Шынайы мұсылмандар террорист - бола алмайды
Ислам – сөзбе-сөз алғанда мойынсұну, берілу (Аллаһқа-ред.) деген мағынаны білдіреді. Ислам – қауіпсіздік пен бейбітшілік діні. Мұсылман адамның өмірінде бұл қағидалардың әдетке айналғаны соншалықты – тіпті ол намаз оқуға тұрған кезде, бұл дүниемен бүкіл байланысты үзіп, Аллаһ алдында сәжде етіп, содан кейін қайта түрегеліп, екі қолын алдыға байлап сый құрметтің ұлық белгісін білдіреді. Ал намаздың аяқталуы мұсылман үшін бейне бір жаңа өмір бастауындай. Ол намазын оң жағындағылар мен сол жағындағыларға да сәлем-сауқат, денсаулық, қауіпсіздік, бейбітшілік тілеп аяқтайды, содан кейін басқа мұсылмандарға қосылады.
Исламда амандасу мен бейбітшілік тілеу – ең қайырымды әрі көркем істердің бірі. Шынында да, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Исламдағы ең қайырымды істер қандай?», - деп сұрағанда, Ол: «Басқаларға тамақ беру және сәлемдесу» деп жауап берген.
- жасалған.