Осы бес жыл өмірімнің ең ауыр жылдары десем де болады.
Сіз Америкаға келгелі бес жылдай уақыт өтті, солай емес пе?
22 наурызда бес жыл болады.
Осы келістен не ұттыңыз, не ұтылдыңыз? Денсаулығыңызға, жан-дүниеңізге тигізген әсері қандай?
Бұл сұрақтың екі қыры бар. Ең бастысы, мен мұнда емделу үшін келдім. «Майо» емханасында Саид мырза жұмыс істейтін. Түркияда бірнеше рет болған кісі. Бірде ол бір топ дәрігермен менің денсаулығымды тексергілері келген. Бір жағынан қуғын-сүргін болды. Өсек-аяңдар тарады. Бір жағынан бұл өзгерістер елге жақсы жағынан да әсер етті, Түркияда сабырлық күшейді, адамдардың өз жағдайларына деген құрметі артты, тіпті бұл белгілі бір дәрежеде мәдениетке де айналды. Сонымен бірге жекелеген топтар айтарлықтай тынымсыз күй кешті. Мен жүрек сырқатынан мазасыздандым. Қандағы қант мөлшері де көбейіп кетті. Холестерин мөлшері де бақылаудан шықты. Сөйтіп «Майо» емханасына келдім. Осында бірнеше күн болып, қайта оралмақшы болғанмын. Бірақ, бұл бірнеше күн, айларға ұласты. Маған «осы оқиғалардан кейін сіздің қайта Түркияға оралуыңыз, денсаулығыңызға тіптен кері әсерін тигізуі мүмкін» деді. Мен мұнда бір жағынан емделуге тырыстым. Денеден тұз бөлінген. Жүрегіме байланысты ауруханада жиі жаттым. Ұзын саны жиырмаға жуық. Ауруханадан басқа еш жерге шықпадым. Осында келгенде менің денсаулығым едәуір нашарлап кетті. Кейде уайымнан, кейде мұңнан болар. Сондықтан мен газет оқып, радио тыңдамадым. Ол аз да болса, көңілімді тынықтырсам деген ой еді. Басымнан өткен оқиғалардан кейін, аздап өз-өзіме келдім. Бірақ тұла бойымды Түркияға деген сағыныштың оты күйдірумен болды.
- жасалған.