Садақшылар жотасы тік еңіс
Сахабалар ардақты расулдың ізгі мұрагерлері бола білді. Расулға толық бағыну арқылы олар ақиқатты ұстанды, дәріптеді әрі Алланың қалауымен адамзатты шуаққа бөледі.
Мақала тақырыбы Ұхыд соғысы туралы тарихи деректі қозғайды екен деген ой қалыптастырмаса керек. Қайта бұл мақалада менің тоқталғым келген мәселе кезіндегі садақшылар тұрған жотаның қазіргі уақытқа қатысты жағы.
Ұхыд шайқасы... Ол бүкіл мұсылмандарға мәңгі есте қаларлықтай ғибраттар мен дәрістер ұқтырды... Мұсылмандар бұл шайқаста уақытша болса да жеңілістің ащы дәмін татып, сәл де болса есеңгіреді. Міне, сол уақытта барып олар Алла әрқашан мұсылмандарды жеңіске жеткізе бермейтіндігін түсінді. Өйткені иләхи жәрдемге ие болу үшін себептер тұрғысынан өздеріне тиесілі міндеттерді орындау әрі қажетті дайындықтарды жасауы керек. Иә, жігерлерін қайрап, Жаратушыға берген серттерін орындаған кезде Алла да оларға жеңіс сыйлап, өз уәдесін орындайтын болады. Кері жағдайда бір жақты серттесуді бұзса, «иләхи көмекке ие болу» қасиеттерінен айрылып, нәтижеде жеңілістің ащы дәмін тататын еді. Осы ақиқаттың негізгі мазмұнын мына төмендегі аяттан көруге болады: «Алланың уәде еткен сыйы сендердің қалауларың я кітап иелерінің құрғақ сенімімен жүзеге аспайды. Кім өз міндетін орындамаса, соның сазайын тартады» (Ниса сүресі, 123)
Ұхыд соғысындағы «садақшылар жотасында» да исламның ойлау жүйесіне тән көптеген белгілер мен ғибраттар бар. Бұл белгілер мен ғибраттарды көре білу үшін қаласаңыздар «Садақшылар жотасының» Ұхыд шайқасындағы орнына қысқа шолу жасайық.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайхи уә сәлләм) иләхи бағыттаудың көмегімен лайықты жоба әрі әдіс-айла жасап, садақшыларды жотаға орналастырды. Басқа мұсылман сарбаздар жеңсе де, жеңілсе де оларға орындарынан тапжылмауды шегелеп тапсырды. Бұйрыққа бағынудың берекесі болар соғыстың басында мұсылмандар басым түсті. Бұл кезде айтулы қолбасшы Халид ибн Уәлид мүшрік сарбаздарымен мүминдерді ту сыртынан келіп бүруге мүмкіндік таппады. Сондықтан майдандағы мүшрік әскері шашырап, артына қарамастан қаша бастады. Алайда дәл осы сын сағатта әсіресе майдандағы мұсылмандардың олжаға қызығып, соның қызығына түсіп кетуімен жағдай демде өзгеріп шыға келді. Осы сәт жотадағы садақшы мұсылман сарбаздардың да еңіске түсіп, қуанышқа ортақтасқылары келгені байқалды... Араларындағы үлкен сахаба Абдуллаһ ибн Жүбейір (р.а.) оларға тапжылмауды тапсырған Пайғамбарымыздың ескертуін айтумен болды. Алайда садақшылар бұл істі Расулға қарсы келу деп қабылдамады, өйткені олардың ойынша соғыстың қызған кезінде ешқайда кетпеу керек, алайда басқалардың олжа жинап жатқанына қарағанда жаудың жеңілгені. Сондықтан олар өз орындарында қаншалықты тұрудың уақытын мөлшерлеуге келгенде ижтихад қателігіне ұрынды. Сондықтан өздеріне белгіленген орыннан кетіп, мұсылмандардың ту сыртын қараусыз қалдырды. Дәл осы сәтті ұрымтал тұс деп білген Халид ибн Уәлид мүшрік қолымен жылдам әрекетке көшті. Мүминдердің желке тұсынан жау қолын қаптатып, атой салды. Жағдай демде өзгеріп шыға келді... Алла сақтамаса, кім біледі, мүшріктердің қандай сойқан саларын...
Жоғарыда да ескерткенімдей, мақалада Ұхыд соғысын баяндамақ емеспін. Садақшылар жотасының қазіргі күнмен байланысына тоқталмақпын. Оған тоқталмай тұрып әуелі мына сұраққа жауап іздейік: Ұхыд соғысындағы «садақшылар жотасының» стратегиялық тұрғыдан қазіргі күнге қараған тұсы қай жер? Осы жотада тапжылмай тұрып, белсенді төзімділік танытып, орнынан қалт етпеуі тиіс «садақшылар» кімдер? Бұл садақшылардың кейбір жетістіктерге дандайсымауы әрі тұрған орындарынан тапжылмауы үшін көңіл бөлуі керек әуелгі мәселелер қандай?
Жеке пайымым әрі ішкі түйсігіммен ұққан ақиқатымды айтсам, бүгінгі күннің «садақшылар жотасында» тұрғандар: адамдық жолға құлай берілген жандар. Олар шын бақытты – басқаларға бақыт сыйлауда деп ұғады. Басқаларға қол ұшын беру тұрғысында іс-шаралар атқарады.
Менің осы көзқарасымды қалыптастырған жайттар не деген кезде, айтуға тырысайын, әуелі осы жотада болудың материалды пайдасы жоқ. Осы бір өміршең орындағылар шынайы ниеттегі жандар. Бұндай кісілер көп көзге түсе бермейтіндіктен, саясаткерлер, экономистерге немесе әр саладағы танымал кісілерге көрсетілген құрмет оларға көрсетіле бермейді. Тіпті оларды ешкім қошаметтеп, «ер екен» деп те айтпайды, жақын тартпайды. Тіпті жеңіске қол жеткізсе де, ешкім осы жеңіске жетуде олардың да үлесі бар еді демейді, ортақ жетістікке олардың да атсалысқаны еленбейді, тіпті бұл жағын ешкім ойына да алмайды. Керек десеңіз, көп адамдар бұл қуанышты оларға көп көріп көз аларта қарайды, тіпті осы қате пікірлерін тайсалмай айтады. Нәтижеде осындай кісілердің құқының аяққа тапталуы, жағдайларының шынайы бағаланбауы, әрбірі жайлы өсек-аяң өрбуі ықтимал.
Барлық жетістіктерге қарамастан «садақшылар жотасында» тұрып асқан шыдамдылық таныту өте қиын жағдай, ол тіпті қаупі бар тік еңіс. Нағыз ерлер, мұқаррабин деңгейіндегі руханият ерлері ғана сол белесті бағындыра алады. Оның ар жағында сол шыңға тіккен туын жықпай ұстай алатын, Алланың өзі қолдаған (мүәййид мин индилла), көңілі аянға ашық рухани ерлер мен рух сәулетшісі раббанилар ғана бұны жүзеге асыра алады. «Мендік» тұрғыдан өлген әрі сол сезімін уахидың бұйрығына берген; бергі жақтан көпшілік арасында өзін ұмытып, сабыр мен құлшыныс арқылы жаңадан өмір тапқан, «ұжымдық сананы» өздеріне жол деп қабылдап, соны берік ұстанған, барлық сөзі мен іс-әрекетін Жаратушы ие төңірегінде өрбіткен, әрі Мәңгілік Сүйікті иені ишарат еткен руханият ерлері... Иә, барлық істің тізгіні Алланың қолында, барлық ғаламның иесі Алла, барлық құбылыстар мен жағдайларды жаратып, басқарып тұрған да Алла... Барлық іс тек Алланың үкімімен әрі хикметіне сай түрде жүзеге асады.
Қазіргі «садақшылар жотасында» өзі де, сөзі де адал мұғалімдер, басқаларға бақыт сыйлайтын қызмет адамдары мен барлық тіршілік иелеріне көмек беруді өзіне міндет деп білген мұхаммади рухқа ие кісілер тұр. Шен-шекпенділермен салыстырғанда сандары аз болуы мүмкін... Рас, сауданы қыздырып пайда көздегендермен салыстырғанда олар ат төбеліндей ғана болып көрінеді. Бар ынтасын дүниеге салғандардың көзқарасында олар қадірсіз әрі көзге ілінбестей. Алайда Алланың назарында бұл қасиеттілер жер бетіне көктен жауатын барлық берекеттің ұйытқысы. Бұл шындықты көрлер ғана көрмейді, қызғаныштары имандарын көмескілегендер жоққа шығарғысы келсе де нәтиже өзгермейді.
Ешбір қайтарым күтпестен әрі дүниелік-ақыреттік пайда көздеместен тек қана Алланың разылығын қалап, адамзатқа пайда тигізу әрі оларға шын көңілмен қызмет ету елдің бәріне нәсіп болмаған жақсылық... Имандарының талабы ретінде осы бір өте ауыр қызмет жолын таңдаған «Еріктілер қозғалысы» біздің шектеулі пайымымызда «садақшылар жотасындағы» орынды ұстап тұр. Өйткені оқу-ағарту жұмыстары арқылы сауатсыздықты жою, дін, тіл, нәсіл, ұлт әрі аймаққа бөлместен әлемнің түкпір-түкпіріне жақсылық-игіліктің барлық түрін жаюға деген құлшыныс, әлемнің қай аймағында болмасын бейбітшілікті дәріптеу, қай ұлт, қай нәсілден болмасын, қорланып, қоқан-лоққы көрген әр адам баласына қол ұшын созып, жәбірленуді енді болдырмау осы ізгілікті жандардың көздеген мақсаттарының тек бірнешеуін ғана құрайды.
Осындай пайғамбарлық мақсаттарды жүзеге асыруға тырысқанда, олар ешбір қайтарым күтпейді, жасандылықтан сақтанады, аттарының аталуын да қаламайды, ақы алуда бойларын барынша аулақ салады. Ақы тілеу былай тұрсын, бүкіл осы ауыр жұмыстарды арқалауда сенімнен күш алып, Аллаға өздерін мейлінше жақын ұстайды. Толық қанағат тапқан жүрекпен өздерін ақтамай, әрі үнемі тойым білмейтін мағрифат жолаушылығымен пәк рухпен нендей жағдайға тап болса да осы жолдың дәстүрі сол деп білуде. Жаратушыға толық сенім арта отырып, Алланың өздеріне разы болуын қалап, өздері де Аллаға разы болған «нафси марзиямен» осы жолға қадам басқан. Қай жағдай, қандай сәтте болмасын бұл нағыз ерлердің аузынан мынандай сөз шыққаны байқалады: «жанаямастық», «әдеп», «иман», «яқин»...
Бұл сүйіспеншілік ерлері әрі солардың ізінен ерген нағыз ерлер өздері тұрған ел, аймақ, қоғамдағы деңгейіне әрі ата тегіне қарамастан әлемдегі бүкіл мұсылмандардың «садақшылары» жағдайында. Олар жайлы ойларымыз бен жақсы ниетіміз, олардың ұстанған өміршең ұстанымдары қайткенде де (Алланың қалауымен) бұлжымайтыны анық. Барлық қиындықтарға мейлінше шыдап, белсенді төзімділік танытатын осы бір ізгілікті көпшіліктің арқасында Алланың есімі шартарапқа тарап, рақымы күллі әлемді тағы бір рет баурайтын болады. Бұдан күмәндарыңыз болмасын. Өйткені «бұл Алланың уәдесі. Алланың уәде еткені міндетті түрде орындалады.. (Алла мен құл арасындағы бұл уәдені пенде бұзбайынша) Алла ешқашан уәдесінен таймайды» (Рағыд сүресі, 31).
Қосымша
Проф. док. Мұхаммед Бабаамми 1967 жылы Алжирде туылған. Алжирдың көрнекті ғалымдарының бірі. Алжир универсететінде кафедра меңгерушісі әрі Зерттеу орталығының басшысы кезінде Ф. Гүлен еңбектерімен танысқан. «Хира» журналының себепкерлігімен Қызмет қозғалысын таныған. Осы қозғалысты жақыннан тану мақсатында Түркияға келіп, үш жылдан бері зерттеулерін осы салада тереңдеткен. Бабааммидың Ф. Гүлен және Қызмет қозғалысы жайлы төрт кітабы, көптеген мақалалары мен ұйымдастырған конференциялары бар. Қазіргі уақытта Алжир университетінде Ф. Гүлен және Қызмет қозғалысы жайлы магистрлік әрі докторлық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасауда.
- жасалған.