Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын
Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді кеше кешкісін шығарды, алайда тергеу органдары осы уақытқа дейін (Стамбул уақыты бойынша13:45) кінәсіз адамдарды босатпай отыр. Кім босатса Ердоған оны орнынан алып тастайды деп шенеуніктер бәрі алаңдаулы.
Ескерте кетейік, Хидаят мырзаға 2001 жылы көрсетілген бір телесериялдың бір көрінісіне сүйене отырып террорлық ұйымға басшылық жасады (!) деген айып тағылған болатын.
Бұл оқиғалардың барлығы қазіргі биліктің өздерінің ерте ме, кеш пе алдынан шығатын темір тордан қорқуының нәтижесі. Түркияда заң күшіне ене бастайтын болса, 2013 жылдың 17-25 желтоқсан аралығында орын алған коррупция ісінің соңы осыған алып келетіні анық. Дегенмен түптің түбінде әділдік салтанат құрады, бұл ешқандай билік жою алмайтын құдайлық қағида. Шамасы осы қағида іс жүзінде көрініс тауып келе жатқан секілді, жақында заңсыздықтар тыйылып, кінәсіз адамдарды тінту аяқталады.
- жасалған.