Жәбір көрген адамның дұғасы арышты қозғайды!.. (қысқартылып алынды)
Әлдекім абыройыңызды түсіріп, сізді құрту үшін сыртыңыздан шешім шығарады. Сол үшін де үнемі айла құрып, ғайбаттайды, ұялмай сізге жала жабады. Сіз мүминсіңіз, жамандыққа жамандықпен қайтарым жасағыңыз келмейді, жұмсақ тілмен шындықты түсіндіруге тырысасыз. Алайда сізді жау көретін ол өз пиғылынан бас тартпайды, арыңызға күйе жағуын тоқтатпайды. Орынсыз кінә артады. «Ондай іс жасаған емеспін» дейсіз, ол «жасадың» дейді. «Мәселенің мәнісі мынада» дейсіз, ол «жоқ, олай емес» деп қырсығып тұрып алады. «Дәлел» сұрайсыз, өсек-аяңнан аспайды. Демек, жай ғана түсіндірудің мәселені шешпейтіндігін түсінесіз. Ендеше, Алланың атын айтып ант ішесіз, өкініштісі, оған ол да әсер етпейді. Соңғы шара ретінде оны өзара анттасуға шақырасыз. «Ар-ұяты, ұжданы таза болса шабуылын доғарар» деп ойлайсыз. Бір таңғаларлығы, бұл жолы «Мені қарғады, лағынеттеді» деген пәлеге қаласыз.
Міне, қазіргі уақытта елімізде осынадай сұрықсыз жағдай орын алып отыр. Өмірін адамзаттың бақытына арнаған, дүниелік ешбір қызыққа бас имеген, нағыз адамдықты ардақтауды ғана мақсат еткен кісі жоғарыда мен тұспалдағандардан да асқан жәбірлеуге тап болуда.
Анығында, құрметті Фетхуллаһ Гүлен өмірі ешкімге жамандық тілемейтін, қырық-елу жыл бойы өзін жамандап мақала жазған адам жайында да «тозақ» дегенде, «Жоқ, уа, раббым, оны отқа лақтырма, қайта тура жолға сала гөр, жұмағыңды нәсіп ет» деп, көз жасына ерік беретін әрі бүкіл өмірін адамзаттың бақыты үшін жылаумен өткізіп келе жатқан кісі.
Құрметті ұстазымыз үнемі: «Біз сүйіспеншілік ерлеріміз. Жауласуға уақытымыз жоқ. Басқалар мың түрлі дұшпандық көрсетсе де, дұшпандықтың мың түрлісін бір уақытта тарттырса да, біз дәл солай титтей де қарсылық танытуды ойламаймыз. Біз жүретін жолдарға тікен тастаған, алдымыздан ор қазған кісілерді бір жерде бір терең шұңқырға түсіп кеткенін көрсек, бәрібір қолынан тартып, шығарамыз. Біз ең қиын күндерде, ең аяусыз дұшпандық жасағандардың өзіне де лағынеттеп, қарғыс айтпақ болғандарды «әмин» деп қостаған емеспіз. Ешкімге де лағынет айтып, қарғыс жаудырмадық. Ең қатты кеткенде «оларды Алланың өзіне тапсырамыз» дедік те қойдық» деп, үнемі осы негізде әрекет еткен.
Аллаға тапсырғанның өзінде бір шарт қою керек!
Құрметті Гүлен залымдарды Аллаға тапсыруының өзін белгілі бір шарттарға негіздеген, оларға Алладан пана тілеген уақытта да бұла тілегін бір шартқа негіздеген: «Алла тағалам, бізді масқара етіп ұятқа қалдырғысы келгендерді, осы бағытта айла-шарғыларға барғандарды өзің дұрыста. Ақыл-естерін жиғыз. Егер мұратың бұл болмаса, егер олар тұтастай нәсіпсіз құлдарың болса, тым құрыса, бізді олардың жәбір-жапасынан сақтай гөр! Залымдарды мақсат-мұратына жеткізбе, оларға төтеп берерлік бізге күш-қуат бере гөр!»
Жемқорлық жайлы сұхбаттың астары
Herkul.org сайтында 20 желтоқсан 2013 мерзімінде «Жемқорлық» деп аталатын сұқбатында Гүлен ұстаз әуелі тағы бір рет адамзаттың қызметіне берілгендер үшін мейірімділіктің маңызы туралы сөз етті. Кейіннен қызмет еріктілері тап болып отырған шабуылдарға тоқталды, соңында күнтәртібіндегі мәселелерді сөз етті. Әсіресе, соңғы екі айда не айтылмады, не жазылмады десеңізші?!
Ең үлкен қазынасы берілгендігі мен ешкімнен ештеңе күтпегендігі болған жанқияр жандар жайлы «билікті алғысы келеді», «мемлекеттің орындарға астыртын өту», «жапсарлас билік құру», «лас одақ», «пікірді саудаға салу» және «халықаралық лас ойында рөл алу» секілді бір-бірінен жиіркенішті жалалар жабылды. Бұлар тек шектеулі орталарда ғана айтылмады. Жалпы әрі әлеуметтік БАҚ арқылы жайылған үстіне жайыла түсті. Мәселе жеке өзіне ғана қатысты болса, Гүлен ұстаз бұл жолы да үндемей қоя салар еді, ары кеткенде Аллаға тапсырумен шектелер еді. Кезінде «Жасырын кардинал операциясын жүргізуші» дегендерге біз «Тілің кесілгір» дегіміз келе жаздаса да, ол кісі ащы жымиюмен ғана шектелгені белгілі. Иә, егер оқиға тек өзіне ғана қатысты болса, ол Хақтың досы ретінде сезімдерін жүрегіне жасырар еді. Алайда бұл жолы көпшіліктің құқына тіл тиді, мәселенің ішінде көпшіліктің хақы болды. Міне, осындай жағдай болғандықтан, бұл тұста көз жұмып, үндемей қалу мүмкін емес еді.
Мәселе осыншалықты ушықпау үшін көп талпыныс жасалды. Қаншама рет түсіндірілді, жазылды, жасырын да айтылды, ашықтан да жарияланды. Түнде де айтылды, күндіз де түсіндірмелер жүрді. Алайда кейбіреулер жала жабудан бас тартпады. Хаттар жолдау арқылы сұрақтар сұралды, ант етіп «анық жала» дедік. Бірақ бәрібір сенбеді. Өз айтқандарын дәлелдейтін айғақтар көрсете алмады, бірақ «мүминнің анты дәлел» деген ақиқатқа да жуымады. Түптеп келгенде құрметті ұстазымызға анттасуға шақырудан басқа шара қалдырмады.
Міне, осындай жағдайда Ұстаз соңғы шара ретінде дұға әдісімен оларға үндеу тастады. Жеке тұлғаны негізге еш алмастан, мына жақ, мына жақ деместен, әсіресе, саяси қозғалысты тұтастай жала жабушы, айла құрушылармен бір тұтпады. Тіпті қарғыс деп аталып кеткен сөздерін айтарда өзін де соған қосып былай деді:
«Алайда егер бұл керітартпалықтарды қозғап жатқан жолдастар.. олардың кім екенін білмеймін, мың да бірін де танымаймын. Осы іс жайлы «құқықтың және бұған қоса жүйенің, діннің, бұған қоса, демократияның талаптары осылар» деп (тазалану үшін, шайыну үшін, тазарыну үшін, кірлерді ақыретке қалдырмау үшін) бір нәрсе істерде дін негіздеріне қайшы іс жасаған болса... бізді де кінәлауда, сондықтан мен өзімізді де солардың қатарына қоса отырып, былай деймін: діннің негіздеріне қайшы іс жасаған болса, жасаған істері Құран негіздеріне қайшы болса, Сүннетке қайшы болса, Ислам құқығына қайшы болса, қазіргі заман құқығына қайшы болса, қазіргі демократияға қайшы болса.. Алла бізді де, оларды да жер жұттырсын. Отбасыларын отқа орасын. Шаңырақтарын күйретсін. Алайда олай емес болса, ұрыны көрместен ұрыны ұстағанға дүрсе қоя бергендер, қылмыскерді көрмей бәйкүнә халыққа жала жауып, соларды қаралағысы келгендер.. Алла олардың үйлерін өртке орасын, шаңырақтарын күйретсін, бірлігін ыдыратсын, жолын болдырмасын, әлдебір мұратына жеткізбесін».
Әуелі бұл айтылғандардағы мына сөздерге мән беру керек: «...тазалану үшін, шайыну үшін, тазарыну үшін, кірлерді ақыретке қалдырмау үшін... ». Мейірімді жан бұл жерде де адамдардың ақыретін ойлауда әрі оқиғалардың ақыретке жаманшылықтармен бармауы тұрғысынан қарастырылуы керектігін қалауда.
Мүләана, Мүбахала және анттасудағы мақсат не?
Екіншіден, бұл қарғыс емес, ары кетсе мүләана, мүбәхала немесе дәлелсіз жала жабылған адамның өзіне жала жапқан адамды анттасуға шақыруы. Өйткені кейбір қаламгерлер мен ойшылдар бұл дұғаны «мүләана» (әйелін күйеуінің зина жасады деп айыптауы әрі бұны төрт куәмен дәлелдей алмау жағдайында, бидің алдында арнайы түрде әрі өзара анттасуы) немесе «мүбахала» (кінәлау мен жала жабылған уақытта ақиқатты анықтау үшін жала жабушыны қарғыстау) ретінде бағалап мақалалар жазды. Иә, айтылған сөздерді Ұстаздың негізсіз жала жауып үнемі шабуылдайтындарға сол секілді бір ибтихала (жалбарынуға) шақыру ретінде жорамалдауға болады.
Бұған қоса, қателік жіберілгендей соған кешірім сұралуы керектей жағдай қалыптастыру да жеңіл түрде айтқанда ынсапсыздық. Түсіндірулерді тыңдамай, ақиқаттарды естуге құлықсыз, өзінің қарақшылығын жасырып қалу үшін шу шығарып, соның тасасына тығылғысы келетіндердің түрлі айламен ақиқаттарды бұрмалағысы келетінін де ескеру керек.
- жасалған.