Уақыт ұғымы
Құранның ұят саналатыны жайлы хадисінде хазірет Ахмет (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) сөзін ары жалғастырып: «Уақыт пен кеңістік бір-біріне жақындамайынша, қиямет-қайым болмайды»,[1] – дейді.
Хадисте өткен «тәқарруб» сөзі екі нәрсенің бір-біріне жақындауы деген мағынаны білдіреді. Мұнымен Аллаһ елшісі уақыттың салыстырмалы екеніне және сол дәуірде көп уақыт кететін нәрселердің осы заманда өте қысқа мерзімде жасалынатынына ишарат еткен.
Бүгінгі таңда өнеркәсіп пен технологиядағы төңкерістер арқылы, барлық сала шапшаң алға басып, өркендеп жатқанын жасөспірімдер де біледі. Сонымен қатар, жоғарыдағы хадис ара қашықтарды қысқартқан бүгінгі таңның ұшқыр көліктеріне де ишарат етуде. Астрономия мен астрофизика мамандары түсіне алатын бір мәселеге де белгі бар. Жер жүзі уақыт өткен сайын эллипс түріне енуде. Бұл өзгеріс уақыт ұғымына да әсер етеді. Осы хадистен басқа бір мағына өрбітуге болады: Негізінен уақыт ұғымы салыстырмалы болып табылады. Бірақ қайда болмасын, уақыт қашанда уақыт қой. Мысалы, Торпақ шоқ жұлдызына барып, сол жерден қырық миллион жарық жылдамдығындай жерде секундына жүз елу мың шақырым жылдамдықпен жүзген жұлдыздарға көз салсақ, мүлдем басқа уақыт ұғымына куә боламыз. Жарық жылдамдығының жартысындай жылдамдықпен алыстаған жұлдыздардағы бұл өлшем – уақыт өлшемі. Әрқайсысы өз жылдамдығын сақтауда. Одан төмен деңгейдегілер үшін де...
Иә, бір күні адам баласы күн жүйесінің сыртына шығуға мүмкіндік тапса, бәлкім дәл қазіргі заман ұғымы ол жерде түгелдей басқаша сипат алар.
Сырға толы екі ауыз сөзбен келешектегі заман жайындағы түсінгенімізден басқа көптеген заман өлшемдерінің бәріне тұтас Аллаһ елшісі «тәқаррубуз-заман» деген сөзімен ишарат еткен.
Осы ақиқат адамның сөзі болуы мүмкін бе? Заман мен мекенді құдіретті қолымен ұршықтай иірген Ұлы Жаратушыдан басқа осы ақиқатты кім білуі мүмкін? Көз салып, ой жүгіртіп қараңыздаршы! Бұл сөздер «умми» (оқу-жазу білмеген) бір адамның, умми бір дәуірде біле алатын нәрселері ме? Әлбетте, жоқ. Оған барлығын білдірген – Аллаһ. Ол бар болғаны Аллаһ тағаланың білдіргендерін бізге жеткізген.
... Күндер, айлар, жылдар бір-бірін арқалап, ғасыр атты асулардан асуда.
Білім мен технология қарыштап қадам басып, алға жылжуда. Бірақ бәрі де ақыр соңында, өз межесіне жеткенде, Аллаһ елшісінің соған қатысты ғасырлар бұрын айтып кеткен ақиқатына көз жеткізіп, таңданыстарын жасыра алмай, тұла бойларын ток ұрғандай, Хақ пайғамбарды растап: «Сен біз үшін әділдік пен туралықтың дәл өзісің!» – дейді.
[1] Мәжмау’з-Зәуә’ид, 7/324.
- жасалған.