ТІЛ МЕН ОЙ ТЕРЕҢДІГІ
Тіл – мәдениеттің басты серіппесі мен негізгі қозғаушы күші. Ұлттың қауқар-әлеуеті және қуаты тіл мен ойдың қозғаушы күштерімен тепе-тең. Қоғам – тіл мен ой-пікірге қаншалықты бай болса, соншалықты қабырғалы әрі қайратты болып саналады. Кісі өз ана тілін неғұрлым жақсы меңгеріп, басқалармен де еркін тіл табыса білсе, соғұрлым өз болмысы мен өмірінің мәнді өтуіне алғышарт жасай алады. Негізінен, тіл – адамның тіршілік пен өмірдегі оқиғаларға деген көзқарасын, біртұтас ағзаның және оның әр бөлшегінің ишарасы мен мән-мағынасын қалыптастыратын ең маңызды фактор. Қай тұрғыдан алғанда да, тіл мәдени өмірімізде шешуші рөл атқарады.
Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болуымен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді.
Бүгінгі таңда, әрбір қоғам сөйлеу мәдениеті мен ойлау өресінің арқасында «көптеген жиған-тергендері мен жетістіктері зая кетпесін, тілдік һәм әдеби мұраларды байытсын, бүгінгі һәм өткен күннің шындығы мен қателерін, бүгінгінің қателерімен қатар өткеннің шындығын көріп ғибрат алсын және қажетсіз жерге тағы да теріс жолмен жүрмесін» деп, сыналып жатады. Сонымен қатар, ұлттық болмысын тіл арқылы сақтап қалудың жолын іздеп, болашақ ұрпаққа бағыт сілтейді.
Тіл мен ойға қатысты әрбір ұлтқа тән қағида бар. Дұрысында, әрбір «тіл» – серпінді дамуға қарай бет алған ойдың тілі, ал «ой» – тілдің құралы.
Тіл ішкі серпінімен әрбір жайтты жеткізу барысында заман талабын үнемі үндестіруге шамасы келе бермейді. Сондықтан да, егер сол тілде сөйлейтіндер кейбір мағынаны жеткізуде қиындыққа душар болып жатса, онда тіл ойдың қолдауынан ажыраған деген сөз, ал мұндай тіл жетім, оны қолданатындар да бейшаралық күйден аса алмайды. Егер де өзіміз туралы сөз еткенде, айналамыздан естіп үйренгендеріміз арқылы немесе лұғатта жинақталған сөздерге ғана қанағат ететін болсақ, онда мектептер, өндіріс мекемелері, сауда жәрмеңкелері, технологиялық сүргін заманауи салаларда үніміз шықпай, айналамызға жаутаңдауға мәжбүр боламыз. Ал, бұл жағдай – өз кезегіндегі басты негіздер болып қабылданатын серпіндер мен құндылықтарға деген ескерусіздік, сондай-ақ, замандас елдердің алдында селқостыққа салыну деген сөз.
Сондықтан да, кешегі күніміздің мойнына артып келген барлық әжет-қажеті міндетті түрде бүгінгі таңда да таразылануы керек. Үйде, көшеде, шайханада өз болмысымызға сай естіп-тыңдағандарымыздың барлығы сақталуы қажет. Бізге өткеннен аманат болып жеткен біртұтас тарихи және ұлттық құндылықтарымыз міндетті түрде ұлт мүддесіне қызмет етуі тиіс. Алайда болашақтың туын желбіреткенде, осы шағымызға және келешегімізге мән беруді ұмытпаған жөн. Асылында, кешегі күніміз артта қалды. Ал, отбасы, көше және әлеуметтік ортадан алған тәлім-тәрбиенің дұрыстығы, келешекке қарай бет алысы қатыгез өмірлік ұзақ сапарға күші әрдайым жете бермейді... Рас, мұндай тәлім-тәрбие күнделікті тіршілікте әбден жарауы мүмкін, бірақ, жалпы өмір үшін жеткілікті емес!
Бұрындары тілі мен ойы арқылы өз заманына сай қалыптаса алмаған ғаріптердің өмірі ақыр-аяғында зиянға ұшыраған-ды. Бұдан кейін де бұл құбылыс жалғасын таппақ. Осы тұста, тіл мен ой іспетті, бұлардың таралуы да өте маңызды. Сөйлейтін аузы мен ойлайтын миы жоқ қоғамның орнына ылғи да өзгелер сөйлейді және ойлайды. Ойламай сөйлеген көп тобырдың дүрмегіне ілескен қисын – тілдің құлы іспеттес. Ал, ойлаған нәрселерін айта алмаған бейбақтар – өз әлсіздіктерінің тұтқындары. Мұндайлардың өзгелерге мысқалдай пайдасы жоқ.
Әйткенмен, өмірде үнемі емін-еркін ойлап, ойлағанын анық жеткізе алатын жандар аз болса да, бар. Және олар өз болмыс-бітімдеріне сай біраз қиындықтарға ұшыраған да сияқты. Ақсүйек қатарынан көрініп жүрген кейбір жандар замандас қоғамынан шеттеп, көпшіліктің сенімін ақтамағандықтан, ой-өрісі өте тар әрі аузын қу шөппен сүрткендіктен, қалың бұқара бұлардың сөздеріне, іс-амалдарына әманда қарсы көзқараста болып жатады. Сондай-ақ, әлгі зиялы азаматтар қоғамға жат пікірде болып, бөтен ойлап, басқаша толғанды, бірақ, өз ана тілдерінде жазуға ұмтылғандықтан және үйде, көшеде, шайханада «қожайынының» тілімен сөйлеуге мәжбүр болғандықтан, әрқашан да, бір уақытта бірнеше жерді аралап жүргендей «көп мекенді имидж» қалыптастырып, ой-пікірлері ел-жұрттың ойымен бірдей шықпағандықтан, қоян-қолтық араласып жүрген жамағаттың ішінде ойлаған ойын сөзбен жеткізе алмай, қара терге түсіп жатады. Расында да, сөзі мен пікірі еш қиыспайтын, ойын жеткізе алмайтындардың ел-жұртқа пайдасы тимейтіндігі бесенеден белгілі.
Иә, тіліміздің тіл болуы өзегі мен рухын сақтап, кез келген сөзді жеткізуде қиналмай, онымен өз ойының еркін айтылуына байланысты. Әртүрлі тұспалдар мен ишараларға сүйеніп, әр тақырыпты айқындау және тәпсір ету тәсілімен түсіндіру, әсіресе, «баян базарында» алыс-беріс орнатыла алмайтындығы белгілі. Тіл де – өзге ғылым салалары сынды жеке дара өз нарқы бар феномен. Керек болса, бұлардан да маңызды. Сондықтан да, оған еш уақытта иғтибарсыз қалуға болмайды. Бірде-бір ұлт ана тілін ешқашан ғылымнан шет қалдырмауы керек және жеке ептілікпен ғылымдар санатында зерделеп, ғылым саласында көпшіліктің қызығушылықпен жалықпай зерттейтін терең тақырыбына айналдыруы тиіс. Ал, бұл тілге қатысты сөздердің құрастырылып жинақталуына, құжаттардың іріктелуіне және тілдің негізіне сәйкес «өрбу» жолдарын қарап шығуына, «өрбу» тәсілдерінің анықталуына, сондай-ақ, сол тілге ғана қатысты сөздерді қамтитын мазмұндарда сан ғасырлар бойы айтылып егжей-тегжейлі толық қалыптасқан сөздердің, сөз тіркестерінің ыңғайландыруына байланысты. Міне, осы мәселеге мән беру – еліңді және өз мәдениетіңді құрметтеу деген сөз. Себебі, егер сол елдің бірі біз болсақ, соның құрметіне мыңдаған жылдар бойы дамыған тіліміз өзіндік ереже мен қағидалары арқылы тым бай, мүлдем жұмсақ, өте шуақты келеді және сүйсіне айтылатын, ұнатып тыңдалатын, өзінің ішкі қисынымен осы шақтың үні бола білетін һәм ұрпақтан ұрпаққа қызығушылықпен ұласатын тілге айналмақ.
Иә, мұндай мәселе дағдыға толық айналып үлгермесе де, түрлі тәжірибе мен табанды жұмыстар арқылы көптеген тақырыптар тәрізді бір күні жүзеге асатынына кәміл сенемін. Әлбетте, теориялық тұрғыда және абсолюттік қисын жағынан жүзеге асатындай болып көрінсе де, дағдыға айналуы қиын екені анық. Себебі, кез келген нәрсенің ақыл мен қисынға қонымды болуы бір басқа да, өзгеріп дамуы, ерекшеленіп нығаю логикасы бойынша жүзеге асуы мүлдем басқа. Егер кез келген тақырып үнемі дамитын және өзгеріп жататын оқиғалармен тығыз байланыста болса, онда «даму қисынын» «жалпы қисынның» алдына шығарып, бірінші қатарға қойып, ашық алаңда әрекет етуге мүмкіндік туғызу керек. Әйтпесе, әрбіреуі бір-бір кәдуескі қозғалыс ретінде қалыптасқан тіл мен ой «уақиғалары» тоқтап, тастай қатып, уақыт өткен сайын өмір сүру қабілетінен айырылады. Тілдің ұлттық ой мен сананың қалыптасуында, осы ой мен сананың қисындық құрылымында және идеялық жетекшілігінде де көптеген өмірлік ықпалдары бар. Рас, тілдің тарихшылдықтан үстем жағы артықшылық пен басымдылықта және әртүрлі оң дамудың қажеттіліктерінен жағымды түрде жауап алуы өте маңызды. Ана тілінің түп-тамырына балта шаппаған және тілге осы деңгейде кеңдік пен серпінділік танытқан елдер ұдайы өзіндік үні бар, емін-еркін сөйлейтін және терең ой қозғайтын ең серпінді қоғамға айналады, басқаша болуы мүмкін емес.
Адам баласының тіршілік пен уақиғаларға деген көзқарасы, сондай-ақ, осы көзқарасты өз орнымен дұрыс бағытта қалыптастырып, бір-бір ақпараттық қайнар көзге айналдыруы, заттық байлық пен рухани байлық арасындағы дәнекерді нығайтып бірдеңе өндіруі және тағы тағылары сынды «саналы және идеялы белсенділіктер» мен «тіл мен ой қарым-қатынасы» деп аталатын мәселелердің негізін құрайды. Бұл қарым-қатынастарды жақсы ұғынып таразылауы халықтың ғылым мен ой дүниелері тұрғысынан өте қажетті. Әсіресе, еліміз үшін де маңызды мәселелердің бірі болған. Сондықтан да, Отан алдында көптен күткен келешектегі армандарымыздың жүзеге асуы осы белсенділіктің мұқият сарапқа салуына байланысты. Жақын арада жаңа негіздерге сүйенген, ғаламдық үрдістерге ашық және ауқымды «ой кезеңінің» басталуында маңызды қадамдардың бірі болып есептелетін осы арнадағы әрбір іс-шара бізді мемлекеттер арасындағы орынға бір табан жақындатады. Бір жағынан, тіл мен ойдың қарым-қатынасын сақтағанда, екінші жағынан, бүгінгі, кешегі және ертеңгі күннен тәжірибе алып қателіктен сақтанайық және «ескінің аты – ескі» деп өре түрегелмей, не болмаса, түбегейлі ескішілдікке салынып, әрбір жаңалыққа үрке қарамайық. Керісінше, өткенді үнемі байыппен еске алғанда, ертеңгі күндерді де дамуға бейімді және өзгерістерге толы қисынмен қабылдайық. Сонымен бірге, ұлттық мәдениетіміздегі тіл мен ой сынды ең маңызды ұстындарды есте ұстап, өткен кезеңді жарқын келешектен бөле қарамайық.
Бір жағынан, жаңа әрекеттер арқылы ұлттық рухымыздың түп-тамырын белгілеп, бұларға сүйенуге, тіпті, олардан асып кетуге күш салып отырғанда, екінші жағынан, өмір сүру үшін жаңару, жеміс бере білу үшін де үнемі жалындап тұру идеалымен көңілдеріміз – рух пен мағыналық түп-тамырларымызда, көздеріміз – келешектің керемет көкжиектерінің арғы беттерінде өмір сүруді және жаңалық ашуды «болмаса болмайды» деген өлшемдегі бір қағидатты қабылдап, еш уақытта сарқылмас бір құштарда іңкәр сезіммен тіршілік етуіміз керек, сонда ғана өмірімізді толық арнаған келешек ұрпақтарымызға ғибратты ғұмыр сыйлай алмақпыз.
Асылында, өмірді шын мәнінде өз тереңдіктеріне сай сезе білгендер де өздерін өзгелердің бақыты үшін жанын пида еткен риясыз рухтар болса керек...

- жасалған.