ҚҰТ ҚОНДЫРҒАН ЖҮРЕГІМЕ
Баян... Баян... Баян... «Баянның» иесі Фетхуллаһ Гүлен көңілімде көп сұрақтар қалдырды, көп жайларға нандырды, шебер тілге қандырды. Жер, Әлем Аллаға жіпсіз байланған тағдырласпыз. Мен келген 70 жас көп те емес, аз да емес сияқты, бірақ дүние сырының бір түйірін түптеп ұға алмай барамын. Коммунист болдық, комсомол болдық. Адамзат көшінің негізгі заңы – Құдай жолынан, Құран жолынан аулақтаппыз. Ф.Гүленнің кез-келген ірілі-ұсақты шығармасы Алланың нұрына шомылып шыққандай, оқыған сайын санамды шалқытып аспандатқандай шынайы әсерлендім.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туылған әр баладай-ақ табиғат аясында, бұйырған дәмді жеп ержеттік. Шығыс елдері бізге түгел ертегі елі болып елестейтін: оқитынымыз «Мың бір түн», «Тотынама», «Алладин шамы» ертегісі, ең негізгісі Фердауси, Науои, Руми, Хаям, Бердақ т.б. ақындар еді, елу жылдан артық сақталған бұл теңдесі жоқ жақсыларымның жұқалтым ғана кітаптары біздің үйдің төрінен орын алған. Атам Петро деген сібірлік көпес 1907 жылы Мекке, Мәди-нада жазылып, орысша-арабша басылған «Құранды» өтерінде маған сыйға тартты, отбасымыздың құнды жәдігері өте қарапайым тілмен жазылған. Атам неге оны қадір тұтты? Иса пайғамбарымыздың кітап-тарымен қоса сүйсініп оқыды, сыйынды? Жас төлдей болдық, ұқпадық. Ержеткендегі көшіміз Құдайды да, оның сөзін де керек қылмады, болмаса мұнша азапты бастан кешпес те едік.
Ф.Гүленнің «Ғаламның Рахым Нұры – Мұхаммед Пайғамбар» өмірбаянын жазған кітабын «Баяннан» бұрын оқыдым, ұзақ оқыдым, неге десеңіз, ұятыма орай, Пайғамбарымыздың толыққанды, жан-жақты өмірі суреттелген дүние қолыма түскен емес. Ертелі-кеш намазға жығыламыз, керекті ғана сүрелерді жаттап, әйтеуір Алланың алдына бір барармыз деп. Ендігі арман-тілек басқаша, оған да Ф.Гүленнің әсері деп ойлаймын. Қасиетті Құранның «Ғимран» сүресінің 97-аятында «Шамасы жеткен адамдарға Алланың разылығы үшін Қағбаны қажылық ету – парыз», ал Бақара сүресінің 158-аятында «Қажылықты, умраны Алла үшін толық орындаңдар» делінген, осынау қасиетті сапарға дайындық үстінде Ф.Гүлен шығармаларының пайдасы көп тиді, Жамбыл атамның жасына жетсін! Шабыттанып, көсіліп жазған «Баяндары» көбейсін.
Мұхаммед Пайғамбарыма оралайын. Оқығаннан тоқығаным – Ол кісі Күрейіш тайпасының Хашим руынан. Олар ұрпақтан-ұрпаққа Қағба қызметкерлері. 569-632 жылдары жасады. Сәуірде дүниеге жаратылған Мұхаммедке (с.ғ.с) дейін Қағба бар екен. Мен Қағбада Пайғамбарымыз жатыр деп ойлайтынмын... Сөйтсем, Алланың Елшісі Мәдина қаласында екен, оны да кітапты оқыған соң білдім.
Адам ата, Хауа Анамыз жұмақтан Жерге жіберіледі. Киелі жерге Мекке қаласы салына бастайды. Адам баласының түп тамыры, ата-анасы жатқан жер деп Қағба қаланады. Ыбрайым пайғамбар мен оның ел басқарған баласы Ысмайыл мұрындық болады ұлы іске. Қабырға қаланғанда Ыбрайымның ізі қалған тас бар «Макаму Ибрахим» белгісі. Қағбаны тауап жасайтын бос жердің орта кезіне орналасқан. Адам атаның қолындағы ерекше нұрлы тас та, кие ретінде ол да қаланған. Сол аппақ нұрлы тастың қарайып кетуіне де күнәһар пенделердің көптігінен бе деген де пікір бар.
Мұхаммед Пайғамбар көбіне Мәдинада тұрған. Айша деген сүйікті әйелінің тізесіне басын қойып, тура 63 жасында жан тәсілім еткен. Қайтыс болған жері Мәдинаға қойылды. Алғашқы Хадиша есімді әйелінен әйел затының пірі Бибі-Фатима туған. Қасым және Ибрагим есімді ұлдары жастайында шетінеген.
«Баянды» да оқып шықтым. Түпнұсқадан қотарылған бұл кітаптың қазақшасындай жатық та әсерлі сөйлем-саздарды мен Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан ғана оқитынмын. «Баяндағы» қай тақырыпты алсақ та, «бәрі ерекше көтеріңкі шабытпен жазылған. Елге, қауымға арналған дайын баяндамалар, өмір белестері. Әсерім шексіз...
- жасалған.