«Қызмет» зардап шеккен Непал халқына көмек қолын ұсынды
Жексенбі күні Түркияның қайырылымдылық ұйымы Kimse Yok Mu (билік өкілдері жабуға тырысып бағып жатқан ұйым) Непалға құтқару тобын аттандырды. Айта кетер болсақ, сенбі күні аталмыш елді-мекенде 7,9 балдық жер сілкінісі орын алған. Апат салдары 2 мың адамның өмірін жалмады. Қайырымдылық ұйымы қаза тапқандар отбасыларына көмек ретінде 100 мың түрік лирасын ұсынды.
Азиядан аттанған 12 адамнан тұратын құтқару тобы (Kimse Yok Mu қызметкерлері) зардап шеккен елді-мекенге Малазия мемлекетінен өтіп, жексенбінің кешінде көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылды.
Қауіптен үрейленген халықты залалсыздандырып, қауіпсіз жерге орналастыру жұмыстарын атқарып, кемінде он күндей Непал тұрғындарының жанынан табылатындарын айтты. Сонымен қатар, аталмыш қайырымдылық ұйымнан дәрігер мамандар мен психологтардан құралған көмек көрсету тобы келеді деп күтілуде.
Жексенбі күні Kimse Yok Mu қайырымдылық ұйымының бас төрағасы Исмайл Джингез Twitter желісіндегі блогында жоғарыда аталып өткен материялдық, дәрігерлік және психологиялық көмектің тиісті орынға бағытталғанын баяндады.
Одан бөлек, аталмыш елді-мекендегі түрік мектебі де, зәбір шеккендерге алғаш болып қол ұшын созғандардың бірі. Меридиян мектебі 2002 жылдан бастап ізгі істерімен халық ықыласына бөленіп келеді.
- жасалған.