Алғаш қауышарым сенсің

Пайғамбарымыз сырқаттанып жатқан күндердің бірінде жүріс-тұрысы, нұрлы жанары өзінен аумаған қызы Фатиманы (р.анһа) қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды[1]. Сол мезет Фатиманың еңіреп жылағаны сонша – жұрт әбігерленіп қалды. ртынша Аллаһ елшісі оның құлағына тағы да әлдене деп сыбырлады. Бұл жолы Фатима қатты шаттанды, бұны көрген жұрт көз алдында «жәннаттың есіктері айқара ашылды ма екен?» деген ойға барды. Себебі, оның жүзі сол мезет айрықша қуаныштан бал-бұл жанып шыға келген-ді.

Бұл жайды байқап қалған Айша анамыз (р.анһа) оның мәнісін білмек боп сұрағанда, Фатима анамыз: «Бұл Аллаһ елшісінің сыры», – деп, айта қоймады. Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін арада біраз уақыт өткен кезде Айша анамыз әлгі өтінішін тағы қайталайды. Сонда Фатима анамыз: «Бірінші шақырған кезде ол өзінің көз жұматынын айтты, сол үшін жыладым[2].

Екінші рет шақырғанда, отбасының ішінде алғашқы боп менімен қауышатынын айтып сүйіншіледі. Мен соған қуандым», – деп жауап береді[3]. Алты ай өткенде Фатима (р.а.) да іле көз жұмды. Бұл да өз кезегінде пайғамбарымыздың пайғамбарлығын растап, «садақта» (рас айттың) деп тұрғандай.



[1] Осы сырқаты ақыры Пайғамбарымыз дүниеден өтуіне себеп болған еді.
[2] Бухари, Мәғази, 83; Муслим, Фәда’илу’с-Сахабә,98.
[3] Бухари, Мәнақиб, 25; Муслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98, 99.
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.