Диалогқа деген исламның - әлемдік үндеуі

Он төрт ғасыр бұрын ислам бүкіл әлемге: «Әй, Кітап иелері! Сіздер мен біз ортақ сөзге тоқтайық; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге ешкім-ешкімді тәңір тұтпасын» деп айт. Егер олар сонда да бастарын алып қашса, онда: «Куә болыңдар, біз мұсылмандарданбыз» деңдер» деген ұлық бір тарихи үндеу жасады (Әли Имран сүресі, 64-аят).

Ислам дінінің – «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» деген басты тұжырымы бүгінгі дін өкілдерінің арасындағы ішінара болып жатқан тартыстарды тоқтатуға бағытталған. Бұл діндар адамдардың келісіміне лайық өте ауқымды әрі кең түсінікті құрайды. Егер де бұл түсінікке жол бермеген жағдайда, мұсылмандар: «Өз дінің – өзің үшін, өз дінім – өзім үшін» деп жауап берер еді.

Танымал түрік муфассирі (Құран тәпсіршісі) Элмалылы Хамди Языр: «Ұлттың, сананың, діннің, кітаптардың түрлі болуы ортақ санаға бағына алады және ақиқат сөзі арқылы біріге алады. Шынында ислам адамзат әлеміне еркіндік заңын сақтап қалу үшін, анық ақиқат жолды көрсетті. Және бұл араб немесе араб емес елдердің шеңберімен ғана шектелмеген. Діни прогресс тар әрі шектеулі санамен жүзеге аспайды, керісінше ол өте кең әрі жан-жақты ауқымды дамуды талап етеді» дейді.  

Осының барлығын бізге ислам діні нәсіп етті. Исламның осындай кең ауқымдылығына қатысты ой-пікірлерін Саид Нурси былайша түсіндіреді: «Мен аяттағы «біз» деген сөздің мағынасы жайында қатты ойландым: «(Біз) Саған ғана құлшылық қыламыз, Сенен ғана жәрдем тілейміз» (Фатиха сүресі, 5-аят). Сөйттім де өзімнен неге осы «мен» дегеннің орнына «біз» есімдігі қолданылып тұр деп сұрадым. Кенеттен өзіме діни құлшылықтың құпиясы мен қадір-салмағы айқындала түсті. Барлығымыз бір жамағат болып Баязит мешітінде ғибадат жасаған кезде, сол жердегі әрбір пенде мен үшін бір қолдаушымдай сезілді. Сондай-ақ сол жерде Құран оқыған сәтте де барлығы мені жақтап куәгерлік етті. Өзімнің Тәңірлік ұлық сотқа деген түкке тұрмайтын құлшылығымның қауқарсыздығын сезе отырып, жалпы жамағаттың ұлы да ықыласты құлшылығынан қайраттандым.

Осы жерде және бір ақиқат ашыла түсті: барлық Стамбул мешіттері Баязит мешітінің қарамағында болды. Олардың менің игі істерімді қолдап, дұғаларын қосқанын сездім. Осы жер бетіндегі мешітте мен өзімнің қасиетті Қағбаны айналып жүргенімді көрдім. Мен: «Бүкіл әлемдердің Раббысына мадақ. Осыншама қолдаушыларым бар; барлығымыздың сөздеріміз бір және олар маған демеу болады»,- дедім.

Мен бұл ақиқатты саналы түрде ойымда қорытқанда, өзімді Қағбаның алдында ғибадат жасап тұрғандай сезіндім. Сөйттім де Жаратқанға жалбарынып жатқандардың барлығын куәгер ете отырып: «Мен Аллаһтың жалғыз және Мұхаммедтің Оның елшісі екеніне куә келтіремін»,- дедім. Бұл иман куәлігін Қара тасқа (Хажарул-асуад) табыстадым. Осыны жасағаннан кейін және бір тылсым шымылдығының ашылып келе жатқанын сездім. Өзім бір мүшесі болып табылатын діни бауырластықтың үш топқа бөлінетінін түйсіндім.

Бірінші топтағылар діндар мұсылмандар, Аллаһтың бар екеніне және Оның бір екендігіне сенушілер. Екінші топ ұлы құлшылықты дәріптейтін және Жаратқанды тануға шақыратын бүкіл тіршілік атаулыдан тұрады. Мұндағы әрбір топ немесе жекелеген өкілдер Аллаһқа деген қайталанбас ғибадаттарымен әрекет етіп жатты, мен де солардың арасында болдым. Ал үшінші топтағылар болса сырттай кішірек болғанымен, өздерінің ұлық мақсаттары мен ерекшеліктері тұрғысынан алғанда асқар таудай алып таңғажайып бір әлемді паш етті. Сөйтіп, денемдегі атомдардан бастап, сыртқы сезім мүшелеріме дейін, мен Аллаһқа деген құлшылығы мен шексіз алғыстарын білдіріп жатқан діни бауырластықты сездім.

Түйіндей айтқанда, «біз» сөзі осы топтардың құлшылығын білдіреді. Осы тұста Құранның ұлы тәпсіршісі, әрі таратушысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәдинада бүкіл адамзатқа арнап: «Сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар» (Бақара сүресі, 21-аят) дегені ойыма оралды. Және де басқалары тәрізді мен де бұл қасиетті үндеуді жан-дүниеммен сезіндім, мен секілді әлгі үш топтың өкілдері де: «Саған ғана құлшылық қыламыз» деп жауап берді.


 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.