СҰЛУ МЕН СҰЛУЛЫҚ
Сұлулық – көзіміз бен жан-жүйемізді жаулаған, рухымызда қуаныш пен келісім сезімдерін оятқан, содан жалғасып ары қарай ішкі дүниемізде әсемдікке айналып үлгерген және бізге суреттеп беруге оңайға соқпаған ең қызық дәуренді, балғын балауса сәттерді туғызып отырған мән, мағына, мазмұн және сурет сынды эстетикалық негіздер, не болмаса, осы негіздердің бір бөлігін тамашалатқан ішкі әлеует. Мұндай көзқарас аталмыш тақырыптың мазмұнын аз-кем тарылтқандай болып көрінсе де, бұл да талдаудың бір түрі. Әлмисақтан бері эстетика байлығымен әртүрлі түсініктер және көзқарастар тұрғысынан талай рет талқыға түсіп, әртүрлі сипаттамаларды арқалаған сұлулық – бұдан былай тіршілік, табиғат, адам, тіпті, табиғаттың терең сыры, осылардың қарым-қатынасы мен әрқайсысының мағынасы, мәні, мазмұны тұтасынан немесе біртіндеп сезіп, рақатқа кенелу, рақаттана ақыл талқысынан өткізу, таразыға салып өз қалыбына орналастыру арнасында әлі қанша рет сараланып, үндестіріліп, сипатталып жатады. Мұны әзірше келешектің эстетика білгірлеріне аманаттап, бұл тұста тек өз сенім-нанымымыз бен сана-сезіміміз бойынша сұлудан және сұлулықтан не түсінгенімізді қысқа да нұсқа бір-екі ауыз сөзбен айтқымыз келеді.
Біздің санамыз бойынша, әрбір көркем бейне немесе зат – Хақ Аллаһ Тағала нұр сипатының, сұлулығының айнасы және жаңғырығы. Жан-жүйеміздегі келісім, сүйіспеншілік, әлей және қуаныш сезімдерін оятқан әрбір көрініс пен сурет, әрбір ырғақ пен мақам, әрбір үн мен дыбыс, әрбір үйлесімділік пен жарасымдылық, әрбір әуен мен сарын – сол Сұлулардың Сұлуы Аллаһтың көрініс табуы деп білеміз және сезімдеріміз үнемі Оның қатып-сембейтін сұлулық сәулесі арқылы көріктендірілгендіктен, өзіміз ылғи да сұлулар мен сұлулықтың алқасына қосылып, жамандықтар мен қиямет-қайымның туғызған дүлей дауылдарына алтынкүрек желіндей үнемі қарсы беттен соғып, көктемде туған жаңа сезімдермен өмір сүреміз. Сондай-ақ, осы ішкі есеп пен көзқарастың арқасында өлім мен жансыздықты – жаңадан тіршілік етудің жолы, бояуы кетіп солғындауды – бұдан да анық түрлі түстерге жетудің көпірі және бүлінген жаңғырықтарды – бас айналдырар ырғақтардың негізі деп санаймыз және әр уақытта өзіміздің мәңгі таусылмас сұлулықтың ішінде жүргенімізді сезінеміз. Сондықтан да, біздер еш уақытта қоңыр күздің қабақ шытқызар салқынын сезбейміз. «Мәңгі жоқтықтың» қараңғылығына мән бермейміз. О дүниеге аттанғанда, бұл өмірге қайта оралмай қаламыз, деп қайғы-қасірет шекпейміз. Имандылықтың жеке сұлулықтары мен үкілі үміттің рухтандырған кәусар ауасын жұтып, әрқилы армандардың ерекше толқынымен түрлі түске айналысымен белсене қозғалып, жүрек пен рухтың көптен күткен ақиқатына жетудің жалғыз жолы деп, салиқалы амалдар жасауға ниеттенеміз. Әрбір амалымызда ықылас (Құдай ризалығы үшін ғана әрекет ету ниеті) пен ихсанды (Құдайды көріп тұрғандай әрекет етіп, өмір сүру мәртебесі) бойтұмар етеміз. Жүріс-тұрысымызды әманда көркем мінез-құлықпен безендіріп, Аллаһ пен адамдар арасындағы қарым-қатынасымызда әрқашанда байыптылықпен бүкпесіз, мейірімді және жасампаз болуға күш саламыз, сондай-ақ, ойланып толғаған, сезініп түйсінген, сеніп иланған, одан кейін жүзеге асырған мына іс-әрекетіміздің барлығын өміріміздің ең жағымды жақтары мен ең сұлу суретті елестері деп қабылдаймыз. Біздің көзқарасымыз бойынша иман – көкжиегімізді жарқыратқан сәуле және армандарымыз үшін де үміттің қайнар көзі. Иманмен ғана жоқтықта негізделген бейберекеттіктен асып, бір шеті жан-жүректерде, екінші шеті мәңгі Жәннат сарайларына дейін жалғасатын бақытқа кенелуге болады. Мінеки, осы таусылмас күш-қуат пен әлеуетке ие болған иманның өзі сұлу. Адам тек иманмен ғана шым-шытырық жағдайдан құтылып, «тәухид» атты бірлікке және орта жолға түсе алады. Және Хақ Тағалаға бет бұрған жағдайда уайым-қайғыдан арылып, дүние мен ақырет қызығына бөленеді.
Бұлардың бәрі дерлік бір-бірімен араласып, жалғасып жатқан сұлулықтар, ал осы сұлулықтарды сезініп ләззат алудың сиқырлы кілті – иман. Иманға жету жолдары болып түзілген әлем кітабының тарауы, тармақтары мен баптары, не болмаса, мына ғаламат көрменің тіршілігі, заты және оқиғалары арасында әртүрлі көрініс тапқан үлгілері, әртүрлі аспаптары, одан кейін бұлардың барлығын таразылайтын адамның қисыны, адамның ойы және мына табиғи, долбарлы мәселелердің жанында заңдылық тұрғысынан қарағанда, қайтадан иманмен байланыс құрып оған сүйенген, оның шеңберінде дамыған біртұтас салиқалы амалдары, ағлақтық қарым-қатынастары, үміттері, мәңгі өмір сүру армандары да иманға жетудің, иманға тереңдеудің, танымда кемелденудің, махаббатпен өсудің, рухани ләззаттармен сүйсіне құштарланудың жолдары мен жемістері ретінде де сұлу болып қалмақ. Тіпті, ең әуелі иман бойсұнушылық пен тәуекел орын алғандықтан, сыртқы көріністері арқылы машақатты болып көрінген барлық ғибадаттар, жиі-жиі басымыздан кешіп отыратын бәлекеттер, сондай-ақ, белшемізден батпас үшін бар күш-жігерімізді салып, сабырлылықпен арылуға ыждағат танытқан мына күнәлар мен күнәһарлық (егер күнәларға қарсы тұру жолын жақсылап белгілегенімізде) бір-бір салыстырмалы сұлулықты көрсетіп отырады.
Шын мәніндегі сұлулық Хақтікі. Кіршіксіз кемелділік те Хаққа ғана тән және бұл ерекшелік Оның бет-бейнесі. Біртұтас тіршілік – Оның әртүрлі көрініс табуының бір-бір ерекше айнасы, әрбір зат пен әрбір оқиғаның жүзінде тамашалап отырғанымыз мағына, мазмұн, сән-салтанаттылық пен тартымдылық та (айналардың қабілетіне қарай) Оның сұлулығының шөкімдей нұры және болмыстың нәзік сәулесі.
Әр түнде нұр төгіп, сөз-баяндармен толыққан хұтбаларын тыңдап тамашалаған жарық жұлдыздарымыз – Оның сондай нұрлы сиясымен жазылған хаттары сынды үнемі біздерге ишара жасап қойып, Оған хабар жолдап тұрады. Жарқ-жұрқ еткен болмыстары, нәзік сәулелердің өзара шағылысып, нұр-шуақ шашқан ойындары, ғаламат көлемдеріне қарамастан олардың сөзсіз керемет жарасымдылықтары, ырғақтары және сол кең ауқымды кеңістікте көрінген ерекше сипаттары арқылы әрқашан да бізге мыңнан бір ләззатты бірден татқызғанда, көздеріміз бен көңілдерімізге бір-біріне сағымдана ұласқан түс, өрнек, әсемдік пен сұлулықтан жаралған не-е-еткен керемет Құс Жолы!..
Айдың сүттей жарығы – аспанды таңғажайыптығымен өзіне қаратқан әрбір сәтінде көкжиектің төрінде жас келіндей сызылып шыға келеді... Аппақ сүтке шомылған көк жүзін сызып бара жатқан зифа жүрісі сондай жұмсақ... Түні бойы наздана сәуле жиегіне әдіптеліп, жарық сәуле-шуағымен сезімдерімізге қармақ салады... Жүзін жасырмай толығымен көрінетін әрбір түнінде үнемі таңдай қақтырған таңғажайыптарға көз жұмғызып, сезімтал жандардың елікпе жүректерін лүпіл қаққызады...
Күн – арайлап атқан ақ таңның шапағымен туатын арман-қиялдарымыз үшін әр сәтте шуақ шашатын балауыз шамдай көк, қызыл, қызғылт түстердің әртүрлі реңкімен боянып, жарқырап тұрады. Шағылысып, бас айналдырар сән-салтанатымен шыға келеді. Күн найза бойы көтерілгенде де, көзіміз тіктеп қарай алмайтын жарығымен бүтін дүниені түрлі түске құбылтып, алып құшағына сыйдырады, өзіне қараған жандардың маңдайынан сипап қояды... және күні бойы өз айналасында жолынан ауытқымай жүрген жер мен түрлі серіктерден бастап, жер бетінде шалқып жатқан теңіздер мен өзен-көлдерге, жазық далаларға, тау мен тасқа, ну ормандар мен бау-бақшаларға, нәзік гүлдер мен адамдарға, тіпті, әр нәрсе мен әр титімдей жан иесіне дейін жарыққа армансыз шомылдырып, әрқайсысына сәуле төгеді, содан соң шілтер түс үйлесімділігімен батысқа барып батады.
Теңіздер ақ көбікті толқындарын жағаға ұрады... жымыңдасқан жұлдыздармен сыбырласып, айға сыр шертуге асығады, ал одан кейін толқыған күйі өз орнына қайтып келеді... Күннен түскен ақ сәулені толқын иірімімен тербетіп, бесік жырын жырлайды... Кей-кейде кемер асып жағаларға жайылады және тәкаппар жартастармен төс түйістіреді... Асу бермес жалама жартастардың жанабында шалқи шалпылдап ақ көбіктенген шақтарға тұңғиығында тіршілік еткен жәндіктерді ана мейіріміндей әлди құшағына алады... Оларға баяу дауысымен бесік жырын айтып, өмірге деген құштарлығын әлдилей арттырып жатады.
Түр-тұлғасы сұсты айбынды таулар әркез жүректерімізге үрей мен таңырқау сезімін ұялатумен бірге көкжиекке ұмсынып, үнемі көк жүзіне сыбырлап сыр ақтарып жатқандай болады... Кей-кейде ақ мамық бұлттардың бауырын тұмсығымен қытықтап, ойнайды... Міз бақпаған күйі толағай тұрпатымен ауаны сылап-сипап, жаңбырға құшағын жайып, тамшыларға қонақжайлылық танытады. Ал кейде шалқар теңіздерге «тоқтай тұр» дегендей ыммен белгі береді, жалпақ даланы алып құшағымен қаусырады, содан тәкаппарлығына қарамастан қойнауындағы орман, тау-тасты аралаған адамдардың аяқтарына жүзін сүртеді де, жер-ананың қорғаны мен күзетшісіне айналады.
Өзен-бұлақтар, әрдайым өз қайнар көздерінен шымырлап шығады. Күмістей сыңғырлаған сулар көңілімізді кернеген сағынышпен теңіздер мен мұхиттарға құяды. Теңіз сағасына қосылар тұста жағалауда соңғы рет аялдап, өз ағысымен арнасына қайта түседі. Ауада буланған су тамшыларын жел көтеріп, ақ, қара, күлгін түстерге боянған қалың-қалың шоғырлар бұлт кейіпінде ары-бері жөңкіле көшіп жүреді. Кей-кейде төбемізде қалықтап ұшқан құстар сияқты қанат жайып, көңілімізге су бүркеді. Күн күркіреп, нажағай шартылдағанда аспанның түбі тесіліп, жауын нөсерлете құйып, сай-саланы қуалай ағады да, жер бетіндегі әр тіршілік иесінің ыстығын басқандай болады.
Әнші құстардың, жан-жануарлардың сан алуан жарқын дауыстары, орман-таулардың жабайы гуілдері, барлығы дерлік мына әлемнің үйлесімділігіне өзгеше үн қосып, бар әсем көрінісімен жанымызға тылсым табиғаттың ең ғажап әуендерін сездіреді де, ерекше бір тың екпінмен бізге сан алуан саздарды сыйлайды.
Бүтін дүниені ораған аспанның көк күмбезінен бастап, жер бетінің мың бір нақышымен, түрлі түсімен, өрнегімен және наздана қиылып қарауымен көзімізге қуаныш болып, көңілдерімізге құйылған, еріксіз өзіне тартатын кескін-келбетіне дейін әр нәрсе сондай сұлу... Сұлу болғанда қандай, көкірегі өмірдің терең сырына ылайым ашық жандар әрбір зат пен тіршілік толқынынан ақыреттің баурап алар суреттерінен түскен кескіндерді көргендей қанаттанып жатады. «Бұдан да сұлу болмайды ғой!» деп таңырқай қарап, қайран қалғандарын жасырмай, бір-бірінен асып түскен сұлулық атаулыны көргенде, үнемі ғаламат ғашықтық сезімдерге шомады.
Ал адамның өзі осынау күллі сұлулықтың соңғы нүктесі іспеттес. Рас, кескін-келбетімен, зат-мағынасымен, физика-метафизикасымен, ой-қарекетімен, ақыл-иманымен жаратылған адам (аталарымыздың сөзімен айтқанда) – нағыз «ғаламат нұсқа». Пайғамбардың күйеу баласы Хазірет Әлидің сөзімен айтсақ, «Оның бойында әлемдер мен жаһандар жасырылған және оның болмыс-бітімі періштелерден де асқан». Тозаңның түйірінде күнді көрсету, тамшыда теңіз-мұхитты тамашалату және топырақтан жаратылған тіршілік иесінің періште михрабына айналуы қайбір себеп пен хикметке негізделсе де, адамның иләһи сырларды ашуға арналған құпия белгісі әрі кілті болып жаралғаны айдан анық.
Сондықтан да, біз жүрегімізде ұялаған иманымыздың арқасында сағымға сұлулықтардың көрмесіндей қарап, біртұтас тіршілік пен өмір ағынын дәл осы оймен толғанып, таразылап өлшейміз. Сондай-ақ, әрбір заттың, әрбір оқиғаның тыныс-тіршілігінен дүниені өзгеше сезіп, басқаша ләззат аламыз. Тіпті, кейбіріміз тұтас тіршілікті махаббат дәнегінің айналасында есінен айырылғанша айналып тұратын электрондар іспетті қабылдаймыз. Көк жүзін, жұлдыздар мен планеталарды, ай мен күнді, тас пен топырақты, шөп пен ағашты, жан-жануар мен адамды есіркеген сана-сезімімізбенен әлем деңгейіндегі «зікір алқасы» ретінде көріп, сол алқаның ішінен орын алардай күй кешеміз. Тіпті, бас зікірші болған өзімізді көріп, тамашалап отырамыз.
Осы тұтас кеңістікте сұлу сарыннан бас айналдырар суретке дейін, жүректерде келісім мен қуаныш сезімдерін оятатын әлемдегі барлық нәрселердің алдында көз нұрын сана сәулесімен біріктіре білген көкірек көзі ояу, көреген жан әрбір зат пен оқиғаны Ұлы Жаратушыны тұспалдап отыратын бақылауыш телескоптық нүктесіндей көруі мүмкін. Міне, осы көзқараспен көкірегі өмірдің терең сырына бойлай біліп, үнемі «сұлу ғашықтық» жазирасында қыдырып жүреді. Меніңше, ниет пен көзқарастарымыз арқылы біз де осы бақылау нүктелерінің керегесі мен терезесін сәл де болса аша білсек, тамашалаған әрбір бейне мен әр уақиғаның алдында келешекте сезетініміз әртүрлі келісті келбеттер мен таңғажайып құбылыстар арқылы көңіліміз ылғи да бір қалыпты қуанышқа кенеліп, түсіну және сезіну түйсігіміз кеңейіп, жанымыз ерекше рақатқа бөленіп, төбеміз көкке жеткендей алып-ұшатын боламыз.
Асылында, бұның барлығын сезіну аса қиын болмаса керек. Кейде бір аймақта айналасы сұлулыққа тұнған ғибадатхананың бір бұрышында көңілімізді Хақтың құзырына көтеретін нышан – тік мұнара... және биікке көтеріліп, ең жоғарыдағы мұнараның шарапасына шыққаннан кейін иманымызды, танымымызды, ғашықтық пен қуанышымызды «Сен Ұлысың! Сен Ұлысың!» деген сөздерімен дүниенің бар тарабына айқай салған иләһи дауыс... михрабтағы тереңдікке үңілген хал-жағдай мен іштей егілу... зікір-тәсбих тартылып, дәріс-сабақ жасалатын ғибадатхананың төбесінен қалықтаған сыбызғы үні, кеңістік, не болмаса, өзге бір аспаптың мұңлы да зарлы үні, өмірді ләззатқа толы әуенінің ішінде сезіну үшін жеткілікті және артық деп ойлаймын.
Тіпті, кейде әдемі бір өлең, көркем бір қарасөз, нәзік бір әуен, сұлу бір сурет, атақты бір қаһармандық дастан, жақсы драмаланған бір хикая, адамдық қуанышымызды жеткізетін бір сазды әуен бізді қанаттандырып толқытатыны сонша, жанымыз сезінген дауыс ырғағы мен саумал самал іспетті жан-жақтан рухымызды жаулап алып, бізді еліктіріп, сұлулықтың сиқырлы әлеміне шақырады. Сондай-ақ, бізге тылсым дүниенің төрінен әні мен сөзі жоқ керемет әуендерді құлағымызға әкеліп, жан-жүйемізге сыйлайды.
Алайда, осы сұлулықтардан алған ләззаттардың, қуаныштардың, иланымдардың үзілмей жалғасуы және осы рухани шаттықтардың да қайтадан мұң-қайғыларға айналып кетпеуі, біздегі бұл сезімдерді оятқан жәйттердің шын иесімен қарым-қатынастың орнағанына байланысты. Әйтпесе, күтпеген жерден барлық нәрсе аяқталады, бүкіл дүниеміз жермен жексен болады... Күн батып, ай туады... жұлдыздар зұлымдықтың құрсауына еніп, төңіректі қою қараңғылық жұта түседі. Қараңғылық басқан сәтте рух қиямет-қайымды басынан өткереді. Бұл жағдайда барлық шаттық пен ләззаттар қайғы-қасіреттің алдында тізе бүгетіні анық. Ал, қайғы-қасіретпен еңсесі төмен түскен рухтардың сұлуды сұлу көріп, одан шаттыққа кенелуі мүмкін емес. Бүкіл сұлулықтардың әр уақытта сезімдерімізде қатып-сембей шынайы болуы, шаттық пен ләззаттарымыздың жалғасуы, гүлдердің бойындағы сан алуан түстердің, әуендердегі сиқырлардың, өнерпаз жандардың жасаған ғажап туындыларындағы асқан әдеміліктің үнемі жанды болып қалуы, олардың шын мәніндегі қайнаркөздерді танып, білуіне байланысты. Ал, қайнаркөзді осы арнада тани білгендердің тіршілікте көрген барлық рақат шаттықтары, ләззаттары, қуаныштары мен иланулары негізгі рөл атқарудан қалады, әдейі жасалатын хәлге айналады және бұдан былай бүкіл зат пен оқиғалардағы әртүрлі өзгерістер, өздерінен емес, иелері үшін көзге көрініп, сүйсіну мәртебесіне өседі. Иә, ғұмыры қысқа, көзден бұл-бұл ұшатын нәрселер жүрекке әсер етпегендей сезіледі де. Ақиық ақынымыздың бірі, осы сезімді Құран көкжиегімен байланыстырып, былай деген:
«Күндей жарқыраған сұлу жүздер де ақыр-аяғы солғын тартады, Сондықтан, мен пәнилік сұлуларды емес, күні батпайтын Мәңгі Сұлуды сүйемін».
Дәл осы ойды Мәулана мына сөздерімен тілге тиек еткен:
«Уа, Аллаһ! Сені көріп, Сені танығаннан кейін көзім бұдан былай дүниедегі сұлуларды көрмейтін болды».
Ақиқатында, заттық және тәндік сұлулықтар – назарларды Сұлулар Сұлуына қарату үшін жаралған бір-бір себептер. Ал, осы себептер аясынан шыға алмай, оған қадалып қалу – соқыр мақсаттың соңынан түсу, көздеген нүктені ұмыту, өмірді қиялдағы махаббат және қызығушылықтармен аяқтау және өз алдындағы ақиқатқа шек қою болмақ. Негізінде, мұндай келеңсіздікті болдырмас үшін Ұлы Жаратушы жолаушылар жолда шаршап қалмасын әрі негізгі мақсаттарын ұмытпасын деп, Өзіне апарар жолдардың оң-солын өз сұлулығындағы жарықтармен, түстермен, үйлесімділіктермен, дыбыс-деммен, саз-әуендермен көркемдеп қойған. Жол бойы көз бен көңілдерімізге ұялаған бүкіл сүйінші іспеттес ишаралар – Құдайдың жарық-түстермен бейнеге айналдырып, көзімізге көрсеткені Оның аяттары мен ап-ашық куәгерлері. Алайда, осы тұрғыдағы көзқарасты қалыптастырмаған, не болмаса, ақиқатқа үзілді-кесілді қарсы рухтар үшін бұлар бір-бір бүлік, бір-бір құштарлық, несие сұлулықтармен бір-бір қиялдағы ғашықтар және өкінішке қарай, жүздесу үшін себеп болуға жаралғанның орнына, бір-бір қайғы-қасіретке түрткі болып келеді.
Әйткенмен, ойлай алатындар үшін сүюдің де, ғашықтықтың да, іңкәр сезімнің де, жүректегі қатынас пен байланыстың да іргетасы – біздің сұлулық деп әртүрлі бейне мен көріністерде көргеніміз әр нәрсе, көптеген тосқауылдардан өтіп, аз-кем айналардың қабілеттеріне қарай ерекше бет-бейнеге айналған Хақ сұлулығы көлеңкесінің көлеңкесі. Әрбір сұлулыққа тамсана қарайтын таңдану сезімі де – мән сиқырының көлеңкеге шағылысуы сынды бір нәрсе. Мән мен көлеңке, негіз бен тәуелділік ажыратылған соң, түбегейлі немесе бөлік-бөлігімен тіршілікте сезген қатынасымыз да қауіпсіз болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда, көлеңкеге әрі тәуелді болғанға сұлу деп қарауымызға әбден болады. Себебі, сұлуларға ергендер де сұлу болады және әр сұлулық – оны сезе білген ғашықтарды, сүйіктісіне жеткендей іңкәр сезімімен қанаттандыратын хат, хабар, дыбыс, белгі және шақыру. Иә, кейде бір дыбыс, бір түс, бір нақыш, бір екпін сырт көзбен бақылаушыға керемет сағыныш пен іңкәр отын маздатады. Бөтен біреу екі ортаға кіріп кетпесе, бұл от уақыт өткен сайын лапылдап жанған ғашықтық отына айналады да, оны іштен өртей бастайды. Алайда, шоқ болып қызарған мына жалынды рух: «Күйдірген Сенің отың болған соң, пештей жансам да қам жемеймін; тек «беріктік» бабында айырылысудан толмасын көзім жасқа және ажырап қалмайын дос есігінің алдында Жананнан » деп зарлайды.
Кейде бәріміз жүрегіміздің тереңінен төгіліп, бүкіл менмендігімізді орап алған және рух әлеміндегі шытырман оқиғалардан із, ишара және тұспал арқалаған сондай терең сезімдер иірімінде өзімізді сеземіз. Көзімізден де, көңілімізден де барлық нәрсе өшеді, содан көкжиегімізде тек бір «дерексіз сұлулық» қана қалады, ал құлағымыз ғашықтық пен сағыныштың сазына елеңдеумен болады. Сұлулық пен ғашықтықтың бір-бірімен тығыз араласқан мұндай сәттерінде, рух – өзіне тән көру, есту, сезу, өмір сүру қабілеттерімен көріп тамашалаған әр зат пен оқиғада тек мәнді ғана естиді, өзекті ғана сезеді және өз жүйелерімен барлық көру, білу, сезу қабілеттерін әртүрлі өзгерістерден өткізіп ақиқатына жеткізеді... және Газзалидің сөзімен айтқанда, «таным мен ғылымнан тәрбие алған және ақыретті ойлайтын ақылға» және ақыр-аяғында Мәулананың сөзімен айтқанда, «аспанды ұғынысымызға» мән береді.
Сондықтан да, әр көрген сыртқы сұлулықтарды рух жүйесімен тазартпай, оларды сүйген кейбір натуралистер немесе материалистер, дерексіз көрініске қадалып жабысып қалып, ләззатты да, қуанышты да тарылтып, уақыт пен мекеннен асатын құндылықтарды уақыт пен мекеннің өлшеулі кеңістігінде ығыстырып, өз көкжиектеріне қараңғылықтың пердесін ілген. Ал, сұлулық бізді өзімізден асырып, кемелділікке көтеру және материяның тар қабығынан құтқарып, қайнар көздің кең кеңістігіне жеткізу үшін жаралған.
Әрбір адам әрқалай мүсіндеген туындысында әр уақытта өзін, өз сезімдерін, ішкі байлығын, саралау қабілетін және тәпсір көкжиегін көрсетеді. Бұл тіршілік пен табиғатты, олардың тылсым жағын ішкі түйсік пайымынан өткізіп, жаңа тұрғыдан тамашалайтындарға көрсету деген сөз. Хақ Аллаһтың Өз туындыларын жарық, түс, мағына және мазмұны арқылы суреттеп, Өзін таныстырып сүйсіндіру үшін және Өзіне жеткізу үшін даярлап, ар-ұжданымызға көрсеткені сияқты, біздер де, Оның рұқсат еткен шегінде ғана тіршілікке араласу және әсемдікті тани білер талғамымызға қарай оны жаңадан бейнелеу жауапкершілігімен осы дүниеге келгендігімізден сомдайтын туындыларымыз арқылы бір жағынан өз санамызды, өз түсінігімізді және өз сезімдерімізді тілге тиек етіп жеткіземіз. Екінші жағынан, тіршіліктің, заттың және адамның жаратылысы арқылы жеткен ғайып шындықтарға тілмаш болып отырған жағдайымыз бар. Осы тұста, әлем де, оқиғалар да көшірмесін түсіру үшін ең жақсы мысалдар болып саналады. Бірақ, мысал қаншалықты керемет болса да, бәрібір әркімнің сезіп, таразылайтын көріністері өз қабілеттеріне қарай суреттеліп, үндестіріліп талданатын болады. Чарлз Лало эстетикаға қатысты айтқан өз ойын былайша жеткізеді: «Күн қызарып батқан кезде, оның батуы арқылы көрінген сол керемет сурет, ауыл тұрғынының ойында әсемдікті емес, жай ғана кешкі асты еске салады; ал физик-ғалымның ойында ол сұлу да емес, сүйкімсіз де, тек дұрыс немесе қате деген ойды туғызады. Сондықтан, күннің батуы тек сұлулықты сезетін адамдар үшін ғана сұлу». Тіршіліктің төріне төгілген сұлулықтарды тек Хақтың сездіруімен білген, түсіндіруімен түйсінген жүректілер ғана көреді. Себебі, олардың көретін көздері, еститін құлақтары, сезетін ұждандары әрқашан тылсымның түстерімен боянып тұрады. Жүректі бір азамат осы рухани кемелділікті мына бір-екі ауыз сөзбен сондай тамаша жеткізеді:
Өз сұлулығын қош сұлу бейнеде жарата алдың,
Содан қайтып келіп, ғашықтың көзімен тамашаладың.
Көкірегі әрдайым ғашықтық пен іңкәр сезімдері арқылы рухани биікке жеткен, алпыс екі тамыры үнемі жүздесуді аңсап сағына соққан іңкәр жүрек жүрген жолдың әр аялдамасында Сүйіктісінің білдірген әртүрлі тұспалдары мен ишараларын кездестіреді. Иә, ол толған Айдан, батқан Күннен, көз қысып, жымыңдасқан жұлдыздардан, түрлі-түсті табиғат көрмесінен, еркелеп ескен желден, жауған қардан, нөсерлете құйылған жаңбырдан және періштелер іспетті сүзіліп көк жүзінде қалықтай көшіп-қонған мұнарлы будан алған ишаралары арқылы әрбір қадамында жүздесудің жолына түсетінін сезіп, толқиды. Қобалжып, көз бен жан-жүйенің басы біріккен ғашық жанның ұлы сезімдерімен «Әрбір жерден шыққан әрбір жан Сенің сұлулығыңды тамашалау үшін жүгіріп асығып келеді және қайталанбас Дидар Жамалыңмен наз үстіне наз қосқан сәулелерде тербетіледі. Төмендегі, төбедегі әрбір тіршілік иесі хабаршылар тәрізді Сені ауызға алып, сүйіншілей жар салады және Сенің нақышталған сұлулықтарыңның кескіндері іспетті рақаттанып ойнайды» (С.Нұрси) дейді. Зат пен табиғатқа қарап баяндайды. Бірақ, олардың тылсым сырын дүние тереңінен көріп айтады. Мінеки, осы нүкте – әрі ғашықтық пен іңкәрлық әрі мейрімділік пен қызығушылық нүктесі. Әйткенмен, мұндай ауқымды да терең ой мына жазбаның ауқымынан асып кетері анық.

- жасалған.