Оңашалану мен оқу программалары
Сұрақ: күнделікті өмірдегі қарбалас пен дүрбелеңнен шаршағанда адам баласы жан дүниесіне тыныштық сыйлайтын жер іздейді. Иманды жандар осындай жерлерді рухани дамуына мүмкіндік деп біледі. Сол программаларды жақсы пайдалана білу үшін неге баса мән беруіміз керек?
Жауап: Қоғамда әрбіріміздің өзіндік міндеттеріміз бар. Онымен қоса, иманды адам жұртқа Исламның құндылықтарын тарату мен жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюы керек болса, қоғаммен етене байланысуға мәжбүр. Аллаһ пен ақырет күніне өз дәрежесінде сенген адам жұртқа ақиқаттың құбыласын көрсетіп, шамасы жеткенше бағыт-бағдар беруі керек. Пайғамбарымыз (с.а.с) оңаша қалып ғибадат еткеннен гөрі, жұрттың теріс айналуы мен қарсылығына қарамастан өз ұстанымымен жүрудің артық екенін айтқан. (Тирмизи, Қиямет 55). Сол себепті біз үшін оңашалану мен елден жырақтау біз үшін қызметімізден бас тарту деген сөз. Үнемі жеке жүріп, жұртпен байланысты үзуді мен өз басым күнә санаймын. Өйткені Исламның негізгі ұстанымдарының бірі халықтың ішінде жүріп Хақпен бірге болу, адамзатқа қызмет ету емес пе?!
Не керек, қоғаммен етене жақын араласып жүргеннен кейін кейбір қолайсыз жағдайлармен бетпе-бет келіп қалатын уақыттарымыз болады. Сезімімізді харамға былғап, түк болмағандай жүре беретін кездеріміз де болады. Міне, осындай кездері өзінің рух әлемімен оңаша қалып, терең ойға батып, күнәлары үшін тәуба етуге мүмкіндік беретін күнделікті дүрбелеңнен жырақ жерге мұқтаждығымыз көрінеді. Менің ойымша, осындай жерлерде кітап оқып, білім жетілдіру ғибадат болып саналады. Бірақ бұл жерде де еске алатын нәрсе мынау. Ол жерде мүмкіндікті барынша молынан қолданып, ғибадат пен оқуды өз дәрежесінде орындау керек. Онда оқылған Құран мен зікірлер, айтылған ғибраттар бейне бір жаратылыс симфониясы секілденіп, елдің қызығушылығын оятуы керек.
Руханилер ауаны
Жаз күндерінде лагерьлерге жиналған шәкірттердің оқыған Құрандары маған қатты әсер ететін, қатты толқушы едім. Күн сайын оқыған 200-300 бет кітаптары оларға үлкен рухани хал сыйлайтын. Соған қарамастан ол жерлердегі біздің тұрмысымыз да тым қарапайым, жұпыны еді. Астымызға төсегеніміз қарапайым төсеніш. Дастарханға да жылы-жұмсақ қоймай, қарапайым ғана ас ішуші едік. Сол кезде келген бір қонағымыз қазір әлемде бұдан үлкен руханиятқа жеткен ешкім жоқ деп, ертеңінде тағы келіп еді.
Сонымен қоса, өзімізді де есепке тартып, қызмет ойымен бойымыздағы кемшіліктерді көріп, тұрған жерімізде тұралап қалмай, білім мен ғибадатта ілгерілеуден танбауымыз лазым. Онымен қоса, нәпсімізді ауыздықтап, тәндік қалаулардан бас тартып, рухымызды байытып отыруымыз шарт. Мұндай орындарда бәріміздің де бір түнде 100 рәкат намаз оқуымыз керек. Мұны қиынсынбаған дұрыс. Өйткені бұрынғылардың өміріне қарайтын болсақ, бала кезінен бастап бір түнде осынша намаз оқығанын көреміз. Сонымен қатар, дұға мен истиғфарды да әлсіретпеген жөн.
Кей кітаптардың қайталай оқылуы
Негізінен арнайы кітап оқу үшін жиналғанда күніне 300 бет оқуға мүмкіндік бар. Сонда 15 күндік программада 4500 бет оқисыз. Егер жылына осындай программа екі рет жасалса, көп дүниеге қол жеткізген боласыз. Негізінен қандай кітаптардың оқылуы керек екені көпшіліктің қабылына байланысты. Ал бір ғана автор мен бір ғана бағыттағы кітаптар адамды жетілдірмейді. Алайда көпшілік өзінің басшысына бағынады. Егер басшы әлденені ұсынса, демек сол адамдарға сол кітапты оқу керек болғаны. Өкінішке орай, кітап оқып, ғибрат алып, ой жүгіртудің орнын бүгінде бізді кітапты зырылдатып оқып шығу түсінігі басым болып тұр. Сол себепті де сапалы кітаптардың құнын біз түсіне алмай жүрміз.
Және де соңғы айтарым, осындай оңаша жерлерде бірнеше адамдардың жиналып осындай ізгі іс істеуі кейінгі ұрпақ үшін діннің басы бүтін түгел жетуіне бір кепіл болады. Ислам Ислам болғалы дәл бүгіндегідей ластанған емес. Көше кір, аула кір, қоршаған орта кір, білім беру жүйесі кір. Осылардан бөлініп шығып, таз жерде саф ойлануға тәрбиелеу келешек үшін үлкен қадам болып саналады. Сонымен қатар, ғибадаттағы Аллаһқа сиынуымыз да бізді өз қамқорлығына алады. Иманға күш береді. «Сендер Мені есіңе алсаңдар, Мен де сендерді есіме аламын» (Бақара, 152) демей ме? Аллаһ тағала бізді осындай жағдайда қамқорлығына алады. Сезім мүшелері мен жүрегін тазалауға әркімнің-ақ мұқтаж екенін білеміз. Ол үшін парасатты ортада ғибратты іс істеп, бос сөз бен бос ойға салынбаған жөн.
- жасалған.