МӘУЛІТТЕН ТУҒАН ОЙ
Жаратылыстың жүзіндегі бет пердесін түріп, табиғат құпиясындағы сырларды ашқан, жер мен көкті байланыстыра алатын құдірет-күштің бар екенін дәлелдеп, екеуін бір денеге айналдырған; ақыл мен жүректі біріктіріп, пайым көкжиегін метафизиканың ең асыл құндылықтарына дейін кеңейткен, сондай-ақ, жанды мен жансыздың тылсымын түйсініп, ең бастысы оны мүйізі қарағайдай ғалымдардың өресінен де жоғары дәрежеде түсіндіріп, күллі қағидаттарға байланыстырған – Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с). Ол (с.ғ.с) жаратылыс туралы сөздің түйінін айтатын; асыл сөздерімен зат пен оқиғалардың қозғалысын және әр нәрсенің ар жағын қарап тамашалауымыз үшін бізге сыр пердесін ашқан; пенденің санасын материя мен мағынаның түйіскен тұсына дейін көтеріп, бықсық түсініктерді жойып, мына пәни дүниені жұмақтың баспалдағына айналдырған...
Фәнидің қараңғылығында ғұмыр кешкен біз Жаратқанды Оның (с.ғ.с) арқасында таныдық. Басымызға жаңбырдың тамшысындай жауған ырыстарды Оның (с.ғ.с) нұрының арқасында сезіндік. Нығметке жасалатын алғыс пен тәуба сезімін және ырысты көбейтіп отыратын ихсан мен шүкіршілік пиғылын Одан (с.ғ.с) үйрендік. Оның (с.ғ.с) ұсынған жолдаулары арқылы Жаратушы мен жаратылыс арасындағы қарым-қатынасты, құл мен Мағбуд арасындағы байланысты Жаратушының ұлылығы мен құлшылығымызға сай түсіне білдік.
Ол (с.ғ.с) жер бетіне аяқ баспаған кезінде (аяғын басымыздың асыл тәжіне балалық) әрбір жерде нұр мен зұлмат аралас, сұлулық пен сұмдық көршілес, гүл тікенге ілінген, шекер қамыста жасырылған, жер көкке қырсыққандай тас қараңғы, аспан жанды қынжылтар қорқынышты бос кеңістік, метафизика физиканың тар танымына тұсаулы, мағына материяның көлеңкесінен көрінбей қалған, рух ішкі жүйесі босаған жай ғана болмыс, ал, көңіл дененің көлеңкесінде еді. Оның көрегендігімізге шашқан нұрымен ескі дүние мен жаттанды пікірлер біртіндеп-біртіндеп жойылды... зұлмат жарыққа төзе алмай, еңсеріліп бұзыла бастады... және тағы бір мәрте тізгін рух пен мағынаның қолына тиді. Оның (с.ғ.с) адам, тіршілік пен Аллаһ үшін жеткізген түсініктердің арқасында, әлем мазмұны тұңғиық кітап іспетті... Бастан-аяқ мына ғаламат әлем көрмеге айналды... Зат пен оқиғалар бұлбұлша сайрай бастады... Хақты айтатын, Хақ жолына шақыратын, Хақтың жаратушылық пен жасампаздық дастандарын сайрай жөнелген бір-бір бұлбұл...
Дүниедегі адамзаттың көзі Оның (с.ғ.с) нұрына қарап, оянған сәтіне дейін сезім қап-қараңғы, ойлар орынсыз, көңілдер де жалғыздықпен жағаласып жатты. Ол кездерде бейнетсіз қуаныш туралы ешкім ешнәрсе білмеген, қайғысыз ләззаттан хабарсыз болған. Жаратылыстың арғы жақтарынан бірде-бір рақым тамшысы түспеген және көңіл құрлығы көктем мен көкорайды көрмеген. Оның (с.ғ.с) келіп рақым етуінің арқасында әр жер сарғайған құрғақшылыққа айналды, көктің көзі жасқа толды және көңілдер Жәннат жазирасының түсіне боялды. Сөйтіп, рақымсыздықтан парша-парша болған жүрек атаулының сыздағаны тоқтады... және сан мыңдаған жылдардан бері өлімнің уысына түскен рухтарға өмір бұлағының бастауы көрінді.
Ол (с.ғ.с) мына қу дүниеге рақым нұрын төкпей тұрып, жалғандық пен адалдық егіз, күнә мен сауап – жолсерік, қасиет – мәнсіз ұғым, абыройсыздық – әуесқойлық базарының ең өтімді бұйымы болатын. Маңдайында жоқшылық мөрі басылған, ал рухына надандық таңбаланған адамзат басты мақсатына теріс болып келген өмір оқиғалары арқылы әр көрген жерінде жүрекке қорық салады... Барлығы мына жабайы кеңістікте бір-біріне күмәнмен қарап, сенімсіздікпен сүзіп шығады... Хақ табанның астында езілген, күш пен қуат бар азғындығымен әр нәрсеге ие... Азулы болу – абырой; сөзді тірегі күштілер ғана сөйлейді... Хайуандық мінезбен алысып-жұлысу – адамдардың күнделікті хал-ахуалы... Бір-бірін жеп талау – жетістік, дөрекі күш – еріктің хақы деп білу келісімдік... Хақ ой Қаф тауының артында, әділетсіздік әлсіздің, ғаріп қорқыныштың түс-қиялы... Бейуаздық, ар-намыс, хақты құрметтеу ойы сорға толы күндерді басынан өткеруде және қазіргіден де масқара... Жүрекке де жақындығы жоқ, ақылға да; мазақ болып отырды салиқалы ой мен діни сезімдер... Ұждан ақыл биігіне жете алмай, жыбырлаған жәндіктей болды... Рух биологиялық өмірдің ықпалынан оқшау қалған. Ұрлық жасау – абырой, қарақшылық – ер жігіттің ісі, тонаушылық – батылдықтың басты белгісі... Ой – мүсәпір, сезім – жабайы, жүрек – мейірімсіз, көкжиек – тас қараңғы... Дәл жабайылық жаулаған алғашқы қоғам тәрізді, сол тас қараңғылықта жүрегі бүтін ғаламды қамтитын Ол (с.ғ.с) келді; Ол (с.ғ.с) келді де сұрқия да жабайы дүниені гүлдей жайнатты... Қара сұр тартқан көкжиекті нұрға бөлеп жарқыратты... Көңілдерге үміт сәулесін шашып тірілтті... Елді нағыз тірлікке қарай жетелеп, рауандап шыққан күнге қаратып, тамашалауға шақырды... Көкірек пердесін сырып, сондай-ақ, рухқа осы күнге дейін көрмеген өзге нәрселерді көру шапағатын сыйлады... Ақыл сәулесін жүректің көзінен жарқырата шашты... Жүректегі түрлі мәнсіз жайттарды жүректі һәм рухани толқу мен қызығушылыққа айналдырды.
Ол (с.ғ.с) келді де, қаралы күндердегі қайғы-қасіреттердің орнын жайдарман күлкі басты... Ол (с.ғ.с) келді де, зұлымдықтың үні өшті... Зұлымдыққа душар болған жанның мұңы мен зары келмеске кетті... және жүректерде әділет сезімі тірілді... Ол (с.ғ.с) келді де, қара күшті «Тоқтат!» деп жалғыз сөзбен тізгіндеді. Зорлықшылдарға шек белгіледі және хақ пен ақиқаттың тіліне тежеген тиекті алып тастады.
Бүгінгі таңда белең алған түрлі дағдарыстар мен бәле-бәлекеттерге қарамастан әлі де болса, жақсылық пен кемелділік жайлы сөз етіп отырсақ, бұл Оның (с.ғ.с) бізге жеткізген ғаламдық құндылықтар жинағы – таңғажайып аспан мұхитына қарыздармыз. Көңіл көктемін, сұлуды, адамгершілікке жататын сипаттарды іздеу сезімі – Оның (с.ғ.с) жүрегімізді оятқан шексіз нұрының әсері. Рухымызбен сезген мәңгі бақыт тілегі – Оның (с.ғ.с) жүрегімізде тұтатқан нұрының, иманының ықпалы.
Оны (с.ғ.с) танығанымызда, баршамыз және барлығы өзгерді; біз мәңгілік үшін жаратылғанымызды, мәңгілікке бет алғанымызды түсіндік; ұқтық және тозығы жеткен көңіліміз қапелімде Ирем Бақшаларына айнала түсті; айналамыз Фирдаус түстерімен боянды. Тағдырдың жазғаны бойынша Оған (с.ғ.с) қосылып, Оның (с.ғ.с) жамағатының ішінен орын алғанымызда, алдымызды ораған барлық құбыжық кедергілер бір-бірлеп өз жөнін тауып кете барды... Қорқау қасқырлар қоянға айналды... Жылан екеш жыланның өзі, құстарға тиісуін қойды... және шайтанның жаққан ошақтары біртіндеп сөнді; шайтандар бытырай қашып, үмітсіздік отына оранды... Сөйтіп, барлық жерде рух пен мағынаның жұпар иісі аңқыды.
Ей, нұрымен қараңғылық дүниені жарқыратқан Нұр (с.ғ.с)! Ей, әлгі таңғажайып иісімен жаһанды хош иіске айналдырған Гүл (с.ғ.с)! Көңіліміздегі батысымызда орын алған әлгі Сенің тұрлаусыз батысың, үміт таңымызды қараңғы айырылысу түнегіне айналдырды. Көз көзді көрмейтін болды және жолдар бір-бірімен тоғысты. Күн туды, ақыл Сенің жолыңнан адасып өзге алқаптарға түсті... Ой Сені ойлау жолынан адасты және жан-жақты ұзақ жылдар бойы күзетте күтіп отырған әлгі қап-қараңғы жаратылыстың ғаріптері мекендеді. Қасиетті есімің жүрегімізден орын алып, мүбәрак атың жаңа ұрпаққа жетпеуін қалады. Мына бақытсыз талпыныстармен бірге тозығы жеткен дүниеміз сәтсіздіктің өрмегіне ілінді және үмбетінің тағдыры талқан болуға шақ қалды. Тұрған жерде тұра алмадық, қалай болу керек болса, бола алмадық және жеттік деп, өзімізді алдап жүрген мақсатқа жете алмадық... Мағына түп-тамырымыздан үзілдік... Зат пен дүниені дұрыс оқи алмадық... Өз-өзімізді қорқынышты сүрең күздің солғындаған жайсыз қара суығында сарғайып, құрып жоғалуға итермеледік... әрбір жан өзінің ой өрісіне қарай бет алғанда, біздерді үнемі үркітіп отыратын «жоқ болып кету» сенім-нанымының ішінде кідіріп қалдық.
Көз салшы, қорқытып отырған белгісіздік бар Сенің дүниеңде; тар түсінік, мешеу ойлар, жаңару және тірілу сезімдері де толығымен сал, енжар. Туған мекенің жылдар бойы құлазып қалды, бұдан былай ешнәрсе туындамады... Мүбәрак ауылың опасыздығымызды тойтару үрдісінде қалды. Аш-Шам (Дамаск), Бағдат тұрақты түрде кемістік пен ауытқышулық аранына түсті... Балх пен Бухаралар сахибсыз қалған алқаптарда беймәлім нәрсені іздейді... Кония фольклорлық концерттерімен өз-өзін жұбатады... Бастан-аяқ ғаламат Андалусия рухын өлтіргендерге тәсілім... Ыстамбұл мақсатсыздық пен мұратсыздықтың арнасында ұдайы белгісіздікте... және ғаламдарға құшақ жайған мына әлем ғаріп, жетім, қасірет мекеніндей...
Сенің алып келген әлгі таңғажайып нұр-мағынаның үстіне қап-қара көлеңке түсті... Өзің мен рухымыздың арасында аса қорқынышты надандық, көргенсіздік тосқауылы бар; күннің тұтылған заманында келешек үшін бірдеме айтуды қойшы, айналамыздың өзін ой жүгіртіп таразылай алмай келеміз. Сенің жарығың жетпеген рухтардың «бағсүл бағдүл мәуті» мүмкін бе, білмеймін... Негізінен, нұрын, түсін, өрнегін Сенен ала алмаған жандар қалайша тіріледі...
Біздер бақытсыз заманда көңіл жазирасында рухтың құлдырауын күйіне көріп отырдық және қараңғылыққа орандық. Осы жиіркенішті батысқа қарап ешнәрсе жасай алмадық және толықтай әлсіздік себебінен тіс жарып үндемедік... және бұған қарап, өз саласындағы барлық иләһи ілтипаттар, жақсылықтар, жайлылықтар, бақыттар мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған «гүл дәуірінің» балауса шақтары да іштей тынып үндемеді. Сенің мүбәрак жүзің мен жүрегіңді өлердей сағынып жүрген осы күндерде тағдырымызға айырылысу, ал біздерге үнсіздік міндеті жүктелді. Қап-қараңғы жоқтықта өмір сүрген мына талайсыз заманымызда көк бізге қарамады, жұлдыздар жымыңдамады... Ай мен Күн Сенімен бірге туған рең-түсімен бұдан былай көріне қоймады... біз айналамыздан ылғи да қараңғылықты көрдік және түні бойы тіршілік иелерінің айқайынан қаштық. Сен арамызда жоқ едің және әрбір жерде жыландардың ысылдаған үндері естіледі, атырап жалпылдап ұшқан жарқанаттарға толды... Сен өкпеледің бе, әлде өкпелеуші ме едің, оны білмеймін; егер білген бір нәрсе бар болса, ол – Сені өкпелетіп қойғанымыз шығар (шығар дегенімнің астарында жақсылыққа ниет жатыр)... Алайда, егер рақым етіп көңілімізге көз салмасаң, осы жолы біз парша-парша болатын сыңайлымыз... Егер де Өзің келіп мына дүниенің жүзіндегі қара күйені сүртіп тастамасаң, осы күйімізбен құрдымға құрып кетеріміз айдан анық...
Ей, сұлулардың сұлуы Сүйікті (с.ғ.с), келші... Тағы бір мәрте, құтты қонағымыз бол... Тағыңды жүрегімізге орнат және бізге тәуелді барлық нәрсені бұйыр. Кел, көңіліміздегі қараңғылықтарды түре серпіп, сыпырып таста, кісілігімізге рухыңның шабытын сездір және біздерге қайта тірілу жолдарын көрсет. Кел, күн сайын азғындығы артқан мына зұлматтарды жарығыңмен жойып жібер және әрқайсысын зарлатқан зұлымдық пен әділетсіздік отын сөндіре қойшы. Кел, әрқалай кекшілдікке, дүрдараздыққа, дұшпандыққа бел байлаған мына бейшара рухтардың бойындағы бұғауларды үзіп таста; сүйіспеншілікке, мейірімге, рақымдылыққа қанбаған жүрегімізді махаббатпен, төзімділікпен тебірент; кел, рухымызды ақылдың жарығымен көңілімізді де қисын мен пайымның күшімен тоғыстыр және біздерді ішіміздегі берекесіздіктен сақта.
Сен кеткенде, бәзбіреулеріміз ақылмен шектеліп, тура жолдарда жолсыздыққа ұрындық... Бәзбіреулеріміз өзімізді көңіл қиялына құрбан еттік, құрғақ қиялға мастандық... Ақылдың тілін түсінбедік, жүрек пен руханият тереңдігіне жете алмадық... Ақылға мән бермей, дүниені жылаттық, жүрегіміздің үніне қарсы шығып, өз күшіміз бен тереңдігімізден баз кештік. Ей, қараңғы түніміздің Айы мен Күні (с.ғ.с)! Ей, жолда адасып қалғандардың жолсерігі! Сен біздер іспетті бір мәрте ғана туған емессің және тумайсың да; уақыттың әрбір бөлігі Сен үшін дүниеге келу уақыты, көңіліміз де Сенің мөлтілдеген шығың... сорымыз Саған жолдаған шақыру, жүрегіміз Сениел Уәда ... Қан жылаған көңілімізге жаның ашысын және кел; жанымызда ту Жаратушының құрметіне, бізді жалғыз тастама; жалғыз тастап рухтарымызды Сенсіздік отында күйдірме... Ғылым мен ілім, қайыр мен тағат қалмады; күнә мен күпірлік белең алған; Саған тартатын сыйымыз «Би бидаатин мүзжатин – Айтарлықтай байлық емес» өлшеміндегідей емес... Бүгінгі күнге дейін аспаған белес, қақпаған қақпа қалмады; көңілмен байланып, артынан ілескен кісілер бізді үнемі алдады, содан соң жарты жолда тастап кетті. Жүруге шамамыз келмеді, тұрған жерімізде де мекендеуге дәрменсіз болып қалдық. Бағбан Сен болсаң (олай екеніне шүбәміз жоқ), бақ неге иесіз болып қалсын (Сені осылайша шақыру құрметсіздік екенін білемін). Кіндікті ұстау Сенің қақың болса, ол мәртебеде сөз сөйлеу кімнің қақы...
Ей, мейір-шапағаты әділетінен асқан Көңілдердің Көсемі (с.ғ.с)! Сені ұмытып, Саған құрмет көрсетпегенімізді білеміз; алайда, Сен қазірге дейін бұдан да азапты жайттарды көрдің; жаралансаң да өкпелемедің, опасыздықты көрсең де байланысты үзбедің. Басыңды жарғандар мен тісіңді сындырған зұлым күштердің өзіне алақаныңды жайып, дұға етіп жалбарындың. Сені білмей танымағандарын желеу етіп, лағынет пен беддұғаға бермедің, лағынет пен беддұғаға «әумин» деп тіс те жармадың. Көңіліңді Әбу Жәхилдерді де үміттендірер дәрежеде аша білгеніңше аштың және әрбір сөзің мен іс-әрекетіңді Хақтың рақымының кеңдігіне байланыстырдың. Шамамызға қарамай, медет тілесек те, бүкіл мына жасағандары жаратылыстың қажеттілігі екеніне күмәніміз жоқ.
Ей, Дос (с.ғ.с)! Қанша көктемдер өтіп кетті, алайда, біз үнемі қоңыр күздеміз. Саған қарамастан, аз-кем болса да, үнемі ізіңді басып келеміз. Кел, біздерді тағы бір мәрте сүйсіндір. Сүйсіндір, себебі, біздер бау-бағыңның жаңа көшеттіктерімен есіміңді әлемге толық естіртетін кездеміз. Дүние Сенің дүниең (рұқсат етсең біздің дүниеміз деймін), мына дүние жарықты аңсаумен өтеді. Біздер әлгі қанаты сынық табандылық пен жарық үмітіміз арқылы жолдардың өтемін толық ақтай алмасақ та, өмір бақи жолдамыз. Сезімдерімізбен ғана болса да, іздеген сүйіктіміз Сенсің; кел, соңғы бір мәрте ішкі дүниемізге туып кел, көңіліміз нұрға толсын және көкжиегімізді орап алған мына ұзақ сүреңсіз түндер кетіп, орнына шуақты күндер келсін.
Көзіміз туылған белгілеріңді көрмесе де, дәмің, иісің қазірден бастап баршамызды таңғалдырды. Кел, бізді қайтадан арқаңа көтеріп ал, сол кезде нұрың рух көзімізді толтырсын... Сен «Тур тауындағыдай көлеңкесі жерге түспейтін ағаш көшетісің. / Әлемді қолға түсірген күнсің, бастан аяғына дейін нұрсың» (Ытри). Сенің хат-жолдауың нұр, ойың нұр, көкжиегің нұр, нұрдан жаралған нұрсың; жүзіңнен ысырып аш бетпердені, жаһан нұрға толсын және дүниенің төрткүл түкпірінде атың естілсін.
Ей, Ұлы Дос! Айтылған сөздер нат емес, ғашықтың алдында айтылатын серенада да емес; бұл – қасіретке душар болған, рухтың жетімдігін сезген құлдың ащы зары мен терең күйзелісі.

- жасалған.