Ең қарапайым нәрселерге көрсетілетін қамқорлық

Бұл тақырыпқа қатысы бар бір ғана мысал беру жеткілікті деп ойлаймын.

Ағаштың құрамындағы целлюлоза мен лигниннің қызметі ауқымды. Әртүрлі өндіріс шикізаттарында қолданылатын целлюлоза қағаз өндірісінде де маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ол өзінің иілгіштік қасиетімен ағаштардың  сынып кетпеуін де қамтамасыз етеді. 

Целлюлозаның еруі  мен қорытылуы өте қиын. Ег-ер адам, құрамында целлюлозасы бар өнімдерді жесе асқазанының оны қорытуға шамасы келмейді. Күйіс қайтаратын жануарлардың асқазаны ғана, шығарған сөлдері арқылы оны қорыта алады. Жануардың ағзасындағы целлюлоза пайдалы қорек түріне айналады да, ал адамдар оны қажеттілігімізге қарай пайдаланамыз. Тіпті, жан-жануарлардың тезегін де тыңайтқыш ретінде қолданып жатамыз. Жануарлардың асқазаны целлюлозаны пайдалы түрге айналдыратын бейне бір фабрика секілді жұмыс істейді. Алайда, осыншама көп целлюлозаны жануарлар жей алмайды. Сондықтан жерге төгілген целлюлоза түрлі бактериялардың таң қаларлықдырған операцияларының арқасында кішкентай молекулаларға айналады. Бір жағынан топырақ одан құнар алатын болса, екінші жағынан жер беті жағымсыз иісті заттардан тазарған болады.

Бактерияға пайдасыз, мәнсіз деп қарауға болмайды. Хазіреті Адам Ата (а.с.) заманынан бері осы уақытқа дейін өлген адамдар немесе жер жаралғалы бері өлген жануарлар мен өсімдіктер шірімеген болса, онда бүгінгі жер әлемінің  күйі қандай болар еді? Ал бірнеше жыл ішінде өлген шыбындар шірімейтін болса, жер бетін бірнеше сантиметр қалыңдықтағы шыбын өлекселері қаптап, аяқ басып жүретін жер табылмас еді ғой.

Мұнан шығатын түйін - Аллаһ Тағала ең кішкентай жаратылыстарға үлкен қызметтерді тапсырған. Бір уыс топырақтың құрамындағы миллиондаған бактерияларға жер бетін таза ұстау міндетін жүктегенінен соны байқайсыз?! 

Міне, осылай целлюлоза мен бактерияларды назарында ұстап, қарапайым әрі кішкентай жаратылыстарға үлкен мән берген Аллаһ Тағала ғалам падишасы – адамды бақылауынан тыс қалдырмақ па? Әрине бұлай болуы әсте мүмкін емес жайт.

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.