ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ СИПАТТАРЫ

ТУРАЛЫҚ
Туралық – пайғамбарларға тән асыл қасиеттердің бірі. Олар әрқашан осы туралықтың шеңберінде әрекет етеді. Пайғамбарлардың барлық сөздері туралықтың ақ туын желбіретеді. Олар ешқашан болған жайды бұрмалап айтпайды. Құран Кәрім кейбір пайғамбарлардың ұлылығын сөз еткен кезде, осы асыл сипаттарын айтып кетеді: «Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Ол турашыл пайғамбар еді» (Мәриям, 19/41).

Яғни, сен заңғар пайғамбар Ибраһимді (а.с.) «Ләухы махфузда» (тағдырда) немесе тағдырдың «айқын ақиқаты» мен «көшірмесі» болған Құранды есіңе ал. Ол – өзі мен сөзі, іс-әрекеттері мен ой-пікірлері тұп-тура пайғамбар дегенге саяды.

 «Кітапта Исмайылды есіңе ал. Шынында, ол уәдесіне берік елші әрі нәби (пайғамбар) еді» (Мәриям, 19/54).

«Кітаптан Ыдырысты есіңе ал. Ол турашыл пайғамбар еді. Оны биік дәрежеге  көтердік» (Мәриям, 19/56-57).

Жүсіп пайғамбарға (а.с.) қарата айтылған зындандағы жолдастарының сөзін Құран бізге жеткізгенде, оның да турашыл жан екенін білеміз: «Ей, өзі де, сөзі де турашыл Жүсіп!» (Юсуф, 12/46).

Аллаһ жай қарапайым адамдардың да турашыл, шыншыл болуын қаласа, пайғамбарлар қалайша турашыл болмасын.

Құранда турашыл болғандарға үлкен баға береді:
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқып, турашылдармен бірге болыңдар» (Тәубе, 9/119).

«Нағыз мұсылмандар – тек қана Аллаһ пен елшісіне иман етіп, иман жайлы қандай да бір күмән келтірмей, Аллаһ жолында дүние-мүліктерін жұмсау арқылы және жандарын беріп соғысқандар. Міне, солар турашылдар» (Хұжұрат, 49/15).

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.