Адамзат сүйіспеншілікке мұқтаж
Адамзат уақыт озған сайын жаратылыс негізінен алыстап, адамгершілік қасиеттен қол үзіп барады. Періштелердің өзі тамсана қарайтын таңғажайып тіршілік иесі бүгінгі күні шайтаннан бетер арсыздықтарға бой алдыруда. Сана-сезімін өшпенділік пен қатыгездік жаулап алғандықтан, бір-біріне ойлағаны – тек қастық. Өйткені, махаббат пен сүйіспеншіліктің не екенін ұмытқан. Ақыл-ойын жауыздық пиғыл дендеп алған. Көңіліне жақпағанды қырып-жою, өзіне ұқсамағаны үшін өзгелерге әпербақандық жасау, ой-пікірі бөлек болғаны үшін мүйіздеп, «өзгелер» деп ат қойып, айдар тағып, зорлық-зомбылық көрсету әдепкі әдетке айналды. Адам баласының көпшілігі ақыл-ойымен емес, көрсеқызар көрсоқыр сезімінің жетегінде ғұмыр кешіп жатқаны жасырын емес. Шешімін таппаған талай мәселенің түйінін тарқатудың басқаша жолдарын қарастырып бас қатырғысы келмейді, таптаурын болған үйреншікті жолынан жазбай, талай дүниенің түбіне жетіп, тақырға айналдырудан тайынар емес. Әсіре мүддешілдікке бой ұрған қазіргі дәуірде адамдардың қандай да бір бармақ басты, көз қысты пасық пиғылсыз бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің көңілін табуы ескіліктің сарыны ретінде бағалануы өкінішті...
Адам баласы менмендік пен өзімшілдіктен туған түрлі ой-пікірлер мен мүдделердің қақтығысын бастан өткеруде. Сондықтан болар, өз мүддесі ескерілмесе дереу ақылынан жазып, өзімен келіспегендерге күш көрсету әдетке айналды. Күш көрсете алмаса, қарсыласын қалайда бір тұқыртып қалудың жолын іздеп, аласұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарын қолданып, көңіліне жақпайтындарды жерден алып, көрге салудан, адамдық ар-намысын аяққа таптаудан да тайынбайды.
Әлемнің бүгінгі беталысына қарасаң, бір жақта әлсізге тізесін батырып, өктемдік жүргізгендердің кеудесіне нан піскен кейпін көресің, енді бір жақта бодандықтан бордай тозып, жәбір-жапа шеккендердің жан айқайын естисің. Қаншама жылдан бері адамзаттың едәуір бөлігі әлсіздігінен әділетсіздіктің құрбаны болып, зар илеумен келеді. Мұндай елдерде ақыл-ой мен сана-сезім сал болып, халық өз ұлтының төл құндылықтарынан мүлдем қол үзіп қалған. Қоғам бір-бірін жағадан алып жағаласқандардан көз ашар емес. Зорлық-зомбылық белең алған елдерде түрлі пікірлер мен сенімдегі адамдар арасына іріткі салатын қитұрқы, арандату әрекеттері былайғы жұрттың шырқын бұзып бітті. Қоғамдағы әралуандылықты араздықтың, соғыс-жанжалдың құралына айналдырып алған. Осылайша ұлт тұтастығына сына қағып, сызат түсіріп, халықты жік-жікке бөліп, бір-біріне айдап салуда. Міне, осының салдарынан тағылыққа бара-бар қатыгездік белең алды. Біреулер өзгелерді езіп-жаншып, қан төгіп, әлімжеттік жасаудан қайтар емес, ал енді біреулер қызыл қырғынды қолдан жасап, лаңкестікке салынуда. Барлық жерде адамгершілік аяққа тапталды. Тіптен бұл тұрғыда адам баласы жыртқыш хайуандардан да бетер тағылыққа бой ұруда...
Адам баласының қазіргі беталысына қарасаң, адамдық ар-намыстың нышанын да таба алмай, қабырғаң қайысады. Ар-ұжданның үні аяусыз тұншықтырылды. Адамдардың еркі жауыздықтың құрығына іліккен. Рухани танымның тұғыры болып табылатын сана лас ойлармен, пасық пиғылмен уланған. Сүйіспеншіліктің мөлдір бастауы болып табылатын сезімдер жыланның ордасындай жан түршігерлік күйде. Хақ нұрының айнасындай болған көңіл қарау ниет, қорқау ойдың қапасына айналған. Жат идеологиялар адам баласының жаратылу мақсатын ұмыттырып, жадылап алған.
Өткенге көз салсақ, тарихи үрдістердің белгілі бір жүйемен қайталанып отыратынын және қай заманда болмасын келеңсіздіктер орын алып отырғанын көруге болады. Алайда, дәл қазіргідей жамандықтың ауа жайылып, жүгенсіз кетуі, адам баласының ғасырлар бойғы ізгі құндылықтарының жаппай мансұқталуы, жаһандану мен ақпараттық-технологиялық дамудың әсерімен тарихта бұрын-соңды болмаған ауқымда жүзеге асуда. Күн сайын теледидардан, интернеттен, газет-журналдардан айтуға ауыз бармайтын неше түрлі азғындықтың куәсі болудамыз. Мұндай оқиғалардың қарадай қаптап, қара аспандай төнгені сонша – көзімізді жұмып, құлағымызды жауып, назарымызды алып қашсақ та, бәрібір жүрекке жебедей қадалатын теріс ықпалынан құтыла алмай келеміз. Сана-сезімді улап, рухани дүниемізге жазылмайтын жаралар салуда. Адамгершіліктің аяққа тапталуы салдарынан базбір жандардың қан жылағанын көріп, қосыла жылап, жермен-жексен болған рухани құндылықтарды ойлап қасіреттен қан жұтасың.
Адамдардың қурап төгілген күзгі жапырақтай адамгершіліктен айрылып, рухани құлдырауға ұшыра-ғанын көріп қабырғаң қайысады. Қайда барсаң, көңілді қарадай құлазытатын осындай келеңсіздіктерді Мехмет Акиф Ерсой: «Ел-жұрт рухани жұтқа ұшырады. Отбасының шаңырағы шайқалды. Үмбеттің алға бастар көсемдері қалмады. Көпірлер жермен-жексен болды. Өзен-судың табаны кеуіп, суалды. Жолаушысы жоқ жолдар қаптады. Надандар Аллаһ үшін деп діндес бауырларын қыра бастады. Елді мекендер көшіп кеткен жұрттың, жайпап кеткен жұттың орнындай құлазыған қу медиенге айналып, ауылдар қаңырап, адамдар аңырап қалды. Үйлер үйіндігі айналды. Еңбексіз, бейнетсіз, ішіп-жегеніне мәз тоғышарлардың айы оңынан туып тұр. Ымырт түсе ошақ басында ойға қозғау салып, рухқа азық болатын салиқалы әңгімелер айтылмайтын болды» деп көкейіндегі қайғы-мұңын, зар-запыранын төккен болатын. Иә, біздің де қабырғамызды қайыстырған осынау ащы запыран жан айқайымызға айналып, қолдың қысқалығына қамығып, қасірет шегумен ғана шектелгеніміз өкінішті-ақ!..
Адамзат осынау құрдымға тықсырған тығырықтан шығу үшін ізгілік жаршыларына үлкен үміт артып отыр. Алайда, көп жағдайда өзгелердің қайғы-қасіретін сейілтуге қауқарсыздығымызды, шарасыздығымызды, қолдың қысқалығы мен жігерсіздігімізді ойлап өзегіміз өртенеді. Осыны ойлап, шығар жол іздеген жандар аз да болса арамызда бар. Алайда, олардың өзінің «жал-құйрығы күзеліп», өлмесе де өлімші халде әрі мүмкіндіктері де шектеулі. Бұл шарасыздық Сузидің[1] : «Жаңбыр жаумайтын, жауқазындар жайқалмайтын болды, жағдайымыз дәл осы бейшара күйде қала бере ме? Рақым дариясынан келетін самал мен сәт сайын есетін желдің өзі қасірет шегуде» деген сөзіндегі терең қайғы-мұңымен үндесіп жатқандай...
Замана зарын ойлаған сайын көкейді тескен сан алуан сауалдар мазалай бастайды. Адамзат дәл осылай бір-бірінің бетін тіліп, етін жеумен кете бермек пе? Ел мен елдің, адам мен адамның жағадан алып, жұлқысуы қашанғы жалғаса бермек? Адам баласының бір-бірін шын көңілден жақсы көріп, жүрекпен түсінісуі келмеске кеткені ме? Жәбір-жапа шеккендерге қол ұшын беріп, сүйеніш болу мүлдем ұмытылмақ па? Адамзат бір-біріне құшағын айқара ашқан күндер көзден бұлбұл ұшқаны ма? Қауіпсіз, бейбіт өмір келмеске кетті ме? Дүниенің тағдыры осылайша қандыбалақ қанішерлердің қанжығасында кете бермек пе? Тирандардың дәуірі қашанғы жүрмек? Міне, осындай сұрақтар көңілді күпті етіп, май ішкендей мазамызды алғанда, ішкі дүниеміздің жан айқайын естігендей боламыз: «Жоқ! Бұлай кете беруі мүмкін емес! Бұл дегенің адамзат пен адамгершіліктің ақыры болмақ...».
Ендеше, келіңіздер, жол айрығында тұрған осы бір сәтте тағы да Жүніс Әміре[2] , Мәулана[3] ұстанған жалпы адамзаттық иләһи үндеулерге құлақ асуға, шынайы көңілден «сүйіспеншілік пен бауырластық» жаршысы болуға шақырамын! Адам деген ардақты атқа лайықты болудың қалай болатынын жер-жаһанға үлгі етіп көрсетуге үндеу тастаймын! Өшпенділік пен дұшпандықтан қажыған дүниеде ағымыздан ақтарылып, шынайы түсіністікке қол жеткізу үшін жалған намысты тастауға шақырамын! Жаратушының шексіз рақымдылығын үлгі тұтып, дарқан көңілмен құшағымызды баршаға айқара ашайық! «Көп түкірсе, көл болады» демекші, бірігіп, тізе қосуға шақырамын! Баршамыз Адам атаның балаларымыз. Тамырымызда Адам атаның қаны, рухымызда Ахмедтің[4] ақиқаты бар. Ендеше, шайтанның азғыруына ермей, Жаратушының жер бетіне халифа еткендігін әрі рухани кемелдіктің шыңына шыға алатынымызды паш етіп, жер-жаһанды жаңғыртатын ұран тастайық! Адамдық абыройымызды асқақ ұстайтынымызды періштелерге жар салайық! Келіңіздер, жүрген жолымызды даңғылға айналдырып, бас қосып, қол ұстасып Жаратушыға бет бұрайық!
[1] Сузи (1879-1944) – шын аты Али Өзкан. Түркияның Токат аймағында өмір сүрген белгілі түрік ақыны. Бекташи тариқатының көрнекті өкілдерінің бірі. (Ауд).
[2] Жүніс Әміре (1240-1321) – Түркияда өмір сүрген әйгілі түрік ақыны, тасаууыф (сопылық) ілімінің көрнекті өкілі.
[3] Мәулана Жәләладдин Руми (1207-1273) – танымал мұсылман ғұламасы, ойшыл әрі тасаууыф (сопылық) ілімінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Мәулана қазіргі Ауғанстанның Бәлх қаласында туған. Кейін келе қазіргі Түркияның Кония қаласына қоныстанып, сол жерде көз жұмған. (Ауд).
[4] Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.)

- жасалған.