Әйелдің міндеті
Әр адам өз қарамағындағыларға жауапты. Бағып-қағу, көз қырын салу, қадағалау тұрғысынан істеген жақсылығы мен жамандығы амал дәптеріне жазылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Дәл әйел-дер мен балалардың ақысына салғырт қарағанға ашуланғанындай Аллаһ тағала басқа еш нәрсеге қаһар-ланып ашуланбайды. Яғни, әйелдер мен балалардың күйзелісі Аллаһ тағаланың ашуын тудырады» дейді. Әйел өз міндетін атқармай, сауық қуып, балалары бір жақта қалып, жастары шетінен бұзылып жатса, бұл жағдай, Аллаһтың ашуын келтіріп апатын шақырар ма екен деп қорыққан жөн.
Иә, өз еріктерімен күнәға батып, пұшайман күйде алды-артын аңдамай тар соқпаққа түсіп, хайуани сезімдерге бой алдырған ұрпақтың Аллаһтың азабына ұшырары анық. Ендеше, әрбір отағасының басты міндеті, өзінің өмірлік жолдасын «мұсылман, мүмін, мойынсұнған, адал, сабырлы, тақуа, садақа бергіш, ораза ұстағыш, Құран жаттағыш, Аллаһты зікір ететіндерден[1] , салихалылардан[2] » таңдауға тиісті. Мұндай тәлімі мол тәрбиеші мен өмірдің ыстық-суығын бірге бөлісе алатын қимас қосағы бұ дүниедегі және ақыреттегі бақыттың бастауы болатындығы сөзсіз. Иә, екі дүниеге тән ішкі сезіміңді сыртқа ақтарарда жұбайыңыздың да осы ізгі сезімдерді түсіне алатын жан болуы аса маңызды. Сол себепті мұндай шаңырақта өрбіген ұрпақ ізгілікті ту еткен ата-анасының тәрбиесін көріп өседі.
[2] Мүслім, Рада, 59; Сүнән, Ибн Мажә, Никах, 5.
- жасалған.