1995 өмірі

23.01.1995  «Хурриет» (Еркіндік) пен «Сабах» (Таң) басылымдарына берілген сұхбат
Сұхбатты Нурие Акман («Сабах») мен Ертуғрул Өзкөк («Хурриет») жүргізді. Журналистермен болған сұхбатта Түркияның қазіргі жағдайы туралы мәселелер қозғалды, ал премьер-министр Тансу Чиллермен ислам, саясат, әйелдер мен білім беру жайында сөз болды. Бұл сұхбаттар сол кездегі жағдайға өзіндік үлесін қосты. 1995 жылы 23 ақпанда өткен журналистер мен жазушылар қорының ұйымдастыруымен шақырылған кешкі асқа көптеген белгілі саяси, басқарма мен университеттік орталар қатысты. Фетхуллаһ Гүлен Қордың атынан қоғам қайраткерлеріне хат жолдады.  

20.03.1995  Бюлент Ежевитпен кездесуі
Фетхуллаһ Гүлен Демократиялық солшыл партиясының көшбасшысы Бюлент Ежевитпен кездесті. Ежевит үшін сұхбат өте мәнді де мағыналы өтіп, онда дін, ғылым мен философия тақырыптары қозғалды. 

09.06.1995   Тансу Чиллермен екінші рет кездесуі
Фетхуллаһ Гүлен мен Тансу Чиллер 1994 жылы кездескеннен кейін екінші рет Измир-де жолықты. Бұл кездесуге себеп болған премьер-министрдің жекеменшік «Яманлар» лицейінің бітіруші жас түлектердің салтанатты кешіне қатысуы еді, кештің соңына таяу Т.Чиллер мен Ф.Гүленнің сұхбаттары 45 минутқа созылды.  

15.06.1995  Месут Йылмазбен кездесуі
Месут Йылмазбен болған Анкарадағы кездесуінде Фетхуллаһ Гүлен елдің жағдайына байланысты ой - толғамдарын ортаға салды. 
03.07.1995  ТРТ мемлекеттік телеарнасының «Атеш хатты» («От сызығы») бағдарламасы үшін берілген сұхбат Стамбулда Фетхуллаһ Гүлен «Атеш хатты» бағдарламасының жүргізуші журналист Реха Мұхтармен ұзын-сонар сұхбат құрды. 

02.08.1995  Түркияның парламент төрағасы Хусамеддин Жиндорукпен жүздесуі
Парламент төрағасы Хусамеддин Жиндорукпен Фетхуллаһ Гүлен оның жұмыс апартаментінде жүздесті. 

20.08.1995  «Жумхуриет» (Республика) газетіне берілген сұхбат
Жеті күн бойы басылған бұл сұхбатта ол төмендегідей тақырыптардағы сауалдарға жауап берді: республика-секуляризм-шариғат, білім беру, демократия және әйелдер т.б. қоғамдық маңызы бар сұрақтарға жауап беріп, көптеген адамдардың исламды дұрыс түсуіне өз септігін тигізді. 

14.09.1995  Медициналық тексерілуі
Көп уақыт бойы мазалап жүрген жүрек-тамырының нашарлауының себебін анықтау үшін Фетхуллаһ Гүлен ауруханаға жатты.  

19.09.1995  Босния балаларының құрметіне ұйымдастырылған Футбол жарысын тамашалауы
Журналистер мен жазушылар Қорының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесу «Бәрі Босния балалары үшін» деген ұранмен өтті. Футболдық шарадан түскен пайдаға Сараево (Босния – Герцеговина) қаласында мектеп салынды. Аталған кездесуді Марадона мен Фетхуллаһ Гүлен бірге тамашалады.  
18.10.1995  «Миллиет» («Ұлт») газетіне баруы
1995 жылы 18 қазанда «Миллиет» газет редакциясының журналистері мен газетті шығарушылармен әңгімелесті. 
19.10.1995  Голландияның бір телеарнасына берген сұхбаты
Бұл репортажда ол өз өмірі жайында көзқарастары мен шығармашылығына байланысты, сонымен қатар ислам мен секуляризмге қатысты ойын ортаға салды. 
   
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.