Қадіріңді сезіне түстік...
Сенің жарық дүние есігін айқара ашуың арда туған адамзаттың өмірге қайта келуі десе болғандай. Ақ түйенің қарны жарылған сәттен бастап, алыс-жақын барша жұрт Сенің жаһанға жайған нұрың арқылы кем-кетігін түзеп, оң-солын ажырататын болды. Сол арқылы тас шемен талай көңіл дауылдан кейін тымық тартқан теңіздейін жай тапты. Жаннатты және жаннаттағы мәңгілік бақыттың мәнін Сенің Жаратқаннан алған иләһи баяндарың арқылы дұрыс түсініп, «алыстан сермеп, жүректен тербеп» сезінуге қол жеткіздік. Сезініп қана қоймай, інжу боп төгіліп, маржан боп түзілген нұрлы баяндарың арқылы Хақтың мұратын түсіну бақытына кенелдік.
Бүгінде Хақты мадақтап, ұлықтаумен бірге «қауышу»[1] сезімі жүрекке жиған жауһарымызға айналып жатса, осынау ұлы сезімдерді жалындатып, шабыт берген де Сенсің! Кәдімгі жұмыр басты пендеден «кәміл адам» болудың шыңын көрсеткен де Өзіңсің! Рухани дүниемізде иләһи махаббаттың отын жағып, күлін қағып, Аллаһ тағаламен қауышуға деген ғашықтық пен құштарлықтың бақытқа бастар бал дәмін таңдай жібітіп, таттырған да Өзіңсің! Сенің нұрлы шуағыңнан жан дүниесі жібектей есіліп, масатыдай құлпырған талай жанға жаратылыстың тылсымынан сыр шерткен де Өзіңсің! Миллиардтаған жанның құрмет-қошеметіне, ыстық ықыласына бөлендің. Ары таза талай жүректі ақиқаттың кәусар бұлағымен сусындатып, адамзатқа адам деген ардақты атқа лайық болудың жолын көрсеткен де Өзіңсің!
Сенің себепкерлігіңмен руханият пен иләһи махаббатқа талай жанның көзі ашылып, көкірегі оянды. Олар сүйіспеншілік пен ізеттіліктің ақ туын асқақ ұстады. Жан сарайының тереңінен түбі жарғақтанған тұнық судай мөлдіреген иләһи үндеулер төгіліп, рухани қажыр-қайраты қаншама ғасырдан бері адамгер-шілік құндылықтардың жаңылтпас жаршылары болып келді. Олардың жүрекжарды үндеулері мен баяндарынан адамзаттың көпшілігі бұрын-соңды көрмеген – ар-ұжданның қашып тығыла алмайтын, бетін жауып құтыла алмайтын айнасын сезініп, тастай суық, табыттай ауыр рухани ояздықтың құлдық қамытынан құтылды. Иә, Сенің дәнекерлік етуіңмен ой-пікір, сана-сезімі бір-бірінен жер мен көктей алшақ жатқан талай жұрт, тіпті жындар мен періштелердің өзі сартап болған сүрлеуден жасыл жайлауға шыққандай жан дүниесі жай тауып, қиюы кеткен қилы мәселелердің өзіне шешім таба алатындай дәрежеге жетті.
Арайлап атқан ақ таңдай адамзат көгінен туып, көңілдердің төрінен тақ құрған кезден бастап адам баласының «ахсәни-тақуим»[2] тылсымындағы терең мән мен мағынаның сырын ашып берген де Өзіңсің! Жібектей есілген әдептілікті үйреткен де тағы Өзіңсің! Саналыға да, санасызға да түйінді ой тастап, адамның бойында бұғып жатқан бұла таланттың қауызын аршып, адами тереңдігін түйсінуіне даңғыл жол аштың. Сан алуан ой-пікір мен дүниетанымды бір қазанда қайнатып, жалпы адамзаттық ортақ құндылықтарды қалыптастырып, бір тудың астына топтастырдың. Бұрын түрен түспеген соны соқпақпен сахараға із салғандай барша жұрттың өз өре, өз тұғырынан кеп сөз өрбітіп, ақиқатқа шақырдың. Күллі адамзат, тіпті жындар мен рухани болмыстар Сенің нұрлы баяндарыңнан терең мән мен мағына аулап, санадағы қасат қардай қатып, гүлдей семген дүниелердің тоңын жібітіп, рухани дүниесінде серпіліс жасаудың жолын көрсеттің. Байыбына барса да, бармаса да, адамзаттың көп бөлігі Сен әкелген иман ақиқаттары мен адамгершілік құндылықтар арқылы алынбас қамалдай көрінген биіктерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді.
Адамзаттың көгінде түн түнегін тілгілеп, күн боп туғанға дейін жер беті көз аштырмаған қасіреттен ыңырсып, қараңғылыққа көміліп, қапасқа қамалған болатын. Мәңгілік өмір сүрудің бақытын сезіне алмаған-дықтан, талай жұрттың қайғы-мұңнан қабырғасы қайысып, сеңдей сірескен сауалдар таудай төніп, еңсесін езді. Түйдек-түйдек жеткізген нұрлы баяның адам баласының санасын шырмаған, жанын жай таптырмаған сауалдардың түйінін жібек түткендей тарқатып, рухани-материалдық жағдайын қанағаттандырумен қоса, аңсаған армандарына қауышатынын сүйіншілеп, жетім қозыдай маңыраған талай көңілді үміт үйіне бастадың. Адамзаттың үсік шалған үмітін тірілттің. Сарыуайымнан салы суға кеткендердің жүрегінде үміт оты оянып, жаны жұбаныш тапты. Осы бір үкілі үміттің сиқырлы самалы шартарапта шалықтап, көңілдің мұңы сейілді. Өйткені, мәңгіліктің бақытымен сүйіншілеп, иләһи сүйіспеншілікке бөленудің сырбаз сырын аштың. Келмеске кеткендей болған адамгершілік өрісін қайта тапты. Аңсарын тапқан адамзаттың жүрегінде иләһи махаббат пен ғашықтықтың оты лаулай түсті. Қаншама ғасырдан бері қалтарыста қағыс қалып, қанаты қайырылған адамдық қасиеттер қайта жаңғырып, байтақ әлемге байрақ боп желбіреді. Адамзатты жан сарайына үңіліп, адами қадір-қасиеттің байыбына баруға үндедің...
Сенің үміт отын оятатын жүрекжарды үндеулерің сүйіспеншілікке, бақытқа зар болған талай жүректі жадыратты. Нұрлы баяныңның кәусар бұлағына аңқасы кеуіп, аңсары ауған қаншама жанның көр аузындағы көңілі иләһи сезімдермен қайта оянды. Асқақ рухты абзал жандар Хаққа құлшылықтың құштарлығынан оттай жанып, қармағын тереңге тастайтын тың ізденістерге бет бұрып, ақиқат жаршыларының қасиетті жолында жұлдыздай жарқырай бастады.
Әрдайым күшті иман, тас тесетін табандылық, қажымас қайратың арқылы, аспан айналып жерге түссе де, айнымас адал достарыңмен барша адамзатты ізгі-лікке шақырып, ұлы мақсатты ту еттің. Бар ғұмырың адамзатты мәңгілік бақытқа бастайтын хақ жолды көрсету үшін арпалыспен өтті. Осынау ұлы мақсат үшін жарғақ құлағың жастыққа тимей талай қиыншылықты бастан кештің. Шыбын жаныңды шүберекке түйіп, осы жолға барыңды салдың. Солай болуы да керек еді. Өйткені, Саған адамзатты асыл арманына жеткізу секілді аса қастерлі міндет жүктелген-ді. Сонымен қатар, мәңгілікке құштар көңілдерді арғы жағалаудағы арманына жетелейтін иләһи баянның жеткізушісі болдың. Сенің үмбетің үшін соққан жүрек үніңе құлақ түрсек, аңсағаның адамзаттың рухани-материалдық игілігі, көң боп қатқан көңілдің өзін идіретін иләһи сүйіспеншілікке бөлену, қайықтың ескегіндей екі дүниеде дауыл тұрса, ақжал толқынға бой бермей бақытты болу секілді алыс-тан қол бұлғаған асыл армандар еді. Осы қастерлі жолда Сені ешбір кедергі алған бетіңнен қайтара алмады.
Жаратқанның көкейіңе салған үркер жұлдызындай ұлы үндеуің күллі адамзатқа арналды. Адамзат түсініп-білген сайын кәусарыңа бас қойып, өз жан-жүрегіне шипа тапты. Өйткені, айтқандарың адам табиғатымен тамырласып жатты. Сезімтал жүрек, өршіл рух және нұрлы ақылды иіп әкеп бір иірімде тоғыстырып, үн қатуың бейне бір оркестрмен лебіз білдіргенің секілді. Сондықтан да кез келген жан осынау нұрлы баянды көңілдеріне тоқып, оның шалқар айдынында жаратылыстың тылсым сырларына үңілетін. Иә, бізге үміт сыйлаған ұлық хабарың мен көркем мінез-құлқың адам санасынан жоғары иләһи бастаудан құйылып жатты. Десек те, Сенің әкелген хабарың игілігімізге жарата алатындай қарапайымдылығымен және мекен мен уақыт талғамайтын ерекшелігімен жан-дүниемізді баурап алады. Лүп-лүп еткен жүрек секілді жанымызға жақын. Алабұртқан көңілден әл-әзірде атылып шыққан жан сырыңдай жылуын әрдайым сезініп келеміз. Адамдық болмысымызды саңылау қалдырмай баурап, жан-дүниеміздің төріне озып, толғандырып, толқытып келеді. Тамшы боп сіңіп, теңіз боп жайылатын Сенің сиқырлы сазыңа елтіп, сарайымыз ашылды. Бұл тек Сенің қолыңнан ғана келетін, Саған ғана тән парасаттылық еді. Ендеше, Сен теңдесі жоқ тарланбоз дара тұлғасың..!
Сенің бақытқа бастар «баяның» мінез-құлқы сан алуан адамдар мен түрлі мәдени құндылықтардың бар-лығын бір қауызға сыйдырып, бар сүйіспеншілікке идіріп баурап алардай жалпы адамзаттық сипатта еді. Ешбір жанды немесе оның көзқарасына қарап алаламайтын кең өрісті иләһи тәсілмен адамзатқа үндеу тастадың. Үндеу тастап қана қоймай, құшағын ашқандарға құстай ұшып, ыстық ықыласыңмен баурап алдың. Түрлі белгілермен, ишараттармен шектеулі сөздердің мәнін ашып, иләһи баянның терең мән-мағынасын паш еткен де Өзіңсің! Кейінгі ұрпақтарға ғаламның тылсым сырынан сыр шертіп, жұмбақ қақпаларды қақырата сөгіп аштың. Тіптен базбір жандарға осынау қақпаларды айқара ашып, арғы дүниенің тіл жетпес таңғажайыптарымен иманды жандардың көңілдерін көгорай шаттыққа бөледің. Жан сарайымызда жаңғырып тұрған осынау иләһи асылдарды дәуірдің тыныс-тіршілігіне қарай өзге қырынан ұғынған сайын, Сені құрметпен еске аламыз. Жүрек төрінен орын алған нұрлы болмысыңа құрметпен бас иеміз. Өйткені, Сен ең үлкен құрметке лайықсың.
Сен – ұлы Жаратушының күллі ғаламға жасаған теңдессіз тартуысың. Ақылға түрткі салып, түйін тастаған ізгі хабарың Ұлы Жаратушының таудай аманаты еді. Осылай түсінгендер ғана Сені әрдайым жанынан артық жақсы көрді. Өмір бойы сенің жалынды жаршың болды. Әрине, мұндайлар саған деген адалдықтары үшін көз көріп, құлақ естімеген нығметке бөленді.
Алайда қайдан пайда болғаны, тегі белгісіз базбіреулер қадір-қасиетіңді қалтарыста қалдырып, жұт жайлаған жүректеріндегі айкәпір күпірлікпен, қасапшының пышағындай жалаңдаған тілдерімен Сені даттауға кірісті. Сені (жүз мың рет астапыралла) «сауатс...» немесе мәңгілік әлемнен жеткен нұрлы баяныңа «шөл заң...» деп жерден алып, жерге салып, Сені «сол заманның және сол қауымның қажеттілігі еді» деген секілді шындыққа жанаспайтын шатты-бұтты пікірсымақтарын алға тарта бастады. Әдепсіз карикатуралар мен суреттерді жариялап, өшпенділік жайлаған дүниенің отына май құйып, дұшпандықты маздата түсті. Бейпіл ауыз дұшпандардың шабуылымен қатар өз үмбетіңнің ғапылдығы да жанға қатты батты. Ата-бабаларымыздың ерен еңбектеріне ие бола отырып, үмбет ретінде Сені және Сенің баяндарыңды өзгелерге «жетер жеріне жеткізе, жеткен суынан өткізе» түсіндіре де, насихаттай да алмадық. Қазірлері күпірлік пен имансыздық Сенің даңқыңа дақ түсіруге желпінгенін ойлаған сайын, қолдан келер қайран жоқ мүшкіл халімізге қамығып, «Неткен ғапылдықтамыз» деп, қабырғамыз қайысады.
Алайда, рухани тамыры тасты жарып, тереңге бойлаған, ата-бабаларының асқақ рухы қанына дарыған, Сен дегенде шығарға жаны басқа жаңа ұрпақтардың келетініне, үмбетің ерте ме, кеш пе, Сенің сүйіспеншілік пен мейірімге тұнған рухани құндылықтарыңмен қайта оянатынына күмәнім жоқ. Талай жан осы бір үкілі үмітпен жарқын болашақты асыға күтуде...
Сенен кешірім сұраудың өзінен ұяттан жерге кіргендейміз. Алайда мейіріміңнің кеңдігінен қашанда үміт үзген емеспіз. Көңіл көкжиегімізді көрдей қараңғылық тұмшалап, қасіреттен қан жұтсақ та, рухани құндылықтарымыздан біржола айырылып қала жаздаған күндердің өзінде Сенің даңғыл жолыңнан таймауға бел будық. Саған деген адалдығымыз бен уәдеге беріктігімізді паш етуге талпындық. Кем-кетігіміз сайдың тасынан көп. Алайда Сенің даладай дарқан-дығың мен кемшілікті кедергі көрмейтін кешірімің біздің бұл осалдығымыздан, жігерсіздігімізден биік тұратыны сөзсіз.
* Данияның «Jyllands-Fosten» газеті 2004 жылдың 30 қыркүйегінде Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) «террорист» ретінде сипаттап, карикатурамен әжуалаған болатын. Фетхуллаһ Гүленнің «Қадіріңді сезіне түстік» атты бұл мақаласы осы оқиғадан кейін жарық көрген. (Ауд).
[1] Аллаһ тағалаға қауышуға деген құштарлық сезімі
[2] «Ахсәни-тақуим» – Аллаһ тағаланың адам баласын ең тамаша қасиеттермен және қабілетпен жаратқанын білдіретін термин

- жасалған.