Қасиетті Құран
Құран – адам баласының қадір-қасиетіне сай, оның жүрек, рух, ақыл және тәнін толық қамтитын ең жоғарғы әлемнен адамзат көкжиегіне келіп туған аса керемет жолдаулар мен иләһи заңдардың жиынтығы.
Қазіргі таңда шамамен бір миллиард адам мойындаған Құран-Кәрім – өзгермейтін мәңгілік принциптерімен күллі адамзаттың бақыты мен сол бақытқа жеткізетін ең төте де жарқын жолдың жол сілтеушісі ретінде ешбір теңдесі жоқ дара кітап.
Құран – жер бетінің тағдырында шешуші роль ойнап, қатарында миллиондаған философ пен ойшылдар болған ең нұрлы жамағаттың жарқын бастауы. Осы тұрғыдан алғанда, оның салтанатына тең келетін салтанат жоқ.
Құран түскен кезінен бастап талай қарсылық пен сынға ұшырады. Алайда, Құранға байланысты құрылған соттың барлығында Оның хақтығын растайтын үкім шығарылып, соттың бәрі оның жеңісімен аяқталған.
Құран – адамдардың жүректерінде жарқыраған нұр, рухтарды сәулелендіретін жарық көзі және бастан-аяқ ақиқаттар көрмесі. Оны тек бір гүлдің бейнесінде әлемдегі бүкіл сұлулықты сезе алатын және бір тамшыдан толқыған теңізді көре білетін иманды жандар ғана түсіне алады.
Құран сондай әдемі мәнерге ие, оның аяттарын естіген араб не өзге де ұлттың сөз зергерлері оған сәжде етіп, оның мазмұнындағы тереңдікті сезіп, түсінген. Шынайы һәм білікті әдебиетші ғалымдар да осы бір сөз Падишасының алдында еріксіз тағзым етіп, бас иген.
Мұсылмандар тек Құранды растап, оған иман келтіру арқылы өз араларында бірлікке қол жеткізе алған және Оны растап, Оған иман келтіру арқылы ғана қайтадан бірлікке жете алады.
«Иман – ардың ісі» деу – «Аллаһты, Пайғамбарды (с.а.с.), Құранды тек тілмен емес, ар-ожданыммен сезініп, мо-йындаймын» деген сөз. Мұндай түсініктен туындаған құлшылықтың барлық түрі осы берік сенімнің табиғи көрінісі болып табылады.
Адамзат қараңғылық пен күпірліктен пайда болатын сұмпайы үрейдің тұңғиығында жүрген кезде, сол іштен кеміріп, сырттан шалатын, сөйтіп, адам баласын құрдымға құлататын жыртқыш ортада жарықтың селі сияқты бір демде әлемдерді нұрға бөлеген теңдесі жоқ ең ұлы төңкеріс тарихта бір ақ рет Құран арқылы болған. Бұған қарт тарих куә..!
Адамға өзінің болмысының мәні мен түпкілікті мақсатын, ақиқатты, хикметті Аллаһтың Заты, сипаттары мен көркем есімдерін ерекше дәлдікпен танытқан кітап – Құран. Бұл мәселеде оған тең келетін өзге кітап жоқ. Пәк көңілді кемел тұлғалардың даналығына, ақиқатшыл ойшылдардың философиясына үңілсең, бұны сен де түсінесің..!
Шынайы әділдікті, нағыз еркіндікті, теңдікті, ізгілікті, ар-намысты, өнегелілікті, тіпті жан-жануарлардың өзіне де мейірімді болуды бұйырған және залымдыққа, Аллаһқа серік қосуға, әділетсіздікке, надандыққа, жемқорлыққа, пайыздық өсімге, өтірік айтуға, жалған куәлік етуге ашық түрде тыйым салған жалғыз кітап – Құран.
Жетімді, кембағалды, жәбірленушіні қорғап, патша мен құлды, қолбасшы мен қатардағы әскерді, шағымданушы мен жауапқа тартылушыны тең көріп, әділ үкім берген кітап – тек осы Құран.
Құранды аңыз және негізсіз ойдан шығарылған нәрселердің қайнары деу – он төрт ғасыр бұрынғы қараңғылық дәуірінде өмір сүрген арабтардан дінсіздердің мұра етіп алған қисынсыз сандырағы. Мұндай көзқарас хикмет пен шынайы пәлсафа ғылымы тұрғысынан алғанда тіпті күлкілі...
Құран мен оның алып келген ақиқаттары жайында сөз қозғайтындар ұдайы болмаса да кейде адамның бақыты мен қауіпсіздігі жайлы айтса дұрыс болар еді?! Шындығында, Құраннан нәр алмаған мәдениеттердің аянышты халі мен бытыраңқылығы, оның жарығынан мақұрым қалған рухтардың мүшкіл жағдайы мен күйзелістерін көре тұра бұл кертартпалықты түсіну қиын...
Адам баласы үшін ең кемел өмір – Құраннан толық нәр алған өмір. Өркениеттің, бүгінгі күннің басты атрибуттары, төрткіл дүниенің төрт бұрышында бірдей құрметке ие құндылықтар нешеме жүздеген жыл бұрын Құранда айтылып кеткендігін сенімді түрде айтуға болады. Олай болса, кінә кімде..?!
Құран жайында ойына келгенін көпіретіндер мен Оған қарсы шығуды өзіне міндет етіп алғандардың көпшілігі – өздерінің білмейтіндіктерін де біліп сезе алмайтын надандар. Өкініштісі, бұл бейбақтар өздері соншама қарсы шыққан Кітап жайында тыңғылықты зерттеу жүргізіп, дұрыс кітап оқыған емес. Негізінде, бұлардың пайымдау-лары мен позитивтік ғылымдарға оң қабақ танытпайтын надандардың пікірлері арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Дегенмен қалың жұртшылықтың ақиқатқа көзі толық ашылу үшін әлі де біраз күтуге тура келеді.
Құранға иман келтірген адам хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.), ал хазіреті Мұхаммедке иман келтірген Аллаһқа иман келтірген болып саналады. Құранға сенбеген адам хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.), хазіреті Мұхаммедке сенбеген Аллаһқа иман келтірмеген болып саналады. Міне, нағыз мұсылмандықтың өлшемдері...!
Адам баласы Құран арқылы Аллаһпен тілдесу сияқты ең жоғарғы дәреженің шыңына шықты. Бұл деңгейді сезіне білген адам Құранды оқыған кезде, Жаратушы Иесін тыңдап Онымен тілдеседі және онысын растап ант-су ішсе, оның сөзіне толық сенуге болады.
Адам Құранның нұрлы кеңістігі арқылы осы дүниеде жүріп-ақ қабірден, бәрзах әлемінен (Қайтыс болғандардың рухтар әлемі) аттап өтіп, Махшарды (Қиямет күні өлгендер қайта тіріліп, жиналатын жер), Сиратты (Қыл көпір) көреді. Жәһәннамның қорқынышты көріністерінен үрейі ұшады және өзін Жәннаттың жанға жайлы, самаладай жарық жағалауында серуендеп жүргендей күй кешеді.
Мұсылмандардың Құранды түсінуіне, оған терең бойла-уына мұрсат бермегендер, оларды осылайша діннің рухынан және Исламнан алшақтатты.
Жуық келешекте адамдарды қайран қалдыратын оқиға болғалы тұр. Түрлі ғылым, техника және өнер – бәрі негізгі бастауы – Құран мұхитына оралатын болады әлі. Қасиетті Құранмен қайта қауышқан кезде ғалымдар, зерттеушілер мен өнер адамдары сол ұлы айдында желкен керіп, жүзетін болады...
Келешекте Құранның дәуірі туатынына, арайлап таңның ататынына еш күмәнданудың қажеті жоқ. Өйткені Құран – өткенді бүгінгімен, бүгінгіні келешекпен қатар көріп, білетін Ұлы Жаратушының Сөзі..!
- жасалған.