Түрік зиялылары шетелдегі түрік мектептерінің жабылуына қарсы
Түрік зиялы қауымы шетелдегі түрік лицейлерінің жабылуына түбегейлі қарсы екендігін білдіруде. Бұл мекемелер мемлекеттік емес. Және де оның жабылуын мемлекеттің жоғары деңгейі қолдап отыр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің жуырда Африка еліне жасаған сапарында мұндай мектептердің жабылуы қажеттігін айтқан болатын. Біздің Түркиядағы меншікті тілшіміз Зейнеп Тұрарбекқызы тақырыпты әрі қарай өрбітеді.
Зейнеп Тұрарбекқызы, тілші:
Бұл жерде білімге қарағанда саясат басымырақ болып тұр. Шетелдегі мектептердің «Қызмет» қозғалысымен тығыз байланысы бар әрі оның идеялық көшбасшысы ислам ғалымы саналатын, сонымен бірге Ердоғанның байырғы қарсыласы болып есептелетін Фетхуллаһ Гүлен. 2013 жылдың желтоқсанында орын алған «Үлкен жемқорлық» ірі коррупциялық жанжалдан кейін Түркия президенті мемлекетке балама құрылым құрды деген айыппен Гүленді халық жауы деп жариялады.
Міне, соның салдарынан әлемнің 160 елінде, соның ішінде Қазақстанда да жұмыс жасап жатқан түрік мектептеріне жабылып қалу қаупі төнді. Бұл мектептер әлемдік білім беру құрылымына өткен ғасырдың 90 жылдары-ақ кірген. Алғашқы түрік мектептерін шетелде тұрып жатқан түрік кәсіпкерлері ашты. Кейбір ақпарат көздерінде олардың мыңнан астам екендігін айтады.
Ахмет Давутоғлу, Түркияның премьер-министрі:
Өкінішке орай соңғы жылдарда бұл оқу ошақтары білімге қарағанда сынмен айналысуда. Кетсен сәл бір қателікті саяси қате қадам ретінде бағалауда. Бұл үрдіс әлемдегі барлық түрік мектептеріне тән.
Кудрет Алтында, «Кадип» халықаралық ұйымының бас хатшысы:
Түрік тілі мен романдарын, мәдениет пен халыққа деген құрметті үйрететін білім мекемелерінде қалайша өсек-аяң айтылуы мүмкін? Мен өзім осындай мектептің түлегімін. Қазір бұл мектептердің білім беру жүйесі мен сапасы өзгерді деп ойламаймын.
Премьердің мәлімдемесі бойынша, министрлік мемлекеттік емес мектептерді жабуға қазірдің өзінде бағдарлама дайындап қойды. Ал оппозициялық партия өкілдері бұл мектептерді ешкім, тіпті Түркияның президенті де жабуға құқылы емес деп есептейді.
Мустафа Дестижи, «Ұлы бірлік» партиясының төрағасы:
Түркияда күн тәртібінде жұмыссыздық пен ұрлық-қарлық тұр. Бірінші кезекте аса маңызды мәселелерді шешу қажет. Қаншама жылдан бері өз жұмысын сәтті жүргізіп келе жатқан мектептерге тиісудің еш қажеті жоқ.
Дәл қазір әлемдегі барлық түрік мектептері құрамына кіретін мемлекеттік ұйым құру қарастырылуда.
- жасалған.