Қызметтің әмбебаптығы және еріктілердің ортақ ниеті
Исламның биік мұратын ойлап әлемнің түкпір-түкпіріне көшкен адамдар арасындағы қатынастың толықтай жалпы адами құндылықтарға арқа сүйейтіні айтылуда. Жат ел мен мәдениеттерге тән көптеген адамның Анадолыдан бастау алған осынау қозғалыспен кейіннен танысқанына қарамастан, «Сендер бұл Қызметтен аяқ тартсаңдар да біз одан ажырамаймыз» дегендерін естиміз. Осы тұрғыдан Қызмет қозғалысының ғаламдық деңгейге жеткенін айта аламыз ба? Егер айта алған болсақ, бұл жағдай Қызмет еріктілеріне жаңа міндеттер жүктей ме?
- Барлық нәрсені Жаратушы иенің қолдауына, жомарттығы мен бақылауына жатқызу керек. Бәрі Алланың көмегімен болғаны әрі Алланың бәрін бақылап тұрғаны анық. Өзгелердің залал тигізуіне мүмкіндік бермеді, залал тигізгісі келген соншама адамның шыққанына қарамастан, Аллаға шүкір, бүгінге дейін болмашы бір-екі жерде ғана проблема кездесті. Мүмкін бізге ғибрат болу үшін жасалған болар. Аздаған теңселіс байқалғанмен ол жүзден бірді ғана құрайтындай өте аз. Әлем қызмет пікірімен танысқаннан бастап өте ықыласпен жасалған қызметтердің өзінде де, тіпті бәрінде де аздаған ақау кездеспей қалмағанын байқауға болады.
Жақынды көре алмайтын соқырлық және жұрттың сүйіспеншілігіне бөленгендер
- Араларынан шыққан адамды елемеу адам табиғатында бар, біз оны жақынды көрмейтін соқырлық дейміз. Адамзаттың мақтанышы расулалланы да Мекке азат етілген сәтке дейін меккеліктер танымай келген еді. Таныған кісілердің саны аз еді. Олардың санын Бәдір мен Ұхыдтан көре аласыздар, саны белгілі. Алғашқы сапты құраған адамдар аз еді. Шамамен барлық Мекке халқы, тіпті мыңдаған адам Мекке азат етілгенге дейін Пайғамбарымызды (с.а.с.) ұнатпай келген. Бұны да жақынды көрмейтін соқырлық деуге болады.
- Сіздер әлемнің 160-там астам еліне бардыңыздар. 160-тан астам елде, білуімше, жүзде бір не жүзде екі сәтсіздік кездесті. Оның тысында үнемі ол елдерде сіздерді жақсы қабылдады. Тура бір Алла хазірет Жәбірейлге «Мен пәленшелерді жақсы көремін, сен де жақсы көр» деп бұйырғандай. Хадисте айтылғандай, Жәбірейіл (а.с.) бүкіл көк тұрғындарына «Алла пәленшелерді жақсы көреді, мен де жақсы көремін, оларды сендер де жақсы көріңдер» деп, хадисте айтылғандай кейіннен оларға жер бетіндегілер махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарай бастайды. Алла оларды осындай жақсылыққа бөлейді.
- Бұл достарымыз 160-тан астам түрлі мәдениеттермен, сол мәдениеттердің аумағында өскен адамдармен араласуда. Сондай адамдармен бетпе-бет келсе де олардан кері итерушілік байқамауда. Кері итеру былай тұрсын, орталықтан ол достар барған елден үнемі жамандап хаттар барады. Шайтани азғырулар барады. «Бұларды өздеріңе жолатпаңдар» деген секілді хаттар жіберіледі. Бірақ соған қарамастан қамқорлық танытқан әлгі кісілер «Жұмыстарыңды істей беріңдер, біз сендерді танимыз» деуде. Бұны Алланың оларға деген махаббат жаратып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөлеуімен түсіндірмесеңіз, басқаша шеше алмайсыз.
Ақыретін оңдаған кісі дүниеде еш нәрсе де жоғалтпайды
- Небір қиындықтар төнсе де Алланың қалауымен сол жергілікті жердің тұрғындары да, не біздің достарымыз да абдырап қалмады. Алла сіздерді де абдыратпасын, не істерін білмей алақтап қалудан сақтасын. Аса маңызды да емес. Ондай жаман пиғылдылардың дегеніне Алла жеткізбейді. Бұған сеніңіздер. Егер алда-жалда сіздерді осы дүниеде құртса, ақыретте қайта көгеріп, көктейсіздер. Ақыретте ұтқан адам ештеңеден де ұтылмайды. Алланың разылығына қол жеткізген жан ештеңеден де ұтылмайды. Расулалланың (с.а.с.) жолындағы жан ештеңеден де ұтылмайды. Сіздердің осы дүниеде ешқандай да сән-салтанаттарыңыз, виллаларыңыз, кемеңіз не ұшақтарыңыз болған жоқ. Көпшілігіңіз кәсіпкерлерді, саудамен шұғылданатындарды, инвестиция құятындарды қоспағанда пәтер жалдап тұратындарыңызды білемін, керек десеңіз, кейбірі пәтер жалдауға үй де таба алмауда, өйткені онда-мұнда көшіп жүреді. Кейбірлеріңіз қарапайым ғана күрке сымал орындарда да тұрып жатырсыздар. Бірақ бұны ешкім елеп жатқан жоқ. Алла бізбен бірге болған соң, бұларға жабырқаудың еш реті жоқ.
- Бұл анығында ұлы мақсат үшін сапарға шығуды білдіреді. Ерікті түрде хижрет жасау секілді іс. Кезінде ардақты сахабаларымыз (бәрі де біздер үшін өте қадірлі) жолында мен де құрбан болайын, сіздер де құрбан болыңыздар, олармен өзімізді салыстыра алмаймыз, қысым көргендіктен, Мекке мүкаррамадан Мәдина мүнаууараға хижрет етті. Бұл өте маңызды еді. Ол тек мүшріктерден қашу ғана емес еді. Өз мемлекетін құруды мұрат тұту секілді еді. «Қап, бәлем, сәл күтіңдер. Алла залымдарға мүмкіндік үстіне мүмкіндік береді. Содан кейін қайтып келіп, жер кіндігі саналған Қағбаның өзінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атын асқақтатып, өнегесін әлі-ақ жаямыз». Осындай мақсатқа берілгендіктен, өте биік мұратқа сай көшті. Сол тұрғыдан мәселеге тек қашқандай қарау дұрыс емес. Бір мақсатты жүзеге асыру үшін ол бір баспалдақ тәрізді еді, ол жер мұсылмандар мемлекетінің негізін қалауға өте ыңғайлы еді. Алланың қалауымен жаңа мәдениет Мәдинада қалыптасты. Кейіннен бүкіл әлемді саясына алды.
- Қазіргі күнгі де қашу емес. Өмір сүруге ыңғайлы орын барда, ата-аналарының қасында, жұбайларының, туыстарының жанында міндет атқару мүмкін бола тұра, университетте я кез келген мектепте қызмет атқаруы мүмкін бола тұра, керек десеңіз, ең жақын жерде қызмет атқару мүмкін бола тұра 10 мың шақырым алысқа барып қызмет атқару әрі сол жаққа ұнап, сіңіп кету өте маңызды жағдай.
Ортақ ниет: жалпы адами құндылықтарға құрмет
- Негізінде жалпы адами құндылықтар бас біріктірер ортақ тұсты білдіреді. Қызметтегілер барған барлық жерлерінде адамға құрметпен қарауда. Ол кісі мұсылман болуы мүмкін. Мұсылмандығы шала біреу болуы да мүмкін. Яғни адасушылықтары бар жан да болуы мүмкін. Қарап тұрсаңыз, олармен де ортақ тіл табысатын тұстарды таба алады. Христиан болуы мүмкін. Адами құндылықтар тақырыбында олармен бөлісетін ортақ тұстар таба алады. Иудей де болуы мүмкін. Тіпті Будист, брахманист, синтоист те болуы мүмкін… әлемнің басқа да жерлеріндегі түрлі түсініктегі адамдардың баршасымен белгілі бір деңгейде түсінісе аласыздар. Сірә, адами құндылықтарға құрмет, болашақта бұл адамдарды татуластыру, біріктіру, бейбітшілікке әкелу тұрғысында өте маңызды фактор ретінде байқалуда. Менмендік, өзін артық қою түсінігі, үстем ұлт түсінігі, бұлар бөлуші факторларға жатады.
- Әркімнің қандай түсінікке, қандай дүниетанымға, қандай өмірлік философияға жақын болса, соны құрмет тұтуы мейлінше қалыпты. Тіпті бұл тұрғыда «Отанды сүю иманнан» деген де сөз бар. Хадис болмаса да оны сынға алатындай жағы жоқ. Бірақ сенің отанды жақсы көруің, ұлтыңды жақсы көруің, өз көзқарас әлеміңді жақсы көру, идеалдарыңды жақсы көру, басқалармен жауласуды, дұшпан болуы талап етпейді. Иә, бәрінен бұрын жалпы адами құндылықтарды бағалау мәселесінде олармен біргесің, адамсың. Адамдықты еселеу тұрғысында ортақсың. Екінші бір мәселе бұл тұрғыда олардың адамдығын өсіру үшін, сондай сезімдерді қамшылау үшін оларға жақын тұру керек.
Уақыттың естен тандыруына да сабыр ету
- Әлемнің болашағы мен бақыты осыған да байланысты. Бірақ өте үлкен жоба болғандықтан, әрі ұзақ уақытты керек етеді, әрі уақыттың естен тандыруына деген сабырды да қажет етеді. Уақытының келуін күту үшін өлгеніңше сабыр ететіндей мәселе. Қашан болатынын білмейміз.
- Биік мақсат үшін сапарға шығу... Өте биік мұратқа қызмет ету. Бұлар өте маңызды жайттар. Ниеттерінің сыйын алар. Адам сондай биік мақсатқа қызмет еткенде, оның сыйын алады. Сондай биік мақсат үшін елінен жырақтаған болса, сыйын алады. Көңілмен мұһажирлық жасаса, бір жерден қашпағаны. Қашпай, тұруы керекті орыннан баруға қиын жерге баруда. Өзі үшін бастапқыда көп нәрсе уәде етілмейтін бір жерге баруы өте қиын мәселе. Сол жаққа ойланбастан барады. Ол жерде барлық нәрсе дайын күйде күтіп тұрмағаны да белгілі. Уақыты келгенін күту өте маңызды. Міне, осыны уақыттың естен тандыруына шыдау дейміз. Сабырдың бір түрі ретінде осыны да қарастырамыз.
Биік мақсат жолаушыларының исар қасиеті
- Осы тұста мынаны да айтайын. Біз ақыры адамзатқа қызмет ету жолындамыз. Белгілі бір деңгейге дейін адамзатқа қызмет еттік. Егер сол деңгейден кейін сол адамдардың арасынан осы қызметті ары қарай алып жүретін адамдар шықса, сондай қабілет-түсініктегі адамдар жетілген болса, міне сол кезде тағы да исар маңызға ие болады. Басқаларды өзімізден артық көру мәселесі алға шығады. Кері жағдайда тек қызғаныш тудырамыз, іштарлықтарын оятамыз.
- Өз еліңізде сіздерді қызғану, сіздермен бәсекелесу, іштарлық болғанына қарағанда өзге елдерде, өзге ұлттарда ондай жайттың сезілуі қалыпты. Исар (өзін емес өзгені ойлау) түсінігіне қаншалықты берілсеңіздер, соншалықты жүректерге құрған тақтың негіздері мен тұғырын нықтай түсесіздер. Негізгі ой да осы еді. Исар рухымен өзін еш ойламау, басқаларды бақытты ету үшін өз өмірін елемеу, аяқ асты ету. «Өздеріңе тән барлық қалауды, нәпсіні, шайтандықты, пенделік кемшіліктерді, айуандық қасиеттерімізді аяққа таптап, өзгелер үшін жүргенімізді зор дауыспен білдірмекпіз. Хазірет Исрафилдың сұрмен дыбыстағанындай бар даусымызбен айтамыз» деу…
- Бастапқыда осындай әрекет көрсеткеніміздей, соңында да өте бір байыппен исар рухымен, өзгелерді өзіңнен артық көру үшін кері шегіне білгенде, не істейтіндерін білесіздер ме? Қайта сіздерді бері тартып «Жоқ, біз соншалықты опасыздық жасай алмаймыз. Келіңіздер, бүгінге дейін имамдық жасадыңыздар, бұдан кейін де сол михрабта имамдық жасау сіздердің еншілеріңізде. Сіздердің соншалықты опаңызға опасыздық жасау тым обал емес пе?!» дейді. Әрине, осылай айтуын күтіп оны жасамау керек. Біз өз міндетімізді исар рухымен көрсете білуіміз керек. Анығында басқаларға өмір сыйлау сезімімен, адамзат деңгейінде қайта тірілу мәселесін қозғау арқылы жасайтын істерімізді жасауымыз керек. Ондай нәрсе айналып келсе, келер. Әйтпесе, ісіміз пайғамбарлық ісі болғандықтан, яғни айналысып жүрген ісіміз пайғамбар ісі болғандықтан, пайғамбарлардың ізінен қалмаған күшігі Қытмир болғандықтан, солардың артынан жүргендіктен, «Осындай қызмет еткеніміз үшін сендерден ешқандай ақы сұрамаймын. Менің ақымды әлемдердің раббысы тек Алла береді» (Шуара, 26/109) және «Дінді насихаттағаны үшін сендерден ақы сұрамайтын, еш пайда күтпейтін, тура жолда келе жатқан осы кісілерге еріңдер» (Ясин, 36/21) деген аяттар бойынша әрекет етіп, ешқашан атқарған қызмет үшін ешкімнен еш нәрсе сұрамауымыз керек.
- Атқарған қызметі үшін анаған қол жеткізу, мынаған қол жеткізуге келсек, бүгін ол адамдар демагогиялармен, диалектикалармен өзгелерді алдауға тырысса да тарихтың беттеріне қарабет болып түседі. Бұған еш күмәнданбаңыздар. Бірақ тарихта біздің ақ болып сақталуымыз үшін сондай бір жанкештілік, сондай бір хасбилік, сондай бір исар рухына ие болуымыз керек. Біз оны исарға айналу дедік. Егер осыны істей алсақ, Алланың қалауымен бұл дүниеде де, ақыретте де ештеңеден ұтылмаймыз. Бұл пайғамбарлардың жолы. Біз сол жолмен жүріп өткен боламыз.
Әлем «Олардың айтқандарына мән бермеңдер, сендер өз істеріңді атқарыңдар» деуде.
- Қызметке деген сондай бір сүйіспеншілік, қызметті жұрттың ұнатуы байқалады. «Олар айта берсін, сіздер өз істеріңізге қараңыздар. Біз сіздерді 20 жылдан бері танимыз» деуде. «Өз елінде сіздерді 20, 30, 40 жылдан бері танымаған адамдар болса, тым өкінішті. Сіздерді тани алмағандары өкінішті. Сіздерді құртамыз деп жанталасуда»
- «Істеріңді бітіреміз» деген сөз екі мағынаға келеді. Біріншісі, шын мәнінде құрту, екіншісі, жерге көмілген дәннің қайта көктеуі. Осы тұрғыдан әділетсіз түрде сіздерді құртпақ болғандар, өздері аңғармастан, сіздердің рухани серпілістеріңізді арттырып, тамырларыңызға су құйып, түбін қосытып, күн түсіріп, желдетіп, қайта күштеріңізді еселеуде. Бұған тек алғыс айту керек. Сіздердің бір-бірлеріңізді демей түсіп, бір-бірлеріңізге қолдау білдіріп, қабырғаға өрілген кірпіштердей бір-біріңізге жабыстыра түссе, онда оларға айтарымыз тек “thank you very much!”
- Қысым көрсету бір жағы өсуге себеп. Алла қаласа, солай болады. «Қанша қарайсаң да қарай, өйткені қою қараңғылықтан кейін барып ағарып таң атады». Түннің ең қараңғы қоюлығынан кейін алдамшы шапақ келеді. Ол өзі алдамшы болғанмен, одан кейін шын таң атады.
Тәкаппарлық пен көрсоқырлық-ай десейші, маңыздысы Құдайдан қорқу әрі нығметтерді үнемі айтып отыру (тахдиси нимет).
- Бір жағынан жасалған істерді азырқанбау керек. Өйткені атқарылған істерді азырқану көрсоқырлық. Бәдиуззаманның айтқанындай, біреу иығыңызға әдемі шапан жапса, айнаға қарап тұрып «Мен қандай сұлу болып шыға келдім, мендей сұлу бар ма екен» десең, бұл тәкаппарлық болады. Ал «Ешқандай жарасымдылық көріп тұрғам жоқ» десеңіз, ол көрсоқырлық болады. Біреуі астамдық болса, біреуі нұқсандық. Бірақ бұл екеуінің ортасы бар: оны тура жол деп атаймыз. Орта жол мынау: «Иә, жарасымдылық байқалады, бірақ ол жарасымдылық шапанмен, матамен байланысты, ендеше жақсылық осы шапанды маған кигізген кісіде» Міне, бұл Алланың жақсылығын айту, қадіріне жету болып табылады.
- Алла тағала сіздерге және достарыңызға көп жақсылық нәсіп етуде. Бұны көрмегенсімеу керек. Бұл өзі маңызды игілік. Әлдекімдер оны тоқтату үшін түрлі айла- шарғыларға баруда. «Бұларды қайтіп таратып жіберсек екен» деуде. Бірақ Алла оларға ондай мүмкіндік бермеді. Алланың қалауымен жұмыстар жалғасып жатыр. Бұны көрмей қоюға болмайды. Бұл өзі Алланың өте маңызды игілігі, жақсылығы. Бірақ марқұм Алвар имамының айтқанындай, «Мен бұған ешқандай да лайық емеспін, Неге маған осынша жақсылық жаууда» деуіміз керек.
- Алланың ұлылығының бір белгісі кішкентай ғана нәрселермен үлкен істер атқаруында. Мына алып физикалық әлемге қараңыздар. Атомдар, электрондар, нейтрондар, протондар, бөлшектер.. одан да ұсақ эфир туралы да айтылады. Мүмкін бұлардан да ұсақ нәрселер бар. Осындай ұсақ нәрселерден алып физикалық әлемді, планеталарды жаратқан. Кішкентай нәрселермен үлкен істерді жасау Алланың ұлылығының ең ірі белгісі. Біз секілді кішкене адамдармен Алла үлкен істер жасап жатқан болса, ол Алланың ұлылығының белгісі.
- Бәдиуззаман да «Өзіміз бәрінен төменбіз, атқарар міндетіміз бәрінен жоғары» деген. Басқа бір тұста «Дінге қызмет еттім деп өркөкіректенбе, Алла кейде бұл дінді күнәһардың қолымен де күшейтеді» деген. Құдай сақтасын, ол кісі әрине өзі жайында солай ойлауы мүмкін. Біздің назарымызда ол кісінің орны әрдайым биікте. Ол кісі тек өзін өте төмен ұстаған. Бірақ жол басшылығы тұрғысынан бізге дәріс ұқтыруда. Небір үлкен жетістіктерге жетулеріңіз мүмкін. Сол кезде де осылай деулеріңіз керек.
«Бұл жерде де сенің атың шықсын, уа, расулалла»
- Мәселенің басқа бір қыры мынау: Адамзат мақтанышының (с.а.с.) көрсеткен бір өресі бар; «Менің атым күн шуағы төгілген батыс пен шығысқа түгел таралады». Бір жағынан сол айтылған істі орындайтын атпал азаматтарға мақсат көрсетуде. Екінші жағынан болашақты болжауда. Рас, бүгінге дейін көп мұсылмандар пайғамбар өнегесін белгілі бір деңгейге дейін дәріптеді. Бірақ Әділетті халифалар болсын, мейлі Аббаситтер, Омядтар, тіпті Османдықтардың қолында да дәл бүгінгідей мүмкіндіктер жоқ еді. Бүгін ол адамдардың қазірге дейін көтеріп келген ауыртпалықтарын көтере алсақ, күн шығатын барлық аймаққа баруға болады деп ойлаймын. Сондықтан біз осыны мұрат тұтуымыз керек. Аляскаға, Грендландияға дейін Расулымыздың атын жеткізу жауапты міндет ретінде бізге жүктелуда.
- Тою білмейтін ынтамен (мүмкін қомағайлыққа осындайда рұқсат етілер) өзіміздің қасиетті дінімізді, ой-пікірлерімізді айтуымыз керек. Бұдан адамдар қандай деңгейге жетеді? Мүмкін кейбіреулер тура сіздердей қалыпқа, енді біреулер Махди, Хади, Омар ибн Абдулазиз деңгейіне, хазірет Әбу Бәкір, Омар, Осман, Али (р.а.) өресіне жетуі мүмкін. Кейбірі дос болар, «сіздерге тиіспейміз», «жақсы кісілерсіздер» деп, өздерінің басқаша ойлау жүйесін сақтап қалар. Ұлты, тілі, түсінігі, философиялары басқаша, бірақ достық, жақтасу, сырттай ұнатуы мүмкін. Ж. Мерич марқұмның айтқанындай, арафтағылар (жұмақ пен тозақ арасы) бір анда қарайды, бір мұнда қарайды, біздің жағдай дұрысталса, біз жаққа өтіп, «қазірше бізді жайымызға қалдырыңдар. Біз екіарадамыз, бірақ бізді басқарыңдар» деуі мүмкін. Бұл да болуы мүмкін. Әркімнің ішкі иммунитет жүйесі әр түрлі. Кейбіреу сәл ғана вирустан мұрттай ұшуы мүмкін. Енді біреулер күшті вирустарға тап болса да ештеңе болмағандай кердең басып кете барады.
- Осындай биік мұрат. Осыны Алланың қолдауымен сонау Марсқа жеткізу, «осында да сенің атың естілсін, уа, расулалла» деу. Барынша осыған жұмылу керек. Мұраттарыңыз осылай асыл болса, амал дәптерлеріңізге сауап толтырасыз. Оны қаншалықты жүзеге асыра аламыз, қай деңгейге дейін оны жүзеге асыра аласыздар. Оны Алла біледі.
- Біздің бар аңсар-арманымыз, ішкі дертіміз осы. Мемлекет билігі емес, патшалық емес, елді жаулап алу емес, мемлекеттің мүмкіндіктерін алып қою емес. Біз бұндайларды баяғыдан-ақ ұнатпайтынбыз.
- жасалған.