Фетхуллаһ Гүлен және бүгінгі әлем
Мамыр айының 11-жұлдызында Қазақстан Жазушылар одағында халықаралық «Диалог Еуразия» Платформасы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған «Фетхуллаһ Гүлен жөне бүгінгі әлем» атты ғылыми-танымдық конференцияға жиналғандар залды лық толтырды. Мұның өзіндік себебі де бар еді. Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен, шын мәнінде, исламды адамзаттың бүгінгі дамуымен және болашағымен тығыз байланыста зерттеп, дініміздің құндылықтарын төрткіл дүниеге түгел танытып, мойындатудан иісі түркінің немесе діні мүсылманның ғана емес, бүкіл адамзаттың бүгінгі ұрпағы құрметтейтін тұлғасына айналған. Фетхуллаһ Гүленнің ғұламалығы сонда, өзіне дейінгі ислам данышпандарының барлығының дінімізді түсінуін бір арнаға тоғыстырып, оның нақты шынайы болмысын төрткіл дүниеге түгел түсіндіруге күш салып жүрген түлға.
Нью-Йорк қаласындағы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін іле-шала бұқаралық ақпарат кұралдары мінберінен сөз алған Гүлен: «Исламның лаңкестікпен ешқандай байланысы жоқ. Ислам мыңдар түгіл, жалғыздың жанын алуға карсы. Демек, мұндай лаңкестікті жасағандар мен ұйымдастырушылар мұсылман емес» деп бүкіл әлемге нағыз исламның болмыс бітімін түсіндірген тұңғыш мұсылман. Егер Фетхуллаһ Гүленнің өмірбаянына үңілер болсақ, онда мынадай бір ой саларлық оқиғаға тап боламыз: Бір күні өзінің студент досы Гүленге жыланды өлтіргені жайлы әңгімелейді. Мұны естіген Фетхуллаһ Гүлен әлгі досымен әңгімелесуді доғарып, қатты уайымға беріледі. Оның сондағы ұстанымы - «тіршіліктің бәрін берген Аллаһ, оның жанын алушы да Аллаһ. Себепсіз ешкім ешкімге зардап шектірмеуі тиіс» деген қағида болатын. Міне, осындай исламдық танымды өміріне серік еткен Фетхуллаһ Гүлен - әрқашанда жердегі жаратылыс атаулының үйлесімді өмір сүруі қажеттігін насихаттап келе жатқан кернекті тұлға.
Фетхуллаһ Гүлен сөз жоқ, фундаментальді ислам теологы. Қазіргі дүниеде фундаментальді ислам теологтары жеткілікті. Десек те, солардың бәрінен Гүленнің шоқтығы биік. Өйткені ол фундаментальді исламды Джалалиддин Руми дәрежесінде түсініп, қабылдап және шәкірттеріне, сондай-ақ калың бұқараға түсіндіріп жүрген ғұлама. Бұл туралы ресейлік тарих ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Ғылым академиясы Шығыстану институтының директоры В.Шеремет («Когда приходит Мавлана») айрықша ілтипатпен баяндайды. Шеремет: «Ислам дінінің төзімділікті, сыйластықты, достықты жақтайтын ұстанымға негізделгенін Фетхуллаһ Гүлен адамзаттың жаратушысы жалғыз екендігімен және сондықтан да олар бір-бірімен туыстас екендігімен, демек, керісуден түсінісуге ұмтылу қажеттігімен түсіндіріп жүрген ғұлама» деп жазады. Біздіңше, теологтың еңбегін дәл бағалауда осы бір сөздің өзі жеткілікті секілді.
Америкалық ғалым Дж.Кэррол өзінің «Диалог цивилизации» атты еңбегіңде АҚШ-та болған 11 қыркүйек оқиғасынан кейін исламды зерделеуге ұзақ уақытын бөлгенін айта келіп, бұл орайда Фетхуллаһ Гүлен еңбегі арқылы ислам дінінің лаңкестікке үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын танып-білгенін жаза отырып, бүгінгі ислам әлемінің алыбын ежелгі дүниедегі Платон, Конфуци секілді төрткіл дүниеге түгел танымал ғұламалармен салыстыра карайды. Осының өзі-ақ теолог Гүлен әлемдік исламтану орбитасын айтарлықтай биікке көтергенін нақты дәлелдесе керек.
Кеп жағдайда исламды ғылымға кар-сы қоюшылық орын алып жатады. Ал Гүлен Мұхаммед Пайғамбарымыздын: «Ғылым - мұсылманның жоғалтқан малы. Оны қайдан да болса іздеп табуы керек» деген хадисін бүгінгі адамзат дамуымен ұштастыра қарастырып жүрген теолог. Фетхуллаһ Гүленді теолог деп қарастыру тым аз. Ол өз еңбектері арқылы ғаламдық деңгейдегі, яғни дүн-дүниенің бастапқы жаратылысынан болашағына дейінгі аралықтағы адамзат дамуында имандылықты ұстаным етіп, ғылыми зерттеулерді сол ұстанымның көмекшісі етіп алу қажеттігін насихаттап жүрген ғұлама. Гүлен еңбектерін оқи жүріп бір аңғарғанымыз - ғалымның материалистік философияны жете зерделегені соншалық, оның кіммен де болса пкір таластыра алатындай биікте тұрғандығы. Дүниені материалистік тәсілмен зерттеп, ғылыми жаңалықтар ашудың өзі Гүленнің ұстанымынша, исламдық ілімнің қағидаларына еш кайшылық келтірмейді. Міне, дәл осылайша пайымдаған Гүлен былайғы кезеңдегі адамзат дамуына өзіндік зор үлес қосып жүрген қоғамдык қайраткер. Ол барлық діндерді түсінісуге шақыра отырып, ғылымды дамытуды діндердің колдайтынын теологиялық жағынан негіздей отырып, «адамзат диалогтар (келіссөздер, мәмлелер) арқылы кез-келген түйінді шеше алады» деген кағиданы насихаттайды. Міне, бүгінгі жаһандану заманында Гүленнің бұл ұстанымы исламды әлем жұртшылығының беделді де мәртебелі, бейбітсүйгіш, сондай-ақ адамзат дамуына зор үлес қосушы дін ретінде танытады. Егер Гүленнің бұл ұстанымына оның жер-жерде жұмыс істеп жатқан мектептері мен университеттеріндегі іргелі білімді қоссаңыз, онда жалғыз ғана осынау тұлғаның бүгінгі кажеттілікке қаншалықты қызмет атқарып тұрғаны және оның адамзат дамуына аса қажеттілігі жайлы дәлелдеп жатудың өзі артық болар.
Конференцияда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Мұхтар Шаханов, сенатор Ғарифолла Есім, соңдай-ақ Түркиядан осы алқалы жиынға қатысу үшін арнайы келген Мұхаммед Фетхуллаһ Гүленнің шәкірті Харун Токак сөз алып, ғұлама ғалым жайлы өз ойларын ортаға салды.
Айқын газеті, 13 мамыр, сәрсенбі 2009 жыл
- жасалған.