1997 өмірі

23.02.1997  Жазушылар мен өнер қайраткерлері
Қорының атынан марапатқа ие болуы Жазушылар мен өнер қайраткерлері Қорының (ТуркСАВ) тарапынан ұсынылған түрік әлеміне сіңірген адал еңбектері үшін марапат иегерлері анықталды және түрік әлемінің дамуына өз үлесін қосқан азаматтар мен ұйымдарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге Фетхуллаһ Гүлен Түркияның әлемдік қоғаммен интеграция жолында көрсеткен талпынысы үшін құрметті марапаттарға ие болды. 

29.03.1997  STV («Құс жолы» арнасы) телеарнасының «Хабер критик» бағдарламасына қатысуы
Фетхуллаһ Гүлен «Саманйолу» («Құс жолы») телеарнасынан тікелей эфирден берілген «Хабер критик» бағдарламасының қонағы болды. Ол доцент Осман Озсой мен профессор Мим Кемал Окенің сауалдарына жауап берді.  

16.04.1997  «D» телеарнасына берген сұхбаты
Фетхуллаһ Гүлен «D» телеарнасынан берілген «Ялчин Доган және ең басты мәселе» деген бағдарламасының бас қонағы болды. Бағдарламаның тақырыбы: «Түркиядағы саяси дағдарыс» 

30.05.1997  Түркиядағы саяси жағдайға қатысты «Таймс» журналына берген сұхбаты 

11.06.1997  Денсаулық жағдайына байланысты АҚШ-қа аттануы
Огайо штатында профилактикалық (кардиологиялық) ем курсын қабылдауы.
 
10.08.1997  Фетхуллаһ Гүленге орыс жазушыларынан шақыру хаты келуі
Америка Құрама Штатында ем қабылдап жатқан Фетхуллаһ Гүленге Ресей жазушылар одағының шақыру хаты келді. Бұл жөнінде одақ төрағасы Тимур Пулатов былай деді: «Мен Гүленнің Ресейге келуін өте пайдалы болатынына сенемін..»
 
31.08.1997  Саяси оқиғалардың жолы жайында «Миллиет» газетіне сұхбат беруі
1997 жылы 28 ақпанда өткен Ататүріктің зайырлы республика мен шариғатынан кейін, Түркиядағы саяси дағдарысқа қатысты корр. Ясемин Чонгардың сауалдарына жауап берді.  

04.09.1997  «Заман» газетіне берген сұхбаты
«Батыс пен ұлтшылдық» тақырыбына байланысты әңгіме барысы «Заман» газетінің журналисті Али Асланмен бірге талқыланды. 

19.09.1997  Кардинал О’Коннормен кездесу
Фетхуллаһ Гүлен Нью-Йорктің бірден-бір жетекші католиктер көшбасшы кардиналы, Иоанна Павел ІІ-нің оң қолы Джон О’Коннормен кездесті. Американдық үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының үлкен беделін иеленген кардинал О’Коннор мен Фетхуллаһ Гүленнің кездесулері өте жылы атмосферада өтті. 

30.09.1997  Түркияға оралуы. 

21.11.1997  Ағартушылық саласындағы еңбегі үшін Турк Эгитим Сеннің (Түркияның кәсіподақ қызметкерлеріне білім беруі) марапаттауы.
 
21.11.1997  Джордж Морович пен онымен бірге жүрген делегацияның Гүленмен кездесуі
Стамбулдағы Ватикан өкілі монсеньор Джордж Морович, Ежелгі-Сирия католик қоғамының митрополиті Юсуф Четин, Сирия католиктерінің патриархының орынбасары Юсуф Саг пен Ежелгі-Сирия католик қоғамының епископы Самуэль Акдемир Фетхуллаһ Гүленмен кездесті. 

25.12.1997  Журналистер мен жазушылар Қорының ұйымдастырған «Ұлттық келісім» атты кешке қатысуы
1997 жылдың 25 желтоқсанында Фетхуллаһ Гүлен Журналистер мен жазушылар Қорының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық келісім» атты кешке қатысты.
 
   
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.