Ауылдастың аты озды
Бұл жиынға "DА Қазақстан" платформасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, сенатор Ғарифолла Есім, ҚазҰУ-дың филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, профессор Нағима Байтенова, профессор Фаузия Оразбаева, жақында ғана Президент тапсырысымен құрылған Қазак, тілін қолдау қорының төрағасы Берік Әбдуғали, Президент аппаратының ішкі саясат департаментінен Әлия Ғалымова, "Егемен Қазақстан" газеті Бас редакторының орынбасары Жұмагүл Солтиева, "КазПравда" газетінің тілшісі Сәбит Молдабаев, "Деловая неделя" газетінің тілшісі Ескендір Аманжол, ұйымдастырушы ретінде Әли Челикбаш, оның орын¬басары Мәлік Отарбаев және осы жолдарының авторы, "ҚАЗАҚСТАН-ZАМАN" газетінің Бас директоры Ахмет Аляз катысты.
Бұл жолғы сапар Қазақстан тобы үшін өте ерекше болды. Өйткені, сонау 1998 жылы бір топ еуразиялық зиялы кауым өкілдерінің қолдауымен Түркияның әсем каласы Ыстанбұл да іргетасы қаланған "Диалог Еуразия" платформасының төралығына Казак-стан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин сайланды. Осы істі абыройымен аткаратынына 12 елден келген 160 делегаттың бәрі "DА" платформасының жұмыстарына алғашқы құрылған күннен бастап белсене атсалысқан Нұрлан Оразалинге бір ауыздан колдау білдірді. Қазақстанды және Нұрлан Оразалинді қолдауы Қазақстан делегациясы үшін зор мәртебе. Түрікше айтқанда, «Сайын башқаны» Нұрлан ағамызға табыс тілейміз.
Біреумізге түсінікті, біреуімізге түсініксіз "Еуразия" платформасының негізі 1998 жылы қаланған. О баста бұл идея 1994 жылы кұрылған - орталығы Ыстанбұлдағы Жазушылар және Журналистер одағынан шыққан екен. Бұл туралы осы одақтың төрағасы және «DА» платформасы төрағасының орынбасары Харун Тоқақ мырзадан сұраған едік. Ол кісінің айтуынша, алғаш 1994 жылы Түркиядағы зиялы қауым өкілдерінің басын қосуы мақсатыңда осы одақ құрылыпты. Тоқақ мырза бұл одақтың құрылу мақсатын былай түсіндірді: Түркия халқы негізінен 76 ұлттан тұрады. Түріктер Ана¬толия жеріне аяқ басқан күнінен бастап жергілікті халықтармен қоян-қолтық араласып кеткен. Кейіннен Селжұқтар мемлекеті және Осман империясы кезінде талай ұлыстар қосылған. Ақыры республика кезінде түрік ұлты негізгі ұлт болып алға шығып, басқа ұлттар соның төңірегінде жиналып Түркия елін қалыптастырған. Дей тұрғанмен, осы халықтардың мәдениеті және салт-дәстүріндегі айырмашылықтарымен түрлі идеологиялық қақтығыстар түрік халқының ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылығының сақталуына нұқсан келтіріп қатты зиян берген кездер жиі орын алған. Осы қақатығыстардың нәтижесінде 1960, 1970 және 80-шы жылдары әскери көтерілістер болған. Оңшыл және солшыл топтардың түрлі саяси партиялар және жеке идеологиялық институттардың төнірегіндегі бітпейтін айтыс-тартысты бітірудің өзі өте қиынға соққан. Бұның алдында да үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бұл топтардың басын біріктіру мақсатында талай жұмыстар жасалған болатын. Бірақта бұлардың ешқайсысы нәтиже бермеген. Түркияның бірлігі және ынтымағы үшін зиялы қауымның басын қосу мақсатында 1994 жылы әйгілі дінтанушы ғалым Фетхуллах Гүленнің бастамасымен Жазушылар және Журналистер одағы құрылған болатын.
Гүлен алғашқы жылдары одақтың жұмыстарына кұрметті төраға ретінде тікелей өзі атсалысып, сол кезге дейін Түркия тарихында сирек кездесетін істерді бастады. Бұл істер негізінен басқа ұлт және діндердің жетекшілері, түрлі көзкарастағы зиялы қауым өкілдерімен және саяси партия көсемдерімен кездесуге кұрылған болатын.
Гүлен осы мақсатта одақтың алғашқы жұмысын қарама-қайшы көзқарастағы ел ағаларымен зиялы кауым өкілдерін аралауымен бастады. Кейіннен озге үлт және дін жетекшілерімен кездесулер үйымдастырды. Оның әрбір кездесуі сол кездегі түрік баспасөзінде кеңінен орын алды. Өйткені, Гүленнің бұл қадамы бұрың-соңды болмаған іс еді. Алғашқы кездесулер өте табысты еткеннен кейін, ол езге ұлт және діндердің жетекшілерімен қоса саясаткерлермен де кездесті. Кейіннен бұл кісілердің басын косып, "Полат Ренессанс" қонақ үйінде ауыз ашар берді. Гүлен сол сәтте айтқан сөзінде түрік мәдениетіндегі Юнус Эмре, Мавлана Желаледдин Руми және Қажы Бекташ Уәли, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламалардың дәстүрін жалғастыра отырып хош көру және диалог мәдениетіне тоқталды. Түркия жеріндегі барлық ұлттар мен ұлыстарды түрлі идеологиялық көзқарастарды хош көру мәдениетінің төңірегінде жеке басқа ұнамаса да, өзінің көзқарасына мүлде қайшы келетін болса да, сыйлау керектігін алға тартты. "Өйткені, еліміз, жеріміз, байрағымыз – ортақ. Егер санасатын болсақ, бұл ел бәрімізге жетеді. Ендеше бір-бірімізді бөлмей, жіктемёй, түсінісуге тырысайық, сыйласайық. Ендігі жерде орамалдылар орамалсыздарға, атеисттер діндарларға "олар" деп қарамай "біз" деп қарау керек. Өйткені, бәріміз бір ұлттың өкіліміз." Гүленнің бұл сөзі кеңінен қолдау тапты. Ертесіне газет-журнал және телеарналарда сенсация деп берілді. Түркияның соңғы 50 жылдық тарихын білетін азаматтарға бұл жағдай шынымен де сенсация еді.
Дүниежүзінде пайда болған түрлі идеологиялардың алғашқы сынақ алаңдары болады. Кейбір елдер геосаяси, көпұлттылығы және ішкі құрылымы жағынан осыған дайын тұрады. Түркия – сондай сынақ алаңдарының бірі. Дүниежүзіндегі кез-келген идея бірінші Түркияға жетеді. Өйткені, Түркия аймақтағы ерекше статусқа ие ел. Сондықтан болар, түрік зиялылары түрлі көзқарастарға кетіп қалған болатын.
Жазушылар және Журналис¬тер одағы Түркиядағы айтылмай және шешілмей келе жатқан бірқатар мәселелер жайыңда ұлт зиялыларының басын қосып, "Абант" платформасын ұйымдастыра бастады. Түрлі көзқарастардағы саясаткерлер, ғалымдар, жазушылар және журналистердің басқосуымен өткен бұл жиындардың қорытындысы үндеу болып жарияланды. "Абант" платформасы Түркиядағы террор, курд проблемасы және Алевиттер мәселесі сияқты тақырыптарды батыл түрде көтере білді. Өйткені, "Абант" жиындары Түркияның жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселелері жөнінде алғашқы ғылыми-практикалық басқосулары болды. Бұл басқосулардың нәтижесіндегі үндеулер бүгінгі күнде өзінің жемісін беруде. Платформа кейіннен Еуроодақ парла¬менті, Қазақстан парламенті және Ресей Думасымен бірлескен конференциялар еткізді.
Жазушылар және Журналистер одағы Түркиядағы бұл үлгілі істерінен кейін енді бір сауапты істі бастайды. Ол – сербттер мен Босния арасында болған соғыста зардап шеккен балаларға қамқорлық еді. Ол үшін Түркияның ұлттық футбол құрамасымен дүниежүзі футбол құрамасының Ыстанбұлдағы бейбітшілік кездесуін ұйымдастырды. Бұған атақты Марадонаның өзі де тікелей қолдау көрсетті. Осы ойыннан түскен пайдамен Босния жерінде үш мектеп салынды. Ол мектептерде қазір босниялық, хорват және сербтердің балалары бір партада отырып бейбітшілікпен сабақ оқуда.
Бұл одақ одан кейін аймақтық және дүниежүзілік бейбітшілікке үн қосу мақсатында мәдениеттер мен діндердің арасындағы диалог мәселесін қолға алады. Осы мақсатта 1998 жылы атақты тұлға жазушы марқұм Шыңғыс Айтматов, Қазақстаннан Олжас Сүлейменов, Шерхан Мұртаза, Нұрлан Оразалин, Әзірбайжаннан – Анар және Бақтияр Уахабзаде сынды бір топ зиялы қауым өкілінің Ыстанбұлда басын қосып, "DА" платформасы құрылған. Содан бері қа¬рай жаһандану және кіші мәдениеттердің жойылу қауіпі, дін және террор сынды тақырыптарды аймақ деңгейінде көтеру арқылы үлкен абыройға ие болды. Платформа аймақтық бейбітшілікке үн қосқан Нұрсұлтан Назарбаев, Сүлеймен Демирел, Гейдар Әлиев сияқты ел президенттерін марапаттады. Міне "DА" платформасының қысқаша тарихы осындай.
Хош көру мәдениетінің негізін салған түркілер
Платформаның бұл жолғы жиналысының такырыбы "Оқу білімде хош көру және дискриминация" болды. Өте құнды ойлар айтылды. Алғаш баяндаманы Түркияның Білім және ғылым министрі Хүсейін Челик мырза жасады. Челик мырза мысалдармен өрбіткен баяндамасында түркілердегі хош көру мәдениетіне тоқталды. Сонда айтқан бір мысалда хош көрудің керектілігін пияз мысалымен былай түсіндерді: "Пияздың жүрегінде оның өзегі тұрады. Бұл адамның өзі делік. Пияздың бірінші қабатында оның ата-анасы тұрады. Екінші қабатында туған туыстары тұрады, Ал, үшінші қабатында руы тұрады. Төртінші қабатында ұлты тұрады. Бесінші қабатында халық тұрады. Алтыншы қабатында жалпы адамзат тұрады. Ең соңында бәрін сырттан қоршайтын қабы тұрады. Яғни, адамзаттың ортақ құндылығы тұрады. Енді ойланайық, пияздың өзегі жалғыз болғанда, өмір сүре алар ма еді? Немесе оның қабаттары болмаса, ол дүниеге келер ме еді? Бәрінің сыртындағы қабы болмаса, бұл өмірге шыдар ме еді?".
Челик мырзаның екінші мысалы мынадай болды: "Хазіреті Ибрагим Пайғамбар залым патша Немрут тарапынан отқа лақтырылған кезде бір қарлығаш оған түмсығымен су тасыған» көрінеді. Оны көрген басқа құстар: "Әй, сен не істеп жатырсың?", – деп сұрайды. Қарлығаш болса: " Хз. Ибрагимді өртеп жатқан өртті сөндіру үшін су тасып жатырмын", – дейді. Сонда әлгі құстар: "Әй, сенің тұмсығыңмен тасыған судан не болар?", – дегенде, карлығаш бәрімізге үлгі боларлық мына сөзді айтады: "Мен де білемін, менің тұмсығыммен тасыған судан ештеңе болмайтынын. Бірақта мен бұл ниетіммен зұлымдыққа қарсы екендігімді, Хз. Ибрагимді қолдап жатқанымды көрсетіп отырмын". Челик мырза осы мысалмен "DА" платформасының ісінің тоғысып жатқанын жеткізді. "DА" платформасын 10 жасқа толған балаға ұқсатып бұл баланың дүниежүзіндегі зұлымдықты тоқтатуға әлінің келмейтінін, бірақта өзінің бейбітшілікті колдауға шамасының жететінін айтты.
Челик мырза қорытынды сөзінде Түркияның мектептерінде оқылатын тарих кітаптарының дұшпандықты үгіттейтін сөздерден тазартылып жатқанын білдірді. Министр мырзаның айтуынша, өзінің мектеп кезіндегі оқып жатқан тарих кітаптарында мынадай тіркестер бар екен: "Түркия үш жағы теңізбен төрт жағы дұшпанмен қоршалған ел". Осы ұрандармен өскен баланың ертеңгісін көрші елдерге көзқарасы кандай болмақ, ол бала кайтіп әлемдік бейбітшілікке үн қоспақ, "Не ексең, соны орасың", – демей ме аталарымыз. Егер дұшпандық егетін болсак, бейбітшілік ора алмайтынымыз белгілі, сол үшін біз тарих кітаптарымызды қайта жазу үстіндеміз", – деді ол.
Жиынның ең қызықты баяндамаларының бірін – Ресей Ғалымдар академиясының академигі, профессор Михаил Майер жасады. Майер мырзаның айтуы бойынша, Ресей ғалымдар академиясында Ислам институтын ашу туралы мәселе көтерілген кезде, "енді исламды үйренеміз бе?" – деп біраз ғалымдар қарсы шыққан екен. Сол кезде Майер мырза Ресей Федерациясында 20 миллионнан астам мұсылман халықтың тұратынын олармен түсінісіп санасу үшін міндетті түрде олардың тілі мен мәдениетін және дінін білу керектігін алға тартқанын айтады. Нәтижесінде осы институттың ашылуы христиан мен мұсылман халықтар арасында диалог жүргізуде зор пайдасын көрсетіп отырғандығын айтты.
Сенатор Ғарифолла Есім болса, әлемдегі хош көру және бейбітішіліктің кепілі ретінде түркі халықтарын айтуға болатынын айта отырып, оның негізгі бастауының сонау ХІ-ХІІ-ғасырлардан Қожа Ахмет Яссауи, Желаледдин Руми сынды ғұлама ойшылдардың негізін салғанын кеңінен баяндады. Қазақстандық ғалым Қансейіт Әбдезұлы болса, Қазақстанның көпұлтты ел ретінде әлемге үлгілі істер атқарып жатқанын жеткізді. Әбдезұлы мырза өз сөзінде Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің Елбасы Н.Назарбаевтың өнегелі саясатының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын және барлық ұлттарға өз ана тілдерінде білім алуларына және кітап басып, газет шығаруына толық мүмкіндік беріліп отырғанын тілге тиек етті. Және Қазақстанда ұлтаралық татулықтың кепілі ретінде Қазақстан Халқы ассамблеясының құрылғанын және оның миссиясы туралы айтты.
Платформаның жаңа басшысы Нұрлан Оразалин ағамыз "DА" платформасының құрылған күнінен бастап өте маңызды шаралар атқарып жатқанына тоқталды. 10 жыл бұрын "DА"-ны дүниеге әкелерде адамзаттың Айтматовының "DА" платформасының болашақта Еуразияның визиткасы болады" – деген сөзін ескертті.
Сонымен, үш күн бойына жалғасқан отырыстарда хош көру және бейбітшілік жайлы өте құнды баяндамалар жасалып, пікірсайыстар болды. Жиын соңында алдағы екі жылға басшылық қызметіне Нұрлан Оразалин сайланды, оның орынбасарлығына түркиялық Харун Токак және Бас хатшылық қызметіне Исмаил Тас бекітілді. Сондай-ақ, жыл сайын марқұм Шыңғыс Айтматов атына жүлде тағайындау және Үндістан мен Кытайдың бақылаушы мүше ел ретінде платформаға қосылуына делегаттар бір ауыздан қолдау білдірді.
Қазақ Әдебиеті, 28 қараша, жұма 2008 жыл
- жасалған.