Бейбітшілік нышаны
«Кутубу-ситтә» (Ең сенімді алты хадис жинағы) адамдарының басым көпшілігі риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі бір күні хұтба оқып тұрып, Хасанды (р.а.) меңзеп былай деді:
«Бұл – менің балам Хасан, ол – сейіт[1]. Аллаһ онымен екі үлкен жамағатты бір-бірімен татуластырады»[2].
Иә, ол сейіттің баласы – сейіт. Аллаһ елшісінің ұрпағы. Бір күні өзіне тапсырылған халифат пен патшалықты халық арасында алауыздыққа жол бермеу үшін тастап, өзінің қандай сейіт екенін дәлелдейді. Арада жиырма бес-отыз жыл өтпей жатып, Хақ пайғамбардың айтқандары айнымай келеді. Әлиден (р.а.) кейін Әмәуилер Хасанға (р.а.) қарсы шықты. Бірақ осы бейбітсүйгіш адам барлық міндеттерінен құтылғанын жария етіп, бір-бірімен айқасуға шақ қалған Ислам әскерін татуластырып, уақытша болса да, қорқынышты бүліктің бетін қайтарады[3].
Бір ақын мұны майын тамыза жырға қосады:
«Ол (Хасан) сейіттің баласы – сейіт. Қалайша сейіт болмасын. Өйткені атасы – адамдардың ең жақсысы, жаратылыстың мақтанышы».
Пайғамбарымыз осы хабарды айтқан кезде, Хасан әлі кішкентай бала болатын. Сірә, сол кезде атасының не жайлы айтқанын білмеген де шығар. Яғни, жоғарыдағы жайтқа Аллаһ елшісінің айтуымен барған жоқ. Керісінше, Аллаһ елшісі оның солай істейтінін білген. Білгендіктен айтты. Хасан (р.а.) да атасының сөзін растап, талай жылдан соң, оған: «Сен рас айтасың», – деп жатты.
[1] Сейіт – Хасаннан (р.а.) тарайтын Пайғамбарымыздың ұрпақтары, салих құлдар.
[2] Муснәд, 1/6
[3] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 8/45.
- жасалған.