мәнісіндегі ислам әлемі жоқ. Мұсылмандар өмір сүретін аймақтар ғана бар. Кей жерде олар көп, кей жерлерде аз. Иә, бұл да мұсылман мәдениеті. Өз пайым деңгейіне сәйкес, исламды жаңадан жаңғыртып жатқандар да жоқ емес. Мен бұның астарында радикализмді меңзеп тұрған жоқпын. Пенде бар жан-дүниесімен сенген нәрсесіне адал болу керек әрі сол сеніміне қарай дұрыс іс әрекет жасауы керек. Мұсылмандықтың қамын ойлау керек. Мұсылман әлемі деп аталып жүрген аймақтарда осы мәселе жөнінде ауызбіршілік бар деп айтуға келмейді. Егер бар десек, онда ол мұсылмандыққа таңылған жала. Ал егер мұсылмандық жоқ дейтін болсақ, онда ол адамдарға тағылған жала болар еді.
Қазіргі уақытта мен мұсылмандардан әлемдегі тепе-теңдікке үлес қоса қоярлықтай мүмкіндіктерді көріп тұрған жоқпын. Басшылардан да сондай бір қисынды байқамаймын. Бұл мәселеде қандай да бір ілгерілеушілік бар болғанымен, үлкен есеппен алғанда ислам әлемі қараңғылықта. Сіз мұны қажылық кезінде байқай аласыз. Сіз мұны конференциялар мен дөңгелек үстелдерден, теледидар мен парламенттен де көре аласыз. Әңгіме қажетті деңгейдің жоқтығы турасында болып тұр. Олар әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Мүмкін бұл болашақта жүзеге асар.
Яғни, сіз «ислам әлемі» деген ұғымды қолдану артық дегенді айтқыңыз келе ме?
Ондай әлем жоқ. Жеке мұсылмандық деген ғана бар. Әлемнің түрлі аймақтарында жеке мұсылмандар бар. Олар бөлек-бөлек, бір-бірінен алшақтаған. Мен өз басым Құран мен хадистің анықтамасына сай нағыз мұсылмандарды көріп отырған жоқпын. Өзгелермен бірлік құра алатын, мәселелерін бірге шешетін, ғалам туралы ой-пікір өрбітіп, онда да Құранды басшылыққа алатын, артықшылығын дөп басып, болашақ үшін жоба жасай алатын, ондағы өз орнын анықтай білетін мұсылмандар болмайынша, мен мұсылман әлемі бар деп айта алмаймын. Яғни, ислам әлемі жоқ болғандықтан, әрбір адам өз деңгейіне сай әрекет жасайды. Тек өздерінің жөн деп тапқандарын жалпы мұсылмандық тұрғыдан дұрыс деп бағалайтын мұсылмандар да кездеседі. Мұсылман дін ғалымдарының бір ауыздан келісіп мақұлдаған оқымыстылардың сан рет сараптаудан өтіп, Құранның таза мағынасына сүйеніп, ортақ бітімге келген ислами түсінікті де бар деп айтуға болмайды. Сондықтан әзірге мұсылмандықты жалпы мәдениет мағынасында ғана айтуға болады.
Әрдайым осылай болған да шығар. Мүмкін бұл ақырзаманға дейін де жалғаса берер?
Хижра жыл санауы (мұсылман есебі бойынша – ред. ескерт.) бойынша бесінші ғасырдан бастап – бұл осылай. Бұл абассидтердің немесе селжүктердің пайда болған кезеңінен басталады. Стамбулды алғаннан кейін бұл жағдай одан әрі ушыға түсті. Бұл кезең бізге тағдырдың жазмышы болды. Келесі кезеңдерде жаңа тәпсірлеулерге жол берілмеді. Ой көкжиектерінің аясы тарыла бастады. Ислам рухына қатысты ауқым өзгере бастады. Ислам әлемінде ар-намысынан арылған, өз-өзін ұстай білмейтін, өзгелерді жанына жуытпайтын, қабағы қату, тұйықмінезді адамдар пайда бола бастады. Ондай адамдар өздерінің ұйымдарын өз мақсаттарынан жоғары қойды. Мұндай тар ойлаушылық дәруіштер мекенінде, монахтар тұратын жеке бөлмелерде, өкінішке қарай медреселерде де болды. Негізі бұның бәрі әрбір аймақтағы беделді адамдар арқылы өзгертіліп, жаңартылуы керек еді.
...
Фетхуллаһ Гүлен денсаулығына байланысты қатты қиналысты бастан кешуде. Журналист Нури Акманның сауалдарына жауап бере отырып, ауруы бірнеше рет ұстап маза бермеді. Оның жан-күйзелісін бет-жүзінен анық көруге болады. Ол қан қысымы көтеріліп, қызуы жоғарылағанда сұхбат үзіліп қалды. Гүлен туған жеріне деген ыстық сағынышын, Түркияның 50-ге жуық жерінен алынған топырақтарға қарап басады. Ал Отанына оралуды әлі ойлап отырған жоқ.
...
- жасалған.