Даналық тіліндегі ар-намыс
Ар-намыс – адалдықтан, беріктік пен даналықтан иленген бір қамыр. Мұндай қосындыдан тұрғызылған үй ешқашан құлаған емес. Ондай үйлердің құлауы тым сирек кездесетін жағдай.
Ар-намыс – ер жігіттің мәрттігін танытатын сипат. Ар-намыстың аяққа тапталуы мәрт жігіт үшін масқара жағдай, ал оған немқұрайды қараса, ол адамдықтың ең төменгі деңгейіне түскен болып саналады.
Әйелдің ең құрметті және құнды қасиеті – ар-намысының тазалығы. Өз намысы мен отбасының абыройын қорғауға немқұрайды, жауапсыз қараған адамдар ұлттық намысты қорғауда да сондай енжарлық танытары айқын.
Намыс пен құрмет бір емес. Байлық құрмет әкелсе де, ар-намыстың кепілі бола алмайды. Ал кедейлік намысты жоқ ете алмайды.
Ар-намыс – барлық халыққа тән қасиетті ұғым. Ар-намыс үшін ант береді. Асыл қасиеттердің ішінде жүзі алмастай жарқ ете қалатын айрықша қасиет. Ар-намысы жоқ адамдар құрмет пен ізгілік сүйгіш бола қалғанның өзінде, онысы көзбояушылық әрі жалған болып шығады.
Ар-намыс баға жетпес құнды алмас және қаншалықты ұқыпты сақталса, оның құндылығы да соншалықты арта түспек.
Басқалардың намысын өз намысы мен абыройы сияқты қорғамаған адамдарға еш нәрсе аманат етіп тапсырылмайды және оларға сенуге де болмайды...
Жарқанаттардың жарықты жақтырмайтыны сияқты, дінсіздер дінді, надандар ғылымды, дөрекі жандар әдептілікті, ар-намысты білмегендер намысты жақтырмайды.
- жасалған.