Умму Харам

 Умму Харам бинт Милһан – бір риуаят бойынша Аллаһ елшісінің сүт апасы, басқа риуаятта анасына туыс болғандықтан, нағашы әпкесі саналатын. Пайғамбарымыз оның үйіне қалаған уақытында кіретін, кейде дем алу үшін сонда аялдап қалатын.                 

Бір күні әдеттегідей тынығып жатқан. Күлімсіреп оянды. Умму Харам бинт Милһан: «Аллаһ елшісі, неге күлімдедіңіз?» – деп сұрады.

Ол: «Үмбетімнен бір жамағаттың патшалар секілді кемелермен жиһатқа шыққанын көрдім», – деп жауап берді.
Әйел: «Дұға етіңіз, мен де солардан болайын», – дегенде, Аллаһ елшісі: «Сен солардың қатарындасың», – деді.
Жастыққа қайта бас қояды. Біраздан соң тағы күлімсіреп оянады, Умму Харамға дәл сол сөздерді қайталап айтты. Ол қайтадан: «Дұға етіңізші, мен де солардан болайын», – дейді. Пайғамбарымыз: «Сен алғашқылар арасында боласың» – деп жауап қайырды[1].

…Жылдар өтті.

Умму Харам жұбайы Убадә ибн Самитпен бірге Кипр сапарына шықты да, сол жерде ауырып қайтыс болды[2]. Сол күннен бүгінге дейін мұсылмандар олардың басына барып, көз жастарын төгіп қайтады. Әлбетте, аққан әрбір жас, сонымен қатар, Аллаһ елшісін растау мағынасына да келетін. Өйткені ғайыптан берілген хабар айна-қатесіз шыққан болатын. Осы ақиқатқа Кипр тарихы мен Кипрдың қабірлері айқын куә.

Аллаһ елшісінің хабарлары уақыты келгенде, бірінен кейін бірі жүзеге асып жатты. Біз де тарих сахнасынан тамашалап, оған деген шәһадатымызды (иман) жаңғыртып: «Дұрыс айтасың, Аллаһтың елшісі»,– дейміз. Ол жайлы айтуға шамамыз жетер ме екен? Бірақ әрбір мұсылманның жан-дүниесі мен ішкі жан-сарайында естілген дауыстың күркірей жаңғырғаны соншалық, оны естімеу, жоққа шығару мүмкін емес.



[1] Бухари, Та’бир,12, Жиһад, 3,8; Муслим, Имарә, 160, 161.
[2] Ибн Хажәр, Исабә, 4/441.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.