Мұғжиза мен керемет
Мұғжизаға сенбеген адам Аллаһты танымайды және Оның құдіретінен бейхабар қалады. «Мұғжиза арқылы ай қақ айрылмайды» деу – «Аллаһ айды екіге бөле алмайды» деген сөз. «Өлгендер қайта тірілмейді» деу Аллаһтың бұған құдіреті жетпейді деген мағынаға саяды.
Керемет – әулие адамда кездесетін, табиғат заңдылықтары-на бағынбайтын құбылыс, сондықтан да ол пайғамбардың мұғжизаларын және оның пайғамбарлығын дәлелдейді.
Керемет – өзін пайғамбармын деуден аулақ тақуа құлдарға берілген иләһи сый. Бұны тек адам танитындар ғана түсіне алады.
Әулиелік – Аллаһ Тағаланы сүю мен Аллаһ тарапынан сүйіспеншілікке бөлену мәртебесі. Аллаһ Тағала өзінің берілген адал достарына ғажайып сый беріп, ізгілік пен мейірімділікке бөлейді. Оларды (әулиелерді) дүйім жұртқа әйгілі қылғаны іспетті, әдетте інжу-маржанды арнайы құтысында қалай сақтайды, оларды да өмірінің соңына дейін әрі өздерінен, әрі халықтан солай жасыруы мүмкін...
Қарапайым адамдардың түйсігі жете бермейтін ерекше сый алған бұл ұлы тұлғалар пайғамбарлық ақиқатының көлеңкесі сияқты. Міне, біз бен олардың арасындағы негізгі айырмашылық – осы.
Әулие – хикмет, даналық иесі деген сөз. Хикмет пәлсәфадан қаншалықты жоғары болса, әулие де философпен салыстыруға келмейтін дәрежеде одан жоғары...
- жасалған.