5. Тәухид
Тәухид[1]
Осы ерекшелік Құран Кәрімде көптеген пайғам-барлардың өз еліне айтқан сөздерінде негізгі мәселе ретінде көтерілген: «Ей, елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ!» (Һуд, 11/84).
Әр пайғамбардың дағуасы осы ұлы ақиқатпен басталып, осымен аяқталады. Әрқайсысы өзінше бір төбе болған, әр уақытта әр түрлі өлкелерге келген пайғамбарлардың бір мәселе төңірегінде жұдырықтай жұмылып, ақиқатты паш етулері Рабтарынан алған хабарларды тәблиғ еткенін көрсетеді. Өйткені әр түрлі дәуір мен өлкелерде өмір сүргендеріне қарамастан, өзара бірлесіп, бір келісімге келмесе, оны жүзеге асыру мүлде мүмкін емес еді. Сіздер бастауын бір қайнардан алған кейбір пәлсапалық ағымдар мен бір дәуірде өмір сүрген адамдардың араларында ұсақ мәселелердің өзіне келісе алмай, көптеген қарама-қайшылықтарға түсіп жатқанына куәсіздер. Адам ақылынан бастау алған осы ағымдардағы әлгіндей қарама-қайшылық пен иләһи (құдайлық) уахимен таңдалған кісілердің құрған жүйелеріндегі үйлесімділікті бір арнада тоғыстырып, саралап қарағанымызда, алдыңғысының өз бастауын адами сана-сезімдерден алғандығына, соңғысының өз бастауын жер менен көкті жаратқан Ұлы Жаратушыдан алғанына көз жеткіземіз. Пайғамбарлардың сөзінің бір жерден шығуы және тәухид ақиқаттарымен келуі де пайғамбарлықтың өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Сондықтан да Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Менің және менен бұрын келген бүкіл пайғамбарлардың айтқан ең қайырлы сөзі: Ләә-иләһә иллаллаһу уахдаһу ләә шәрикә ләһу (Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ол жалғыз. Оның серігі жоқ) болған», – деген[2].
[1] Тәухид: Құдайға ортақ қоспау. Оны бір деп тану, Оның дара, жалғыздығын жария ету. Аллаһтан басқа құдай жоқ деу (ауд).[2] Муатта, Хаж, 246; Кәнзу’л-Уммал, 5/73.
- жасалған.